Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келсімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 431 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте № 15631 болып тіркелді.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 431 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құнының мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу тәртібін белгілейді.

      2. Ақшалай өтемақы төлеу әскери қызметшілердің тамақтануына арналған шығыстарды өтеу мақсатында жүргізіледі. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 7-тармағына сәйкес оларды тамақтандыру мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.

      Әскери жүкті күзету және алып жүру бойынша әскери эшелон, қарауыл құрамында қабылдау орнына дейін және кері қарай жол жүрген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт бойынша әскери қызметші қызметтік іссапарда болған жағдайда үлес орнына ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 17.11.2020 № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ақшалай өтемақыны төлеу мемлекет органды ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      4. Тамақтандыруды ұйымдастыру жүзеге жүргізілмейтін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) және мекемелерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы Тылы бас басқармасының азық-түлікпен қамтамасыз ету басқармасы қалыптастырады.

      Тізбені Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік бойынша орынбасары бекітеді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелеріне ақшалай өтемақы төлейтін жылдың алдындағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей жіберіледі.

      5. Ақшалай өтемақыны төлеу келісімшарт бойынша әскери қызметші қызмет өткеретін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Бұйрықта әрбір келісімшарт бойынша әскери қызметшіге бір айлық ақшалай өтемақы сомасы көрсетіледі.

      6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін келісімшарт бойынша әскери қызметші (ол болмаған жағдайда – тиісті бөлімше командирі) есепті айдан кейінгі айдың 1-нен бастап 5-іне дейінгі күндері мемлекеттік мекеменің басшысы атына заңнамада оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиесілілік көзделген жағдайларда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін орындауын растайтын баянатты береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 17.11.2020 № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Өтемақыны төлеу әскери қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда ақшалай үлес төлеумен бірге жүргізіледі.

      8. Өтемақы алушылардың банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған ағымдық шоттарына, әскери қызмет өткеру орны бойынша аударылады.

      9. Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бір мемлекеттік мекемеден басқасына қызмет бабына ауысуы кезінде жаңа әскери қызметін өткеру орнына кеткен айда өтемақы төлеу бұрынғы әскери қызметін өткерген орны бойынша жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің келісімшарт бойынша
әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік
үлестерінің белгіленген нормалары
бойынша тамақтандыруды қамтамасыз
етуге мүмкін болмаған кезде
жалпы әскери үлес құны мөлшерінде
ақшалай өтемақы төлеу қағидаларына
Қосымша
  Форма

Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмейтін Қарулы Күштері бөлімдерінің (бөлімшелерінің) және мекемелерінің тізбесі

р/с№

Әскери бөлім/мекеме атауы

Бөлімше атауы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады