"Жүк тасымалдаумен байланысты тасымалдау үдерісін, операцияларды жүзеге асыру, құжаттарды ресімдеу және актілерді жасау, арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізуді жоспарлаудың технологиясы мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 10 желтоқсандағы № 726 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 мамырдағы № 15109 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жүк тасымалдаумен байланысты тасымалдау үдерісін, операцияларды жүзеге асыру, құжаттарды ресімдеу және актілерді жасау, арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізуді жоспарлаудың технологиясы мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 10 желтоқсандағы № 726 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7364 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 5, 19, 23 маусымда және 10, 24, 28 тамызда № 292-297, 330-335, 339-345, 489-494, 546-550, 557-561 (27371, 27409, 27419, 27567, 27623, 27634) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады