"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 53 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 қыркүйекте № 15615 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамыздағы № 151 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары бекітілсін";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларында:

      Қағидалардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының (бұдан әрі – ӘПО) гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әзірленген және күдіктілер мен айыпталушыларды ӘПО гауптвахталарында ұстаудың ішкі тәртібінің ережесін белгілейді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Гауптвахтада:

      1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген орган ұстаған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері – жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге;

      2) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген мерзімге сот санкциялаған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдіктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері";

      3) Кодексте белгіленген мерзімге сот санкциялаған күзетпен ұстау бұлтарпау шарасы қолданылған қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері ұсталады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жаңадан келген күдікті немесе айыпталушы әскери қызметшілерді қарап-тексеру Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – Жарғы) талаптарына және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193 Кодексіне сәйкес жүргізіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Гауптвахтада ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар жалғыз адамдық камераларға бір тәуліктен астам мерзімге "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес гауптвахта бастығының күдіктіні (айыпталушыны) жалғыз адамдық камераға көшіру туралы прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша орналастырылады.

      Мынадай жағдайларда күдіктілер мен айыпталушыларды жалғыз адамдық камераға орналастыруға прокурордың санкциясы талап етілмейді:

      1) осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған кезде;

      2) күдіктінің немесе айыпталушының не басқа да күдіктілердің немесе айыпталушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;

      3) күдіктінің немесе айыпталушының жеке ұстау туралы жазбаша арызы болған кезде;

      4) күдіктілер немесе айыпталушылар күндіз жалпы камераларда ұсталса, түнгі уақытта жалғыз адамдық камераларға орналастыру кезінде.";

      18. Күдіктілер мен айыпталушылар:

      1) басқа күдіктілерге немесе айыпталушыларға қысымшылық және жәбір көрсеткен;

      2) гауптвахтаның кезекші ауысымының және ӘПО басқа да лауазымды тұлғаларының заңды талаптарына бағынбаған;

      3) алкогольдік ішімдіктерді сақтаған, дайындаған және ішкен;

      4) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтаған, дайындаған және пайдаланған;

      5) құмар ойындарға қатысқан жағдайларда тәртіптік изоляторға жабылуы мүмкін.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер немесе айыпталушылар:

      1) жататын орынмен;

      2) ұйықтауға арналған төсек қажеттіліктерімен: матрацпен, жастықпен, көрпемен, екі ақжаймамен, екі жастықтыспен, екі сүлгімен. Сондай-ақ әйел жынысты адамдарға гигиеналық сүлгі беріледі;

      3) ас қабылдау уақытына асханалық ыдыспен және асханалық жабдықтармен: кесемен, үлкен кесемен, қасықпен;

      4) жалпыәскери жарғылармен, көркем кітаптармен, журналдармен және мерзімдік басылымдармен;

      5) туалет керек-жарақтарымен және жеке гигиена заттарымен қамтамасыз етіледі.

      Гауптвахтада ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар асты камераларда немесе гауптвахтаның жанындағы асханада ішеді. Жалғыз адамдық камераларда ұсталатын әскери қызметшілер камераларда тамақтанады.

      Барлық камералар түнгі уақытта кезекші жарықпен қамтылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Күдіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 38/ҚБП бұйрығымен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтау нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11435 болып тіркелген) сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.

      Оларды тамақтандыруға қабылдау азық-түлік аттестаты бойынша жүргізіледі.

      Азық-түлік аттестаты жоқ күдіктілер мен айыпталушылар гауптвахта балансында тұрған әскери бөлім командирінің бұйрығынан үзінді бойынша жабдықталымға қабылданады.

      Гауптвахтада ұсталып отырған жүкті әйелдер жоғары тамақтану нормаларымен қамтамасыз етіледі.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Күдіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар минстрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) көзделген нормалардан аспайтын салмақтағы сауқаттар, сәлемдемелер санын шектеусіз алады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Келіп түскен хатты беруді гауптвахта ауысымының бастығы хат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Күдіктінің немесе айыпталушының атына гауптвахтадан босатылғаннан кейін келіп түскен хаттар оларды алғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей оның кеткен жеріне жіберіледі.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудің өзге де мәселелері Жарғы және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193 Кодексіне сәйкес реттеледі.";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты көтермелеу және жазалау шаралары, сондай-ақ оларды қолдану тәртібі Заңның 36, 37, 38 және 39-баптарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібін бұзғаны, сондай-ақ міндеттерді орындамағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларға мынадай жазалау шаралары қолданылады:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) тәртіптік изоляторға он бес тәулікке дейінгі мерзімге жабу.";

      101-103-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Күдікті және айыпталушы гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бұзған кезде осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, гауптвахта бастығы немесе оның орнын алмастырушы адам күдіктіге және айыпталушыға ескерту түріндегі жаза қолданады.";

      102. Күдікті мен айыпталушы гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын қайталап бұзған кезде осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2) 3) 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, гауптвахта бастығы немесе оның орнын алмастырушы адам күдіктіге және айыпталушыға сөгіс түріндегі жаза қолданады.";

      103. Гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртібін бұзғаны үшін сөгіс түрінде және екі және одан да көп рет берілген жазасы бар күдіктілер мен айыпталушыларға, сондай-ақ осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда гауптвахта бастығы не болмаса оның орнын алмастырушы адам тәртіптік изоляторға жабу түріндегі жаза қолданады. Аталған жазалау шарасы жүкті әйелдерге және емізулі балалары бар әйелдерге қолданылмайды.";

      105 және 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Тәртіптік изоляторға жабу ӘПО бастығы бекіткен гауптвахта бастығының не болмаса оның орнын алмастырушы адамның қаулысының және күдіктіні немесе айыпталушыны тәртіптік изоляторда ұстау мүмкіндігі туралы медицина қызметкері қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.";

      106. Барлық жазалар мен көтермелеулерді гауптвахта бастығы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді және айыпталушыларды жазалау мен көтермелеуді есепке алу кітабына тіркейді.";

      қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 1-қосымша";

      қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 2-қосымша";

      қағидаларға 3-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 3-қосымша";

      қағидаларға 4-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 4-қосымша";

      қағидаларға 5-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 5-қосымша";

      қағидаларға 6-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 6-қосымша";

      қағидаларға 7-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 7-қосымша";

      қағидаларға 8-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 8-қосымша";

      қағидаларға 9-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 9-қосымша";

      қағидаларға 10-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 10-қосымша";

      қағидаларға 11-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 11-қосымша";

      қағидаларға 12-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 12-қосымша";

      қағидаларға 13-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 13-қосымша";

      қағидаларға 14-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына 14-қосымша";

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми түрде жариялауға жіберуді;

      3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады