"Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 198 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 67 бірлескен бұйрығы және қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 маусымда № 15205 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 147 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 24 бірлескен бұйрығы және қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 147 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 24 бірлескен бұйрығы және қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық және қаулы 01.07.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірінде "Заң" газетінде № 49 (1646) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 611-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы бұйрыққа және қаулыға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі.";

      көрсетілген бұйрықпен және қаулымен бекітілген мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны осы бұйрыққа және қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың және қаулының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты және қаулыны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың және қаулының мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

      4) осы бұйрықтың және қаулының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық және қаулы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялану тиіс.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
_________ Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 29 наурыздағы
№ 198 бұйрығына және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 67 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына және Қазақстан
Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 27 ақпандағы
№ 16 қаулысына
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі

      20 __ жылғы "___" ____________                                          № _____________

      ________________________________________________________________________________

      (банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге

      ________________________________________________________________________________

      асыратын ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)

      ______________________________________________________________________ ұсынылды.

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 17-бабына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы"

      2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, сондай-ақ міндетті

      әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін және (немесе) міндетті

      әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыскерлердің тізімдерін мемлекеттік кірістер

      органына тапсыру туралы ____ жылғы "___"_______ № ____ хабарламаға сәйкес

      (хабарламаны табыс ету күні)

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      ________________________________________________________________________________

      (хабарламаның мазмұны)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің,

      жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың

      тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыру құжатында көрсетілген жағдайда),

      ________________________________________________________________________________

      сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)

      банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008

      жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 611-бабы 2-тармағында

      көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда, барлық шығыс

      операциялары тоқтатыла тұрсын.

      Мөр орны _______________________________________________________________________

      (Мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Осы өкім ______ жылғы "___" _______________ табыс етілді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады