Байланыс формасы

Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 мамырда № 15099 болып тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті жүргіз қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10492 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 3 сәуірдегі
№ 240 бұйрығымен
бекітілген

Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-31) тармақшасына сәйкес әзірленген және сараптама ұйымдарының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит (бұдан әрі - аудит) – объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестегі немесе сәйкес еместігін анықтау жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

      2) объект - азаматтық қорғау саласында талаптар қойылған және талаптар қойылуға тиісті заңды және жеке тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, құрылымдар, технологиялық жабдықтар, жабдық, агрегаттар және өзге де мүлік;

      3) өрт тәуекелі - өрт қауіптілігінің іске асу мүмкіндігінің және оның адамдарға және материалдық құндылықтарға салдарының сандық сипаттамасы;

      4) өрт қауіпсіздігі талаптары – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнайы жағдайлар;

      5) сараптама ұйымы - өрт қауіпсіздігі саласында аудит қызметін жүзеге асыруға белгіленген тәртіпте аккрредиттелген ұйым;

      6) объектінің өрт қауіптілігі - өрттің туындау және өршу, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі.

      3. Аудит объектінің басшысы мен сараптама ұйымының арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі.

      4. Аудит жүргізу мерзімі шартпен айқындалады, бірақ оны талаптар қол қойған күннен бастап үш айдан аспайды.

      5. Аудит:

      1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдау, оның ішінде:

      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының орындалуын және жобалау құжаттамасының сәйкестігін талдау;

      объектінің, оның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің басшылары мен персоналының даярлығы;

      2) объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы объективті ақпарат алу, өрттің туындау және өршу мүмкіндігін, өрттің қауіпті факторының адамдарға тигізетін әсерін анықтау, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін анықтау үшін объектіні зерттеу, оның ішінде:

      өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің құжаттамалық және нақты сәйкес келуі;

      кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғауға арналған өрт техникасының бар-жоғы және жай-күйі;

      3) объект әкімшілігімен объектіні өрт қауіпсіз күйге келтіру жөнінде консультациялар, ұйым қызметкерлерімен өрт-техникалық минимум және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өрт шыққан жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша нұсқама өткізу;

      4) объектінің өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмеуі туралы қорытынды дайындау іс-шараларын қамтиды.

      6. Аудит нәтижесі бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасалады.

      7. Аудит қорытындысына аудит жүргізген сараптама ұйымының қызметкерлері қол қояды және сараптама ұйымының басшысы бекітеді. Аудит қорытындысы тігілген парақтар санын көрсете отырып, тігіледі және мөр болған жағдайда онымен куәландырылады.

      8. Аудит қорытындысы оны бекіткен күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды.

      9. Қорытынды бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне қорытындының көшірмесін ұсынады.

  Өрт қауіпсіздігі саласындағы
аудит жүргізу қағидаларына
қосымша
нысан

      Бекітемін

      Сараптама ұйымының басшысы _________________

      сараптама ұйымының атауы,

      _________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
қолы, күні, мөр

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2019 № 47 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___ ж. "__"_________ № _______

      ________________________________________________

      (бағалау объектісінің атауы, мекенжайы)

      Қорытынды 5 жұмыс күні ішінде келіп түсті ____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшесі

      Кіріс №_____ күні ____________

      1. Тапсырыс беруші және орындаушы туралы мәліметтер:

      1.1 Тапсырыс беруші туралы мәліметтер

      Тапсырыс берушінің толық және қысқартылған атауы ___________________________

      ________________________________________________________________________________

      тапысырыс беруші ұйымның атауы

      Тұратын жері ______________________________________________________________

      Ұйым басшысы ____________________________________________________________

      1.2. Орындаушы сараптама ұйымы туралы мәліметтер (орындаушының толық және қысқартылған атауы)

      ________________________________________________________________________________

      орындаушы ұйымның атауы

      Тұратын жері______________________________________________________________

      Ұйымның басшысы ________________________________________________________

      Сараптама ұйымы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге

      асыруға аккредиттелген. Аккредиттеу аттестаты № ____ ___ жылғы, _________ жылға дейін жарамды.

      2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізудің негізі.

      Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізудің негізі шарт болып табылады (көшірмесі қоса беріледі).

      3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит объектінің өрт қауіпсіздігі саласындағы

      талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті жүргізуге қатысушы адамдар:

      4.1. Тапсырыс беруші және орындаушы, ұйым, пайдаланылған объекті өкілдерінің

      лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), олардың қатысуымен

      тексеру жүргізілді_______________________________________________________________.

      5. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізілетін объекті.

      Нақты пайдаланылуына сәйкес атауы:

      ________________________________________________________________________________

      ғимарат, құрылыстар, аумақтардың атауы көрсетілсін

      Функционалды өрт қауіптілігінің сыныбы: _____________________________________

      Мекенжайы: _______________________________________________________________

      Құқық түрі: жеке меншік, жалға алу, жедел басқаруда:____________________________

      6. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит негізінде жүргізілген өрт қауіпсіздігі талаптарының айқындалуы.

      Объектіге арналған өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін заңнамалық және

      нормативтік құқықтық актілер тізбесі ________________________________________________

      тізбесі көрсетіледі

      7. Объектінің жалпы техникалық сипаттамасы.

      Кәсіпорын, ұйым мынадай қызмет түрін жүзеге асырады: _________________________

      Ғимарат, үй-жай мыналарға арналған: _________________________________________

      Ғимарат, үй-жай мыналар болып табылады: ____________________________________

      Қабаттылығы: _____________________________________________________________

      Ғимарат іргетасы: __________________________________________________________

      Сыртқы қабырғалары (материалы): ___________________________________________

      Ішкі қабырғалары және бөлу қабырғалары (материалы): __________________________

      Жабыны (түрі, материалы): __________________________________________________

      Сатысы (материалы): _______________________________________________________

      Ғимарат биіктігі: ___________________________________________________________

      Ғимарат, үй-жай ауданы: ____________________________________________________

      Ғимарат көлемі: ____________________________________________________________

      Жарық беру: _______________________________________________________________

      Желдету: __________________________________________________________________

      Жылу беру: ________________________________________________________________

      Объекті қорғалады: _________________________________________________________

      8. Құжаттамалық тексеру

р/с

Құжаттаманың атауы

бар

жоқ

ескертпе

1

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық




2

Қызметкерлердің өрт-техникалық минимум өткендігі туралы куәліктері




3

Өртке қарсы режимді белгілеу туралы бұйрық




4

Объектідегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық




5

Өртке қарсы негізгі, бастапқы, қайталау және нысаналы нұсқамалар тіркеу журналы




6

Өртті анықтаудың және сөндірудің, түтіннен тазарту және адамдарды құлақтандыру (болған кезде) автоматты жүйелерді пайдалануға енгізу актілері




7

Өртті анықтау және сөндіру жүйелерін, түтіннен тазарту және жүйелерін техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу жөніндегі жұмыстардың жоспар-кестесі




8

Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру актілері




9

Жабынның металл өрт сөндіру сатылары мен қоршауларын пайдаланылудың сынау хаттамасы




10

Бастапқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын және техникалық жай-күйін есепке алу журналы




11

Отқа қарсы өңдеудің жай-күйін тексеру хаттамасы




12

Күштік және жарық беру электр жабдықтарын, электр желілерін оқшаулау қарсылығын өлшеу актілері




13

Жерге тұйықтайтын және жерге тұйықтағыш кедергілерді тексеру хаттамасы




      Объектінің өрт қауіптілігін сипаттайтын, қосымша талдау жүргізілген құжаттама,

      сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейі туралы қосымша ақпарат:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Объектіні тексерудің нәтижелері.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың баптарын,

      тармақтарын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жазу:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі

      талаптарының бұзушылық болмаған жағдайда бұзушылықтың болмауы туралы тиісті жазба жүргізіледі.

      10. Обьектінің өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмегендігі

      туралы қорытындылар.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      11. Осы қорытындының қосымша шарттары.

      Қорытынды мынадай:

      тапсырыс беруші кеткен және ауысқан (заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке тұлға);

      осы қорытындыда көрсетілмеген (яғни қайтадан жол берілген) өрт қауіпсіздігі

      талаптарын бұзушылықтар: ғимараттың (құрылыстың) сәулет-құрылыс, көлемдік-жоспарлау

      шешімдері; технологиялық процестер, аумақтар. Сондай-ақ, объектінің немесе оның бөлігінің

      өрт қауіптілігінің (функционалдық мақсатының) сыныбы өзгерген, күрделі жөндеу,

      реконструкциялау, техникалық қайта жарақтау жағдайларында күшін жояды.

      12. Пайдаланылған нормативтік актілер мен құжаттардың, анықтамалық көздер мен

      бастапқы деректердің және басқа да ақпараттың тізбесі:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      13. Қосымша:

      аккредиттеу құжаттары;

      аудит жүргізуге қатысатын адамдардың білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі жұмысты жүргізу шарты;

      қорытындының 8-тармағы бойынша растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Аудит объектісінің (тапсырыс берушінің) өкілдері:

      ___________________ ____________ __________________________________________

      лауазымы            қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      ___________________ ____________ _____________________________________

      лауазымы            қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Аудитті жүргізген сараптама ұйымының өкілдері:

      ___________________ ____________ _____________________________________

      лауазымы            қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      ___________________ ____________ _____________________________________

      лауазымы            қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Тігілген, мөрмен куәландырылған.

      Парақтар ________________________________

      соңғы парақтың артқы бетінде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады