Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 69 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 маусымда № 15292 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 137 (01.09.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11159 тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:

      1) ай сайын: есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген есептілікті; есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей - осы қаулының 1-тармағының 17) тармақшасында көзделген есептілікті;

      2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей осы қаулының 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген есептілікті ұсынады. Төртінші тоқсан үшін есептілік қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген есептілікті (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке ала отырып) ұсынады.";

      "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесі" 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      әкімшілік деректерді жинауға арналған, "Банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп" 6-қосымшасының нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      әкімшілік деректерді жинауға арналған, "Банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданылатын мәмілелер туралы есеп" 17-қосымшасының нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      _______________ Н.Айдапкелов

      2017 жылғы 25 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 69 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 76 қаулысына
1-қосымша 

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесі

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептілігіне мыналар кіреді:

      1) баланстық шоттардағы резервтері (провизиялары) шегерілген қалдықтар туралы есеп;

      2) шартты активтер мен шартты міндеттемелер туралы есеп;

      3) банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп;

      4) бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп;

      5) банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп;

      6) активтердің және шартты міндеттемелердің, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) құрылымы туралы есеп;

      7) қамтамасыз ету түрі бойынша қарыздар туралы есеп;

      8) қарыздар, оның ішінде жан-жақты көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) мөлшері туралы есеп;

      9) қарыздар, оның ішінде салалар (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша) бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) мөлшері туралы есеп;

      10) Қазақстан Республикасының резидент шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздар, оның ішінде салалар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) мөлшері туралы есеп;

      11) тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп;

      12) "РЕПО", "кері РЕПО" операциялары туралы есеп;

      13) өтеуге дейін қалған төлем мерзімі туралы есеп;

      14) өтелгенге дейін қалған белгіленген активтер мен міндеттемелер үшін, индекстің өзгеруіне дейін құбылмалы активтер мен міндеттемелер үшін төлем мерзімі туралы есеп;

      15) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданылатын мәмілелер туралы есеп.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 69 қаулысына
2-қосымша 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 76 қаулысына
6-қосымша 

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп

      Есепті кезең: 20 __ жылғы "___" __________ жағдай бойынша

      Индексі: ФС_ИКДЮ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Кім ұсынады: Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

__________________________________________

      (банктің атауы)

Заңды тұлғаның атауы

Сатып алу құны (мың теңгемен)

Инвестициялардың баланстық құны

Құнсыздандыру провизиялары (резервтері)

Баланстық шоттар нөмірлері

Акциялардың саны (дана)

1

2

3

4

5

6

7

I

Қаржы ұйымдарына инвестициялардың барлығы






1

Қазақстан Республикасының резиденттері






1.1

екінші деңгейдегі банктер






1.1.1







1.1.n







1.2

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары






1.2.1







1.2.n







1.3

ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары






1.3.1







1.3.n







1.4

бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары






1.4.1







1.4.n







1.5

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы және орталық депозитарий






1.5.1







1.5.n







1.6

айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын еншілес ұйымдар






1.6.1







1.6.n







1.7

өзге қаржы ұйымдары






1.7.1







1.7.n







2

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері






2.1

банктер






2.1.1







2.1.n







2.2

сақтандыру ұйымдары






2.2.1







2.2.n







2.3

зейнетақы қорлары






2.3.1







2.3.n







2.4

бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары






2.4.1







2.4.n







2.5

айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын еншілес ұйымдар






2.5.1







2.5.n







2.6

өзге қаржы ұйымдары






2.6.1







2.6.n







II

Қаржылық емес ұйымдарға инвестициялардың барлығы






3

Банктің кепілдігімен бағалы қағаздар шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының бейрезиденттері- еншілес арнайы ұйымдары






3.1







3.n







4

Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компаниялары






4.1







4.n







5

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес ұйымдар






5.1







5.n







6

Лизинг қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымдар






6.1







6.n







7

Төлем карточкаларымен операциялар бойынша есеп айырысуды қоса алғанда, банк қызметі бойынша есеп айырысудың қатысушылары арасындағы ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимыл етуді қамтамасыз ету қызметін көрсететін ұйымдар






7.1







7.n







8

Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкес келуін куәландыру бойынша, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дәйектілігін растау бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар






8.1







8.n







9

Банктер қауымдастықтары (одақтар)






9.1







9.n







10

Кепілдік ретінде қабылданған акциялары немесе осы ұйымдардың жарғылық капиталдарында қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өтетін заңды тұлғалар






10.1







10.n







11

Кредиттік бюро






11.1







11.n







12

Ислам банкі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асырған кезде - өзге заңды тұлғалар






12.1







12.n







13

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар






13.1







13.n







14

Өзге заңды тұлғалар






14.1







14.n








Инвестициялардың барлығы






      кестенің жалғасы

Банкке тиесілі акциялар санының эмитенттің орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегергенде) акцияларының жалпы санына ара қатынасы немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (пайызбен)

Эмитент акцияларының баланстық құнының немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің банктің меншікті капиталына қатынасы (пайызбен)

Сатып алынған
күні

Үлестік қаржы құралдары

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - заңды тұлғаларының акциялары еркін айналыста жүрген халықаралық қор биржасының атауы




8

9

10

11

12









      Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)

      __________________________________ _________

            тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Бас бухгалтер __________________________________ _______

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Орындаушы: ________________________________________ ______ ______

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       қолы телефон

      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "___" __________

      Мөр орны (бар болса)

      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Банктің, сондай-ақ ислам
банкінің басқа заңды
тұлғалардың капиталына
инвестициялары туралы есеп
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері Нысанды ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда банктің, ислам банкінің еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      6. Нысанның барлық деректері капиталында банк қатысатын заңды тұлғаның қызметінің сипаты бойынша ұсынылады.

      7. 3-бағанда акциялардың (қатысу үлестерінің) барлық пакетінің сатып алу күнгі сатып алу құны көрсетіледі.

      8. 4-бағанда инвестициялардың баланстық құны көрсетіледі. Баланстық құн ретінде қаржы активі ол бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін баланста танылатын сома есептеледі.

      9. 6-бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес баланстық шоттар көрсетіледі.

      10. 9-бағанда эмитент акцияларының баланстық құнының немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің банктің меншікті капиталына қатынасын есептеу үшін, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысына сәйкес есептелген реттелетін меншік капиталы қолданылады.

      11. 10-бағанда эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеу күні көрсетіледі. Өзге мәмілелер бойынша заңнамаға сәйкес меншiк құқығы пайда болған күн (сәт) көрсетіледі.

      12. Резервтер (провизиялар) сомасы абсолюттік мәнде және плюс белгісімен көрсетіледі.

      13. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 69 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 76 қаулысына
17-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған,
сондай-ақ есепті күнге қолданылатын мәмілелер туралы есеп

      Есепті кезең: 20 __ жылғы "___" __________ жағдай бойынша

      Индексі: ФС_МӘМІЛЕЛЕР_ТІЗІЛІМ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Кім ұсынады: Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

      ___________________

      (банк атауы)

1-кесте. Банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ 20__ жылғы "___" _________________қолданыстағы мәмілелер

Атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлға үшін)

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін)

Резиденттің елі

Тұлғаның банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаға жатқызылу белгісі

Операция түрі

Мәміле мақсаты

Шарт №

Шарттың жасалған күні (талаптарын орындау басталған күн)

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Барлығы








      кестенің жалғасы 

Шарттың қолданылуы аяқталған күн (талаптарын орындау аяқталған күн)

Банктің директорлар кеңесінің не акционерлердің жалпы жиналысы (директорлар кеңесі болмаған жағдайда) шешімінің деректемелері

Шарт бойынша мәмілелер сомасы (мың теңгемен)

Валюта түрі

Қамтамасыз ету түрі

Қамтамасыз ету құны
 (мың теңгемен)

Барлығы

оның ішінде резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде қосылатын қамтамасыз ету құны

Күні

Нөмірі

10

11

12

13

14

15

16

17

















      кестенің жалғасы

Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі (жылдық пайызбен)

Есептелген кірістер/шығыстар

Есепті күнге ағымдағы қалдық

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес құрылған провизиялар сомасы

Ескерту

банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғамен банктің пайдасына

банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаның пайдасына

банктің ішкі құжаттарына сәйкес

Сомасы (мың теңге мен)

Баланстық шоттың нөмірі

Сомасы (мың теңгемен)

Баланстық шоттың нөмірі

18

19

20

21

22

23

24

25

26




















      Банктің өзімен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен жасаған, банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғамен банктің әрбір операциясының түрі бойынша мәмілелерінің жалпы сомасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысына сәйкес есептелетін банктің меншікті капиталының мөлшерінен жиынтығында 0,01 пайыздан аспайды, 20__ жылғы "__"_____ жағдай бойынша ________ мың теңгені құрайды.

      20 __ жылғы "__"_____ жағдай бойынша банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлға болып табылатын, сақтандыру ұйымында сақтандырылған банк клиенттері қарыздарының жалпы сомасы ________ мың теңгені құрайды.

      Банк есепті кезеңде банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаларға жеңілдікті талаптар берілмегендігін растайды.

2-кесте. Банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалар тізілімі 

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін)

Атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлға үшін)

Тұлғаның банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаға жатқызылу белгісі



1

2

3

4








      Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)

      __________________________________ _________

            тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       қолы

      Бас бухгалтер __________________________________ _______

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       қолы

      Орындаушы: ________________________________________ ______ _______

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы телефон

      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "___" __________

      Мөр орны (бар болса)

      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Банкпен ерекше қатынаста
байланысқан тұлғалармен
есепті ай ішінде жасалған,
сондай-ақ есепті күнге
қолданылатын мәмілелер
туралы есеп нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен есепті ай ішінде
жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданылатын мәмілелер туралы есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданылатын мәмілелер туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері Нысанды ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен банктің барлық мәмілелері (1-кесте) туралы мәліметтерді, сондай-ақ банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғалардың тізілімін (2-кесте) ашып көрсетеді.

      6. Тұлғаның банкпен ерекше қатынаста байланыстылық белгісі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабымен, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабымен және "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабымен айқындалады.

      7. Тұлғалардың банкпен ерекше қатынаста байланысуының бір немесе бірнеше белгілері болуы мүмкін, осыған байланысты, көрсетілген тізілімді толтыру кезінде барлық белгілер көрсетіледі.

      8. 1-кестеде банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен банктің әрбір операциясының түрі бойынша жасаған сомасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысына сәйкес есептелетін банктің меншікті капиталының мөлшерінен жиынтығында 0,01 пайыздан асатын, онымен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен банктің барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      9. Егер банктің меншікті капиталының теріс мәні болса, 1-кестеде сомасы өзімен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен банк операцияларының әрбір түрі бойынша банк активтерінің мөлшерінен жиынтығында 0,001 пайыздан асатын, онымен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен банктің барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      10. Егер мәміле талаптары қамтамасыз етудің болуын, сыйақы төлеуді немесе резервтерді (провизияларды) есептеуді болжамайтын болса, онда 1-кестенің 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 25-бағандары толтырылмайды.

      11. 1-кестенің 2-бағанында жеке тұлға үшін тегі, аты міндетті түрде, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      12. 1-кестенің 4-бағанында резиденттік елі "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.

      13. 1-кестенің 6-бағанын толтыру үшін операциялардың мынадай түрлері келтірілген:

      1) қарыздар беру;

      2) қарыздар алу;

      3) депозитті орналастыру;

      4) депозитті қабылдау;

      5) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалар шығарған қаржы құралдарын сатып алу;

      6) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалардан бағалы қағаздарды сатып алу (банктің қарсы агентті анықтауына мүмкіндік бермейтін әдістермен ұйымдастырылған нарықта жасалған мәмілелерді қоспағанда);

      7) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаларға бағалы қағаздарды, оның ішінде банктің бағалы қағаздарын сату (банктің қарсы агентті анықтауына мүмкіндік бермейтін әдістермен ұйымдастырылған нарықта жасалған мәмілелерді қоспағанда);

      8) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалардан оларды кері сату талаптарымен бағалы қағаздарды сатып алу (банктің қарсы агентті анықтауына мүмкіндік бермейтін әдістермен ұйымдастырылған нарықта жасалған мәмілелерді қоспағанда);

      9) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаларға оларды кері сатып алу талаптарымен бағалы қағаздарды сату (банктің қарсы агентті анықтауына мүмкіндік бермейтін әдістермен ұйымдастырылған нарықта жасалған мәмілелерді қоспағанда);

      10) туынды қаржы құралдарын сатып алу;

      11) туынды қаржы құралдарын сату;

      12) шетел валютасын сатып алу (спот, форвард);

      13) шетел валютасын сату (спот, форвард);

      14) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғадан қабылданған реттелген борыш;

      15) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаға берілген реттелген борыш;

      16) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғадан мүлікті сатып алу;

      17) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғадан мүлікті кепілге қабылдау;

      18) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаға мүлікті сату;

      19) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалар шығарған қаржы құралдарын кепілге қабылдау;

      20) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаға банктің болашақ талабы;

      21) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаның пайдасына берілген кепілдіктер;

      22) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғадан кепілдіктер қабылдау;

      23) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша банк төлеген сақтандыру сыйлықақылары (жарналары) (сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы көрсетіледі);

      24) банктің банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлға болып табылатын сақтандыру ұйымынан алынған сақтандыру төлемдері;

      25) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаның пайдасына берілген аккредитивтер;

      26) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғадан алынған аккредитивтер;

      27) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғаларға төленген дивидендтер;

      28) банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалардың банкке төленген дивидендтері;

      29) мәмілелердің өзге түрлері (көрсетілуі жоғарыда көзделмеген мәмілелер).

      14. Шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда 1-кестенің "Шарттың қолданылуы аяқталған күн (талаптарын орындау аяқталған күн)" 10-бағанында шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған тиісті күн көрсетіледі, 1-кестенің "Есепті күнге ағымдағы қалдық" 23-бағанында қолданылу мерзімі ұзартылған мәміле шартының қолданылу кезеңіндегі есепті күнге баланстық қалдық сомасы көрсетіледі.

      15. 1-кестенің 13-бағанында мың теңгемен шартта көрсетілген мәміле сомасы көрсетіледі.

      Шарт бойынша шетел валютасындағы мәміле сомасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының 1-тармағында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында көзделген тәртіпте айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.

      16. Қамтамасыз етудің бірнеше түрлері болған жағдайда, 1-кестенің 15-бағанында қамтамасыз етудің барлық түрлері көрсетіледі.

      17. 1-кестенің "Қамтамасыз ету құны (мың теңгемен)" 16-бағанында қамтамасыз етудің кепілдік құны көрсетіледі.

      18. 1-кестенің "Есептелген кірістер/шығыстар" 21-бағанында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес 4 және 5-кластарының тиісті баланстық шоттарында көрсетілген мәміле бойынша есепті күнге жинақталған кірістер/шығыстар көрсетіледі.

      19. 1-кестенің 23-бағанында ағымдағы қалдықтың баланстық құны көрсетіледі, 24-бағанында баланстық құнды есептеген кезде пайдаланылған баланстық шоттардың нөмірлері көрсетіледі.

      20. Егер мәмілені жасау сәтінде тұлға банкпен ерекше қатынас байланысына ие болмаса, 1-кестенің 26-бағанында "тұлға жжжж. аа. кк. бастап банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлға болып табылады" деген ескерту көрсетіледі.

      21. Есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданылатын банкпен ерекше қатынаста байланысқан тұлғалармен мәмілелер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады