"Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 мамырда № 15124 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу, қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мыналар мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын дәл сондай атауы бар және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк беруі;

      2) мазмұны талаптарға сай келмейтін өтініш (өтініште: теле-, радиоарнаның меншік иесі – жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірінің, тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншік иесі – заңды тұлғаның орналасқан жерінің, бизнес сәйкестендіру нөмірінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, меншікті және ретрансляцияланатын хабар таратудың тәуліктік орташа көлемі көрсетілген теле-, радиоарнаның тақырыптық бағытының көрсетілмеуі);

      3) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;

      4) меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;

      5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлiмделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесiнің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш беруі;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) күмәнді екенінің анықталуы;

      7) қызмет алушыға қатысты белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, мемлекеттік корпорация басшысының атына не мынадай: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі;

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мекенжайлары Министрліктің: www.mic.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.goscorp.kz. сайтында орналастырылған.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленбеуі;

      3) қызмет алушыға қатысты теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      4) сотпен сот орындаушысы ұсынымының негізінде мемлекеттік қызмет алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салынуы;

      5) "Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген).

      Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, мемлекеттік корпорация басшысының атына не мынадай: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "14. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мекенжайлары Министрліктің: www.mic.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.goscorp.kz. сайтында орналастырылған.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) ішінде;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мыналар мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      1) өтініштің мазмұны талаптарға сәйкес келмейді (өтініште: теле-, радиоарнаның меншік иесі – жеке тұлға тегінің, атының, әкесі атының (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірінің, тұратын жерінің, теле-, радиоарнаның меншік иесі – заңды тұлғаның орналасқан жерінің, ұйымдық-құқықтық нысанының, теле-, радиобағдарламалардың тілінің (тілдерінің), теле-, радиоарнаның тарату кестесінің, теле-, радиоарнаның тақырыптық бағытының, бас редактордың (редактордың) тегінің, атының, әкесі атының (бар болса), теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайының, теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы міндеттемесінің көрсетілмеуі);

      2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;

      3) шетелдік теле-, радиоарна материалдары конституциялық құрылыстың күштеп өзгертілуін насихаттау немесе үгіттеуден, Қазақстан Республикасы тұтастығын бұзудан, мемлекет қауіпсіздігін бұзудан, соғыс, экстремизм немесе терроризмді насихаттаудан, мейірімсіздік және зорлық-зомбылыққа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық үстемшілікке табынудан, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті тұтатуға бағытталған ақпараттан, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино және бейне өнімнен, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпараттан тұруы;

      4) дін тану сараптамасының нәтижелері бойынша жағымсыз қорытынды болуы;

      5) шетелдік теле-, радиоарна өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болуы;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, мемлекеттік корпорация басшысының атына не мынадай: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мекенжайлары Министрліктің: www.mic.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою, есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      11-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, мемлекеттік корпорация басшысының атына не мынадай: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мекенжайлары Министрліктің: www.mic.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның - www.goscorp.kz. сайтында орналастырылған.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.";

      1-қосымшада:

      жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспасөз
басылымдарын есепке қою,
қайта есепке қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша";

      2-қосымшада:

      жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспасөз
басылымдарын есепке қою,
қайта есепке қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша";

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы комитеті (Ә.Ғ. Қожықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде баспа және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 14 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 24 наурыздағы
№ 104 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
4-қосымша

"Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – 10 (он ) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымның ставкалары мынаны құрайды:

      1) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желелік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiш;

      өзге тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептiк көрсеткiш;

      2) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылым есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептiк көрсеткiш;

      өзге де тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылым құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептiк көрсеткiш.

      Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

      Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүргізіледі.

      8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ға дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушының таңдауы бойынша шұғыл қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушы қалаған жағдайда, электрондық кезек портал арқылы "брондалуы" мүмкін.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға (жеке тұлғасын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда немесе оның нотариалды бекітілген сенімхат бойынша өкіліне) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою үшін алымының бюджетке төленгенін растайтын құжаты.

      Мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды қайта есепке қою үшін (меншiк иесiнің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, меншік иесінің атауының, мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттiк және желілік басылым атауының, сондай-ақ шығу жиілігі және негізгі тақырыптық бағыты мен таралу аумағының өзгеруiне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген түпнұсқасы;

      мерзімді баспасөз басылымына, ақпараттық агенттікке және желілік басылымға меншік құқығының басқа тұлғаға берілгенін растайтын шарттан үзінді көшірме.

      Көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын алу үшін өтiнiшті жоғалу себебін көрсете отырып, ерікіті нысанда ұсынады;

      мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаты.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюз арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы жазбаша қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке тұлғаны растайтын құжат ұсынылған кезде (не оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілін) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы жазбаша қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай мерзім өткен соң жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша екі жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      10. Мыналар мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) бұрын дәл сондай және дәл сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның есепке қойылғаны туралы бұрын берілген куәлік;

      2) мазмұны талаптарға сай келмейтін өтініш (өтініште: меншік иесі атауының және ұйымдық-құқықтық нысанының, сондай-ақ заңды мекенжайының, меншік иесінің бизнес және жеке сәйкестендіру нөмірінің, мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым атауының, тілінің (тілдерінің), болжамды шығу жиілігінің, негізгі тақырыптық бағытының, таралу аумағының, бас редактордың (редактордың) тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), редакцияның мекенжайының көрсетілмеуі);

      3) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою үшін немесе куәліктің телнұсқасын алу үшін алымның төленуі;

      4) меншік иесінің ауысына орай мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті қайта есепке қою туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына, ақпараттық агенттікке немесе желілік басылымға меншік құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;

      5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды есепке қою кезінде өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық емес екенінің анықталуы;

      7) көрсетілетін қызмет алушыға қатысты белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, мемлекеттік корпорация басшысының атына не мынадай: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі, оның қабылданғанын растау (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 8 800 080 7777, 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мекенжайлары Министрліктің: www.mic.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.goscorp.kz. сайтында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mic.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
туралы куәлiк беретін органның
толық атауы
____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою туралы куәлiк беретін орган
басшының тегі, аты және
әкесінің аты)

Өтініш

      Сізден __________________________________________________________________________

      (мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның

      атауы, түрі)

      мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды

      есепке қоюды сұраймын.

      Меншік иесі_____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесі атының (егер бар болғанда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      БСН/ЖСН_______________________________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы________________________________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы

      _______________________________________________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның тілі

      _______________________________________________________________________________

      Шығу жиілігі____________________________________________________________________

      Тақырыптық бағыты______________________________________________________________

      Таралу аумағы___________________________________________________________________

      Редакцияның мекенжайы__________________________________________________________

      Бас редактордың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда)/атауы ________________________

      Мөрдің орны

      (егер бар болғанда)

      ____________________

      (қолы)                              20__ жылғы "___" __________

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
туралы куәлiк беретін органның
толық атауы
____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою туралы куәлiк беретін орган
басшының тегі, аты және
әкесінің аты)

Өтініш

      Сізден __________________________________________________________________________

      (мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымдардың

      атауы, түрі)

      мерзімді баспасөз басылымды, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды

      _____________ байланысты қайта есепке қоюды сұраймын.

      Меншік иесі_____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      БСН/ЖСН_______________________________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы________________________________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы

      ________________________________________________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның

      тілі__________________________________________________

      Шығу жиілігі____________________________________________________________________

      Тақырыптық бағыты______________________________________________________________

      Таралу аумағы___________________________________________________________________

      Редакцияның мекенжайы__________________________________________________________

      Бас редактордың тегі, аты, әкесінің аты (егер болғанда)/атауы ___________________________

      Мөрдің орны

      (егер бар болғанда)

      ____________________

      (қолы)                              20__ жылғы "___" __________

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болғанда)/атауы немесе
ұйымының атауы)
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация

      қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда)                  (қолы)

      Телефоны ______________________________________________________

      Алдым:________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда/атауы (қолы)

      20__ жылғы "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады