Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 86 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 маусымда № 15263 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 1993, 1994 жылдардағы үлгідегі банкноттарды және 1993 жылғы үлгідегі монеталарды (теңгені) алу кезеңінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 29 мамырдағы
№ 86 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 300 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1231 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2000 жылғы 29 тамызда № 211 (22481) жарияланған).

      2. "1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы № 300 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1645 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2001 жылғы 29 қыркүйекте № 220 (22824) жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 300 қаулысына өзгерісті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 29 қыркүйектегі № 378 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1670 тіркелген, 2001 жылғы Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 36-37, 517 - құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады