Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 мамырда № 15101 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.11.2023 № 480-НҚ (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Волонтерлік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.11.2023 № 480-НҚ (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде электрондық және қағаз данасын баспа басылымдарында ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық қоғам
Министрі
Н. Ермекбаев

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
_______________ Д. Абаев
2017 жылғы 2 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ А. Мырзахметов
2017 жылғы 6 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_______________ Е. Сағадиев
2017 жылғы 28 ақпан

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_______________ Е. Біртанов
2017 жылғы 7 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2017 жылғы 10 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
_______________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 13 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 17 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_______________ С. Жасұзақов
2017 жылғы 16 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
_______________ Б. Атамқұлов
2017 жылғы 27 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
____________ А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы 24 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
___________ Қ. Әбдірахманов
2017 жылғы 28 наурыз

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы "___" _________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_______________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 24 ақпан

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы 23 ақпан

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
______________ М. Құсайынов
2017 жылғы 15 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрінің
2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 16 бұйрығымен
бекітілген

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.11.2023 № 480-НҚ (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Волонтерлік қызмет туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) волонтер – волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      2) волонтерлер тобы – осы Заңда белгіленген нормалар қолданылатын, волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;

      3) волонтерлік акция – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шара;

      4) волонтерлік бағдарлама (жоба) – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетіле отырып, әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шаралар кешені;

      5) волонтерлік қызмет – өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет;

      6) волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган – волонтерлік қызмет саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) волонтерлік қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер мен ұйымдастырушылар);

      8) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі – волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер мен ұйымдастырушылар, волонтерлік бағдарламалар (жобалар), волонтерлік акциялар, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы мәліметтер қамтылған деректер тізілімі;

      9) волонтерлік қызметті үйлестіруші – волонтерлік бағдарламаны (жобаны) немесе волонтерлік акцияны іске асыруға жауапты не олардың арасынан волонтерлер тобының құрамына кіретін волонтерлер сайлайтын волонтерлік қызметті немесе волонтерлік ұйымды ұйымдастырушы;

      10) волонтерлік қызметті ұйымдастырушы – волонтерлерді өзі дербес не волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар;

      11) волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда);

      12) корпоративтік волонтерлік – ұйым қызметкерлерінің өз ұйымының қолдауымен әртүрлі волонтерлік бағдарламаларға (жобаларға) және волонтерлік акцияларға ерікті ұжымдық қатысуы.

2-тарау. Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу тәртібі

      3. Волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

      4. Тізілімге қосу үшін волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер мен ұйымдастырушылар (бұдан әрі – арыз иесі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде Тізілім мен сауалнамаға қосу туралы арызды volunteer@mki.gov.kz электрондық поштаға жібереді.

      5. Тізілімді жүргізу:

      1) уәкілетті органның арыз иесі туралы мәліметтерді Тізілімге енгізуі;

      2) Тізілімге енгізілетін мәліметтердің өзгерістерін (толықтыруларын) өзектендіру;

      3) Тізілімді уәкілетті органның ресми Интернет-ресурсында орналастыру деп түсініледі.

      6. Тізілімді жүргізуге жауапты қызметкерді уәкілетті органның басшылығы айқындайды. Жауапты қызметкер туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), байланыс деректері) уәкілетті органның Интернет-ресурсында орналастырылады.

      7. Мәліметтер өзгерген жағдайда арыз иесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар өзгерген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде volunteer@mki.gov.kz электрондық поштаға сауалнама ұсынады.

      8. Арыз иесінің қызметі туралы мәліметтерді алған кезде уәкілетті орган оларды толықтығы мен анықтығы тұрғысынан қарайды.

      9. Волонтерлік қызмет туралы мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.

      10. Уәкілетті орган арыз иесі туралы мәліметтер есепке алу Тізіліміне келіп түскен кезде оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Арыз иесі өз қызметі туралы ұсынған мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған кезде уәкілетті орган арыз келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды пысықтауға жібереді. Арыз иесі 3 (үш) жұмыс күні ішінде өз қызметі туралы мәліметтерді пысықтайды және volunteer@mki.gov.kz электрондық поштаға Тізілімге қосу үшін қайта жібереді.

      11. Пысықталған өтінім осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган арыз иесін тіркеуден бас тартады.

      12. Мәліметтерді Тізілімге қосу немесе бас тарту арыз иесіне электрондық поштаға хабарлама арқылы ресімделеді.

      13. Волонтерлік қызметті тоқтату арыз иесінің бастамасы бойынша шешім қабылданған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде volunteer@mki.gov.kz электрондық поштасына еркін нысандағы хабарлама негізінде жүзеге асырылады, бұл туралы Тізілімде белгі жасалады.

  Волонтерлік қызметті есепке алу
тізілімін жүргізу жөніндегі
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі

Волонтер (Т.А.Ә.)

Волонтерлер тобы (басшының Т.А.Ә.)

Волонтерлік ұйым (ұйымның атауы, басшының Т.А.Ә.)

Волонтерлік қызметті үйлестіруші және ұйымдастырушы (Т.А.Ә.)

Байланыс деректері, e-mail, web-сайт (бар болған кезде), қолданылу өңірі

Волонтерлер бағдарламасы (жоба)

Волонтерлер акциясы

Волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды)/волонтерлік акцияларды өткізу орны мен уақыты

Волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды)/волонтерлік акцияларды өткізуге қойылатын талаптар

Волонтерлік қызметті тоқтату туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

* Ескертпе: Т.А.Ә. (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

  Волонтерлік қызметті есепке алу
тізілімін жүргізу жөніндегі
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(Мемлекеттік органның
толық атауы)

Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне қосу туралы арыз _______________________________________________________________________________ (заңды немесе жеке тұлғаның толық Т.А.Ә.)

      Волонтерлік қызметті есепке алу Тізіліміне қосуды сұраймын (волонтер, волонтерлер тобы, волонтерлер ұйымдары, волонтерлер қызметін үйлестіруші және ұйымдастырушы). (қажеттінің астын сызу).

      Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне қосу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын менің дербес мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Анық емес мәліметтер мен қолдан жасалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауаптылық туралы ескертілді.

      Байланыс телефоны __________________________

      Электрондық пошта __________________________

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________

      ____________________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (бар болған кезде)

      Мөр орны (бар болған кезде)

Волонтер сауалнамасы

Т.А.Ә. (бар болған кезде):

Туған жылы:

Тұрғылықты жері:

ЖСН:

Волонтерлік қызметтегі тәжірибесі:

Байланыстың қай түрі сізге ыңғайлы:

Телефон, электрондық пошта, Web-сайт, Instagram, WhatsApp (бар болған кезде)

Волонтерлік қызметті іске асыру туралы ақпарат:

Қазіргі уақытта сіз қатысып жүрген негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз:

1) әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу

2) қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу

3) дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу

4) орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету

5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу

6) қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу

7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу

8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу

9) дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу

10) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу

11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу

12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу

13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз)

Волонтер ретіндегі өз рөліңізді қысқаша сипаттап беріңіз

1) Өз саласында кәсіпқой маман
2) Басшы/көшбасшы
3) Менеджер
4) Жаттықтырушы/оқытушы
5) Логистик
6) Хатшы

Сіздің қолжетімділігіңіз

Сіз үшін волонтерлік қызмет қай уақытта қолайлы?
1) еңбек демалысы/ каникул уақытында
2) мереке күндері
3) жазғы уақытта
4) басқа уақытта

Волонтерлік топтың сауалнамасы

Волонтерлік тобы басшысының Т.А.Ә. (бар болған кезде):

Туған жылы:

Тұрғылықты жері:

ЖСН:

Волонтерлік топ басшысының волонтерлік қызметтегі тәжірибесі:

Волонтерлік топ тізімі (Т.А.Ә. көрсетіңіз (бар болған кезде):

1.

2.

3.

Телефон, электрондық пошта, Web-сайт, Instagram, WhatsApp (бар болған кезде):

Волонтерлік қызметті іске асыру туралы ақпарат:

Қазіргі уақытта волонтерлер тобы қатысатын негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз:

1) әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу

2) қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу

3) дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу

4) орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету

5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу

6) қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу

7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу

8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу

9) дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу

10) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу

11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу

12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу

13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз)

Волонтерлік ұйымның сауалнамасы

Ұйымның атауы:

Тіркеу (қайта тіркеу) күні:

БСН:

Телефон, электрондық пошта, Web-сайт, Instagram, WhatsApp (бар болған кезде)

Ұйым басшысы туралы ақпарат

Ұйым басшысының Т.А.Ә. (бар болған кезде):

Ұйымдағы волонтерлер саны

Ұйымның негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз:

1) әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу

2) қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу

3) дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу

4) орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету

5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу

6) қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу

7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу

8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу

9) дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу

10) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу

11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу

12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу

13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз)

Волонтерлер үйлестірушісінің сауалнамасы

Т.А.Ә. (бар болған кезде):

Туған жылы:

Тұрғылықты жері:

ЖСН:

Волонтерлік қызметтегі жұмыс тәжірибесі:

Волонтерлер үйлестірушісі ретіндегі жұмыс тәжірибесі

Сіз қанша волонтерді үйлестіресіз?

Волонтерлер ұйымдастырушысының сауалнамасы

Т.А.Ә. (бар болған кезде):

Туған жылы:

Тұрғылықты жері:

ЖСН:

Ұйымдастырушы туралы ақпарат (заңды тұлға үшін)

Ұйымның атауы:

Тіркеу (қайта тіркеу) күні:

БСН:

Телефон, электрондық пошта, Web-сайт, Instagram, WhatsApp (бар болған кезде):

Негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз:

1) әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу

2) қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу

3) дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу

4) орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету

5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу

6) қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу

7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу

8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу

9) дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу

10) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу

11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу

12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу

13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз)

Волонтерлік бағдарлама (жоба)

Бағдарламаның (жобаның) атауы

Бағдарламаны (жоба) ұйымдастырушы

Бағдарлама (жоба) мақсаты

Негізгі міндеттер

Бағдарламаны (жобаны) іске асыру әдістері

Күтілетін нәтижелер

Бағдарламаның (жобаның) атаулы тобы

Бағдарламаға (жобаға) қатысушылар саны

Бағдарламаны (жобаны) іске асыру мерзімдері

Бағдарламаны (жобаны) өткізу орны мен уақыты

Бағдарламаны (жобаны) ұйымдастырушылар тарапынан бағдарламаны (жобаны) өткізуге қойылатын талаптар

Волонтерге, волонтерлік топқа, үйлестірушіге ұсынылатын жұмыс

Волонтерлік акция

Акцияның атауы

Акцияны ұйымдастырушы

Акция мақсаты

Негізгі міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Волонтерлік акция бағытталған нысаналы топ

Қатысушы волонтерлер саны

Акцияны өткізу күні мен уақыты

Акцияны өткізу орны

Акцияны ұйымдастырушы тарапынан акцияны өткізуге қойылатын талаптар

Ұзақтылығы/ кезеңділігі

Волонтерге, волонтерлік топқа, үйлестірушіге ұсынылатын жұмыс

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады