Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрғасының 2017 жылғы 25 шілдедегі № 51 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 тамызда № 15535 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 05.06.2023 № 36/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;

      2) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2017 жылғы 25 шілдедегі
№ 51 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция
органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары (бұдан әрі – әскери полиция органдары) өткізетін патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) патруль – бұл бағдарды аралау немесе оның жекелеген учаскелерін тексеру жолымен орындайтын, құрамында екі немесе бірнеше әскери қызметші бар жылжымалы наряд;

      2) патруль жетекшісі – патруль бағытында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – Шекара қызметінің бөлімшелері), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі, Шекара академиясы, әскери қарсы барлау органдары және өзге де Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бөлімшелері (бұдан әрі – ҰҚК әскери құралымдары) әскери қызметшілерінің құқықтық тәртіпті ұстап тұруды қамтамасыз ететін офицерлік құрам қатарынан тағайындалатын әскери полиция органының әскери қызметшісі;

      3) патруль – патруль нарядының құрамында болатын және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен әскери тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді орындау кезінде патруль жетекшісіне бағынатын әскери полиция органының немесе Шекара қызметі бөлімшесінің, ҰҚК әскери құралымдарының әскери қызметшісі;

      4) патрульдеу бағыты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және әскери тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді орындау кезінде патрульдің қозғалысы жүзеге асырылатын белгілі бір аумақ учаскесінің схемасы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Әскери полиция органдары патрульдеуді көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тәртіпті ұстап тұру және Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының аумағында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) әскери тәртіпті сақтауларын бақылау үшін, сондай-ақ әскери объектілердің сақталуын қамтамасыз ету үшін жүргізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Патрульдеу заңдылық, дара басшылық, жариялылық, заң алдында барлығының теңдігі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау принциптерінің негізінде жүзеге асырылады.

      5. Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының басшылығы әскери полиция органдарына патрульдеуді ұйымдастыруға және жүргізуге Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес көмек көрсетеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Әскери полиция органдарының әскери көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында патрульдеу жүргізу тәртібі "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары автокөлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 445/ҚБП бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8841 болып тіркелген).

2-тарау. Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының аумағында және елді мекендерде патрульдеуді ұйымдастыру мен жүргізу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының аумағында патрульдеуді ұйымдастыру әскери полиция органының бастығына жүктеледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Патрульдеу Шекара қызметінің бөлімшелерінде, ҰҚК әскери құралымдарында құқықтық тәртіптің қалыптасқан жағдайына және әскери тәртіптің сақталу деңгейіне сүйене отырып, жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қызмет көрсетілетін гарнизондағы криминогендік жағдайдың және әскери тәртіптің сақталуының жай-күйін талдау негізінде ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 3-іне дейін еркін нысанда патрульдеу жүргізу кестесі жасалады, оны әскери полиция органының бастығы бекітеді.

      Қол қойылғаннан күні патрульдеу жүргізу кестесі патрульдеу жүргізуге қатыстырылатын әскери полиция органының жеке құрамына таныстырылады.

      10. Әскери полиция органының бастығы патрульдеу жүргізуге дейін бір күн бұрын патрульдің құрамын тағайындау туралы бұйрық шығарады және патрульдеу бағытын бекітеді, ол сол күні патруль нарядына түсетін әскери қызметшілерге қол қойғыза отырып таныстырылады.

      Патруль құрамына Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының әскери қызметшілері қосылған жағдайда бағыт аталған бөлімшелердің басшылығымен келісіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Патрульді әскери полиция органының жеке құрамынан тағайындау мүмкін болмаған кезде (сырқаттану, демалыс, қызметтік іссапар) Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының басшылығымен келісім бойынша әскери полиция органы әскери қызметшісінің әскери атағы бойынша тең не болмаса төмен, патруль жетекшісі тағайындайтын офицерлер қосылады.

      Патруль құрамына қосу үшін тиісті әскери қызметшілерді бөлгеннен кейін әскери полиция органының бастығы және Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының бастығымен патрульді тағайындау туралы бірлескен бұйрық шығарады және патрульдеу бағытын бекітеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Патрульдік нарядқа түсер алдында әскери қызметшілер байланыс құралдарын (радиостанция), белгіленген үлгідегі жетондарды, қолдану жағдайы Заңның 12-бабында көзделген арнайы құралдарды (қол кісендер, резина таяқтар) алады.

      13. Әскери полиция органының бастығы патрульдік нарядқа түсетін әскери қызметшілермен нұсқама жүргізеді, ол туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патрульдік нарядқа түсетін жеке құрамға нұсқама жүргізу журналында белгі жасалады.

      14. Нұсқама аяқталғаннан кейін патруль жетекшісіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағыттық парақ беріледі.

      15. Елді мекендердің аумағында патрульдеу жүргізу кезінде әскери полиция органының бастығы Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының басшылығын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша патрульдеу жүргізілетіні, сондай-ақ аталған бөлімшелердің әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған басқа да бұзушылықтар туралы ақпараттандырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Әскери полиция органы патрульдеуді Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының аумағында және аталған бөлімшелер орналасқан елді мекендердің аумағында да жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Патрульдеу бағытына келгеннен кейін патруль жетекшісі байланыс құралдары арқылы патрульдің қызмет өткеру жеріне келгені туралы әскери полиция бастығына баяндайды.

      18. Белгіленген бағыт бойынша патрульдеу айналадағы жағдайды көзбен шолып бақылау арқылы жаяу тәртіпте жүзеге асырылады.

      Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының аумағында патрульдеу уақытында патруль ықтимал әскери тәртіпті бұзушылықтарды және басқа да бұзушылықтарды анықтау үшін әскери қызметшілер мен қызметкерлердің мінез-құлқын бақылайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Патруль өз міндеттерін Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының аумағында, сол сияқты елді мекендерде атқарған кезде әскери қызметшілер мен қызметкерлер құқық бұзушылықтар жасаған және әскери тәртіпті бұзған кезде олардың құжаттарын тексеру үшін тоқтатады және құқық бұзушылықты тоқтатуды қамтамасыз ететін және әскери тәртіпті бұзуды жоятын шаралар қолданады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Әскери тәртіпті және әскери қызметті өткеру мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бұзушылықтар анықталған кезде патруль оларды жасау себебі мен жағдайын анықтайды.

      Егер анықталған бұзушылық жоюға жатса, патруль жетекшісі не болмаса патруль ҰҚК ШҚ әскери қызметшісінен тез арада жоюға шара қолдануын сұрайды.

      21. Бұзушылықты жою мүмкіндігі болмаған жағдайда патруль жетекшісі не болмаса патруль әскери қызметшіге жұмыс күні ішінде жіберілген бұзушылыққа қатысты түсініктеме беру үшін әскери полиция органына келу қажеттігін түсіндіреді.

      Бұзушылық фактісі туралы ақпаратты патруль жетекшісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған әскери тәртіпті бұзушылықтар карточкасына енгізеді.

      Жоғарыда көрсетілген факт туралы патруль жетекшісі Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының басшылығын бұзушылыққа жол берген әскери қызметшінің әскери полиция органына уақтылы келуін қамтамасыз ету үшін тез арада хабарлайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Елді мекендерде қызмет өткеру кезінде патрульдік наряд әскери тәртіптің және әскери командалардың (саппен жүретін әскери қызметшілер тобының) және жекелеген әскери қызметшілердің бөлімшелерден тыс жерлерде болған уақытта мерзім бойынша белгіленген киім нысанын сақтауын бақылайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының әскери қызметшісі не болмаса қызметкері психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну нәтижесінде мүмкін болу масаңдық белгілермен және масаңдық күйінде ұсталған кезде патруль жетекшісі анықталған факт туралы әскери полиция органының бастығына дереу баяндайды, ол құқық бұзушылық анықталған жерге әскери полиция бөлімшесінің әскери қызметшілерін жіберу бойынша шара қабылдайды.

      Әскери полиция органының әскери қызметшісі келгеннен кейін патруль жетекшісі медициналық куәландырудан және тексеру іс-шараларын өткізу үшін ұсталған адамды оған береді.

      Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының аумағында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну нәтижесінде масаңдық күйде және масаңдық күйде әскери қызметшіні ұстаған жағдайда патруль жетекшісі осы факт туралы әскери қызметшінің басшылығына хабарлайды.

      Әскери қызметшінің қызмет уақытында бөлімше аумағынан тыс жерлерде (елді мекен аумағында) мас күйінде болу фактісі анықталған жағдайда әскери полиция органының бастығы хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады.

      Әскери қызметшілер мен қызметкерлер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда патруль олардың алдын алуға және кейіннен оларды жасау туралы әскери полиция органының бастығына баяндауға шаралар қолданады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Әскери полиция органының бастығы әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақпаратты алған кезде ол жасалған жерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті әскери полиция органының әскери қызметшісін жібереді.

      25. Аталған әскери полиция органының әскери қызметшісі келген соң патруль жетекшісі анықталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы еркін нысанда баянат жазады, оны келген әскери полиция органының әскери қызметшісіне құқық бұзушымен бірге одан әрі қарастыру және әкімшілік іс жүргізуді құжаттау үшін береді.

      26. Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының әскер қызметшілері не болмаса қызметкерлері елді мекен аумағында (қоғамдық орындарда, әуежайларда, теміржол вокзалдарында немесе басқа да адам көп жиналатын жерлерде) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде патруль олардың жолын кесу және Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының және әскери полиция органының басшылығына хабарлау бойынша шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде патруль олардың алдын алу және оларды жасаған адамдарды ұстау бойынша шаралар қабылдайды.

      Патрульдік нарядтың талаптарына бағынбаған не болмаса оны ұстау кезінде әскери қызметші тарапынан қарсылық көрсетілген жағдайда патруль Заңның 12-бабына сәйкес оған дене күшін және арнайы құралдарды қолданады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Қылмыс жасалған орынға келгеннен кейін құқық қорғау органдарының анықтаушылары не болмаса тергеушілері ұсталған адамдар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін оларға беріледі.

      29. Патруль құрамы құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін оқиға болған орынды күзетуді қамтамасыз етеді.

      30. Елді мекен аумағында патрульдеу уақытында Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының әскери қызметшілері не болмаса қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы ақпарат алынған кезде аталған адамдардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу және оларды ұстау бойынша шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Тергеу тобы (тергеуші не болмаса анықтаушы) келген кезде паруль жетекшісі (патруль) оған қылмысқа қатысты белгілі болған мәліметтерді, қабылданған шараларды баяндайды және қажет болған кезде тергеу әрекеттерін жүргізуге көмек көрсетеді.

      Ұсталған адамдарды тергеу тобына (тергеуші не болмаса анықтаушы) беріп, оларға жасалған қылмыс туралы қажетті ақпаратты жеткізгеннен және тергеу әрекеттерін жүргізуге көмек көрсеткеннен кейін патруль наряды өз бағытында қызмет өткеруді жалғастырады.

      32. Патрульдеу аяқталған соң патруль жетекшісі қызмет өткеру нәтижелері туралы әскери полиция органының бастығына баянатпен баяндайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
әскери полиция органдарының
патрульдеуді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

_____________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
әскери полиция органының атауы)
Нұсқама жүргізудің
№_____ ЖУРНАЛЫ
№____ том

      20__ж. "__"_____ басталды
      20___ж. "__"_____ аяқталды
      ______парақта
      ____томдарда
      Тізбе бойынша сақтау мерзімі – "__" жыл

      Сыртқы жағы

Р/с№

Нұсқама жүргізу күні

Міндеттерді аяқтау

Басқа да құқық қорғау органдарының бөлімшелерімен байланыс жасау тәсілдері

Қызмет өткеру ерекшеліктері

Ескертпе







  Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің әскери
полиция органдарының
патрульдеуді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Патрульдеудің бағыт парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы патрульдеудің бағыт парағы ҰҚК әскери полиция органының патрульдік нарядына берілді, оның құрамында: _______________________________, ҰҚК әскери полиция органы бастығының 20___ жылғы "__" _________ №____ бұйрығының негізінде ______________________ мекенжайы бойынша ______ Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының аумағында 20___ жылғы "___" __________ сағат ___-ден _____ дейінгі кезеңде патрульдеуді жүзеге асырады.

      ҰҚК әскери полиция органының бастығы

      _____________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20 ____ ж. "___" _________ М. О.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

Анықталған әскери тәртіпті бұзушылықтар К А Р Т О Ч К А С Ы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___ж. "____" __________

Р/с №

Ұстау уақыты, күні

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Шекара қызметінің бөлімшесі, ҰҚК әскери құралымдары, мекенжайы

Құқық бұзушылықтың түрі

Қабылданған шаралар








      Патруль жетекшісі

      ________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20 __ ж. "_____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады