Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 15403 болып тіркелді.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2022 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолымен куәландырылған осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2017 жылғы 28 маусымдағы
№ 193 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидалары

Тарау 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Мемлекеттік каталог).

      2. Мемлекеттік каталог Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қорына енгізілген музей заттары және музей коллекцияларының орталықтандырылған мемлекеттік электронды тіркелуін қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі.

      3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Мемлекеттік каталог – Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс;

      2) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі – музей қоры) – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар қорындағы және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтардың жиынтығы;

      3) мәдени құндылықтар – тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар, зайырлы және діни сипаттағы материалдық және материалдық емес құндылықтар.

Тарау 2. Мемлекеттік каталогты жүргізу

      4. Мемлекеттік каталогты осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Ұлттық музей) жүргізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2022 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар (бұдан әрі – музейлер) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін Ұлттық музейге электронды тасымалдағышта (CD диск) тұрақты сақтауға қабылданған музей заттары және музей коллекциялары жөніндегі мәліметтерді Мемлекеттік каталогқа енгізу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.

      6. Осы Қағилардың 5-тармағында көрсетілген мәліметтерде мыналар көрсетіледі:

      1) музей заттары және музей коллекцияларының атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, мерзімі, табылған орны, жазулары немесе суреттері, дайындалған материалы және техникасы, өлшемі, жалпы салмағы (бағалы металдар мен тастардан жасалған жағдайда көрсетіледі);

      2) музей заттары және музей коллекцияларының саны;

      3) музей заттары және музей коллекцияларының шифры;

      4) музей заттары және музей коллекцияларының сақталу жағдайының сипаттамасы (кіші немесе үлкен бүлінулердің болуы немесе болмауы және басқа да өзгерістері көрсетіледі);

      5) музей заттары және музей коллекцияларының құны (ақылы негізде алынған жағдайда көрсетіледі);

      6) музей заттары және музей коллекцияларының 300 (dpi) көлеміндегі фотосуреті;

      7) музей заттары және музей коллекциялары сақталған музейдің атауы.

      7. Ұлттық музей мәліметтер келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде оларды Мемлекеттік каталогқа енгізеді.

      8. Егер осы Қағидалардың 6-тармағында берілген мәліметтер анық емес және (немесе) толық болмаса, Ұлттық музей осы Қағидалардың 5-тармағына көрсетілген мерзімде музейлерге музей заттары және музей коллекциялары туралы қосымша мәліметті хат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттілігін хатпен (еркін нысанда) хабарлайды.

      9. Мемлекеттік каталогтан музей заттары және музей коллекциялары жөніндегі мәліметтің шығарылуы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12822 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығының 21-қосымшасына сәйкес музейлер ұсынылған музей заттары және музей коллекцияларын есептен шығару туралы актісі негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2022 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтердің жойылуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік каталогтың резервтік көшірмесі жасалады.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік музей қоры
каталогын жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогы


п/п

Музей заттары және музей коллекцияларының атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, мерзімі, табылған орны, жазулары немесе суреттері, дайындалған материалы және техникасы, өлшемі, жалпы салмағы (бағалы металдар мен тастардан жасалған жағдайда көрсетіледі)

Музей заттары және музей коллекцияларының саны

Музей заттары және музей коллекцияларының шифры

Музей заттары және музей коллекцияларының сақталу жағдайының сипаттамасы
(кіші немесе үлкен бүлінулердің болуы немесе болмауы және басқа да өзгерістері көрсетіледі)

Музей заттары және музей коллекцияларының құны (ақылы негізде алынған жағдайда көрсетіледі)

Музей заттары және музей коллекцияларының 300 (dpi) көлеміндегі фотосуреті

Музей заттары және музей коллекциялары сақталған музейдің атауы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік музей қоры
каталогын жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогына енгізу үшін ұсынылатын музей заттары және музей коллекциялары жөніндегі мәліметтер


п/п

Музей заттары және музей коллекцияларының атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, мерзімі, табылған орны, жазулары немесе суреттері, дайындалған материалы және техникасы, өлшемі, жалпы салмағы (бағалы металдар мен тастардан жасалған жағдайда көрсетіледі)

Музей заттары және музей коллекцияларының саны

Музей заттары және музей коллекцияларының шифры

Музей заттары және музей коллекцияларының сақталу жағдайының сипаттамасы (кіші немесе үлкен бүлінулердің болуы немесе болмауы және басқа да өзгерістері көрсетіледі)

Музей заттары және музей коллекцияларының құны (ақылы негізде алынған жағдайда көрсетіледі)

Музей заттары және музей коллекцияларының 300 (dpi) көлеміндегі фотосуреті

Музей заттары және музей коллекциялары сақталған музейдің атауы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады