"Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 3 шілдедегі № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 тамызда № 15492 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.05.2020 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5148 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 13 наурыздағы №38 (1264) санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 40-2-тармақпен толықтырылсын:

      "40-2. APTIS, IELTS, TOEFL жүйелерінің бірінен B1-Intermediate, B2-Upper-Intermediate, C1-C2-Advanced деңгейлері бойынша тестілеуден өткендігі туралы сертификат пен дипломның қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін тілдік құзыреттілігіне ие және ағылшын тілінде физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 200 % көлемінде қосымша ақы төлеу жүргізіледі. Қосымша ақы төлеу 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін. 

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      _____________Т. Дүйсенова

      2017 жылғы 12 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 14 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады