"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 маусымда № 15206 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.11.2019 № 314/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабының 2-тармағына, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 2-тармағына және "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10493 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларында:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10, 11 және 12-жолдармен толықтырылсын:

10.

Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мониторингі

1 объекті

882 242,86

988 112

11.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингісінің жүйесі арқылы "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі

1 торап

162 148,21

181 606

12.

Сервистік бағдарламалық өнімді жасау немесе дамыту жөніндегі жобалауға арналған тапсырманы ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісу

1 қызмет

76 934

86 166

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс және телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларында:

      реттік нөмірі 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Радиосигналдар параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін байқауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, уәкілетті орган байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасына бақылау жүргізген кезде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасын бақылауды жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету

1 қызмет*

385 411 881, 25

431 661 307

2.

Халықаралық электр байланысы одағында Қазақстан Республикасының орбиталық-жиіліктік ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу

1 спутниктік желі

5 256 689,29

5 887 492

      ".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 18.03.2019 № 15/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (Ә.Ғ. Қожықовқа) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрі

      ________________ Б. Атамқұлов

      2017 жылғы "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "__" ___________

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 12 сәуірдегі
№ 133 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 88 бұйрығына
1-қосымша

Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

Р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1.

Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы көрсететін қызметтер

1 қызмет*

18 867 196,43

21 131 260

2.

Куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы көрсететін қызметтер

1 қызмет*

18 434 031,25

20 646 115

3.

"Электрондық үкіметке", мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы көрсететін қызметтер

1 қызмет*

178 367 432,14

199 771 524

4.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы көрсететін қызметтер

1 қызмет*

54 237 993,75

60 746 553

      Ескертпе:

      *Қызметтер электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы уәкілетті органға көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады