Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 11-1-2/368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 тамызда № 15601 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 16.05.2022 № 11-1-4/210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сирек кездесетін шет тілдер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Кадрлар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет - ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Жауапты хатшысы А.Б.Қарашевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Әбдірахманов

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 11-1-2/368 бұйрығымен
бекітілген

Сирек кездесетін шет тілдер тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 16.05.2022 № 11-1-4/210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Амхар

      2. Бахаса

      3. Вьетнам

      4. Грек

      5. Дари

      6. Жапон

      7. Иврит

      8. Итальян

      9. Корей

      10. Мажар

      11. Моңғол

      12. Парсы

      13. Португал

      14. Пушту

      15. Румын

      16. Урду

      17. Хинди

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады