Әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 416 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 тамызда № 15443 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 416 бұйрығымен бекітілді

Әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 57-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және әуе кемесінің бортында мінез-құлық тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;

      2) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;

      3) азаматтық авиацияның әуе кемесінің командирі (бұдан әрі – ӘК командирі) - коммерциялық авиациядағы ұшу тапсырмасына немесе жалпы мақсаттағы авиацияның осыған ұқсас құжатына сәйкес өзіне ұшудың (ұшулардың) қауіпсіз аяқталу жауапкершілігі жүктелген, белгілі бір типтегі әуе кемесін өзі дербес басқаруға рұқсаты бар пилот;

      4) әуе кемесiнiң ұшуы – әуе кемесінің ұшып көтерiлу кезіндегі екпін алудан (тiк ұшып көтерiлген кезде жер немесе су бетiнен ажыраудан) бастап жүру аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдамай босатқанға дейін) немесе тiк қонған кезде жер (су) бетiне жанасқанға дейiн әуе кемесiнiң жер (су) бетiмен және әуе кеңiстiгiнде қозғалуы;

      5) жолаушы – экипаж құрамына кірмейтін және әуемен тасымалдау шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке адам;

      6) кабиналық экипаж мүшесі – қауіпсіздік мүддесіне орай және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын тұлға;

      7) экипаж мүшесі – авиация персоналына жататын, ұшу уақыты ішінде әуе кемесінің бортында белгілі бір міндеттерді орындау үшін тағайындалған тұлға.

      3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының авиакомпанияларының әуе кемесінің бортында ұшу кезінде болатын барлық тұлғаларға міндетті болып табылады.

2-тарау. Әуе кемесінің бортында мінез-құлық тәртібі

      4. Әуе кемесінің бортында жолаушы ретінде болатын тұлғаларға:

      1) экипаж мүшесіне отырғызу талонын тексеруге ұсыну;

      2) қол жүгін және жеке заттарын арнайы белгіленген орындарға орналастырып, отырғызу талонына сәйкес өз орнына орналасу. Багаж қол жүгінің габариттеріне сәйкес келмеген жағдайда, багажды багаж бөлігіне тапсыру қажет;

      3) басқа жолаушылардың немесе экипаж мүшелерінің қозғалысына кедергі жасамау;

      4) әуе кемесі командирінің өкімі бойынша немесе көрсетілген іс-әрекеттерді орындауға міндеттейтін ақпараттық табло қосылған кезде жолаушы креслосының таңу белдіктерін тағуға (ұшудың барлық кезеңінде таңу белдіктерін тағып ұстау ұсынылады);

      5) экипаж мүшесінің нұсқауы бойынша радиоэлектрондық аспаптарды және байланыс құралдарды өшіру, немесе оларды "ұшуда" деген автономды режимге өткізу;

      6) ұшудың соңына дейін тәртіпті және реттілікті ұстану;

      7) әуе кемесі командирінің және экипаждың басқа мүшелерінің талаптарын, сондай-ақ қосылған ақпараттық таблода көрсетілген іс-әрекеттерді сөзсіз орындау қажет.

      5. Әуе кемесінің бортында жолаушы ретінде болатын тұлғаларға:

      1) өзінің қауіпсіздігіне байланысты негіздемелі алаңдаушылық болғанда ұшудан бас тартуы;

      2) егер олардың өміріне, денсаулығына немесе жеке ар-намысына қауіп-қатер туғанда, экипаж мүшелеріне өтінуі және олардан қорғауды талап етуі мүмкін.

      6. Әуе кемесінің бортында жолаушы ретінде болатын тұлғаларға:

      1) ұшақ жүргізу, биікке көтерілу және қону кезінде, өту жолында тұруға және салон бойынша жүруге;

      2) қалған жолаушыларға қолайсыз немесе экипаж мүшелерінің жұмысына кедергі жасайтын жағдайлар жасауға;

      3) экипаж мүшелерінің тиісті нұсқауларынсыз авариялық-құтқару жабдығын пайдалануға;

      4) ұшқыштардың кабинасына кіруге немесе кіруге тырысуға;

      5) әуе кемесінің бортындағы басқа тұлғаларға қатысты сөзбен қорлау, күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру;

      6) әуе кемесінің бортында стандартты қызмет көрсету шеңберінде ұсынылғандарды қоспағанда, бажсыз сауда дүкендерінде сатып алынғанын қоса алғанда, алкогольдік ішімдік ішуге;

      7) экипаж мүшесінің рұқсатынсыз немесе нұсқауынсыз отырғызу талонында көрсетілген орыннан өзге орынға отыруға тыйым салынады.

      7. Әуе кемесінің бортындағы тұлғалар осы Қағидаларды бұзған жағдайда, ӘК командирі, Заңның 57-бабына сәйкес, қауіптің деңгейіне байланысты әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз аяқтауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады