Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15636 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 22-бабының 2-тармағының 26-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы әскерлер бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 423 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (бұдан әрі – Қарулы Күштер) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты әскерлер қызметінен қоршаған ортаға теріс әсер етуді төмендету және Қарулы Күштердің жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын қолайсыз экологиялық факторлардан қорғау болып табылады.

      3. Қарулы Күштердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:

      1) экологиялық заңнаманың талаптарын сақтау;

      2) әскерлерді жауынгерлік даярлау, Қарулы Күштердің қару-жарағы мен әскери техникасын және инфрақұрылым объектілерін пайдалану кезінде күнделікті қызметте, олардың құрылысын, реконструкциялауды қоса алғанда, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) құжаттарды жүргізумен (бақылау нәтижелерін) әскерлер орналасқан және жауынгерлік даярлық аудандарында қоршаған ортаның жай-күйін тиісті түрде ведомстволық бақылау;

      4) Қарулы Күштер қызметінен қоршаған ортаны қорғау және жеке құрамның денсаулығы мен жауынгерлік қабілетін қолайсыз экологиялық факторлар ықпал еткен кезде қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      5) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жан-жақты қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық іс-шараларды қамтамасыз ету;

      6) "жасыл" технологияларды енгізу;

      7) Қарулы Күштердің экологиялық қауіпсіздігін негізгі қамтамасыз ету бағыттарын ғылыми тұрғыдан негіздеу;

      8) Қарулы Күштер жеке құрамының біліктілігін арттыру, экологиялық оқытып-үйрету және тәрбиелеу болып табылады.

      4. Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар:

      1) жалпы бағыттағы:

      ластаушы заттардың барлық көздеріне түгендеу жүргізу;

      өндірістік объектілердің санитариялық жіктелуіне орай қауіптілік сыныбына сәйкес әскери бөлімнің (мекеменің) санатын нақтылау;

      қоршаған ортаны қорғау шығындарын қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспапрлау;

      міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі іс-шараларды нақтылау;

      алынған экологиялық рұқсаттың шарттарын орындау;

      өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында көзделген іс-шараларды іске асыру, ол бойынша есептілікті жүргізу;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру;

      қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді жүзеге асыру;

      2) атмосфералық ауаны қорғау саласында:

      атмосфералық ауаны қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау;

      атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларына экологиялық рұқсатты ресімдеу (бар болуы), ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерін сақтау;

      атмосфералық ауаға зиянды шығарындыларды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, ластаушы заттарды ұстау, тазарту және бейтараптандыруға арналған жабдықты орнату;

      газдан тазарту және тозаңды жинау қондырғылары жұмысының тиімділігін бақылау;

      жауынгерлік және басқа да техника пайдаланылған газдарының уыттылығын төмендету жөнінде шаралар қабылдау, техника қозғалтқыштарының ақаусыздығын уақтылы бақылау;

      ластаушы заттарды атмосфералық ауаға шығарындылары бойынша есепке алу және оның есептілігі;

      3) су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану саласында:

      су ресурстарын қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын орындау;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақапандағы № 163 бұйрығымен (№ 10658 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген) бекітілген елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қолдану қағидаларына сәйкес елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қолдану қағидаларын сақтау;

      сумен жабдықтау және су бұру желілерін, тазарту құрылғыларын, сарқынды су жинайтын резервуарларды, су объектілерінің судан қорғау аймақтарын (жолақтарын) орнату және тиісті жай-күйде ұстау;

      суды пайдалануды қысқарту және оның ластануын төмендету мақсатында технологиялық желілерді, өндірістік учаскелерді жаңғырту;

      айналма сумен жабдықтау және суды бұру жүйесін құру және оны пайдалану;

      жанар-жағар май материалдарының базалары мен қоймаларын, құрамында мұнай бар сарқынды сұларды жинау және алдын ала тазарту үшін техника парктерін және өзге де объектілерді жабдықтау;

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында экологиялық талаптарды сақтау;

      су ресурстарын пайдалану және сарқынды суларды бұру бойынша есепке алу және оның есептілігі;

      4) жерді қорғау және оны ұтымды пайдалану саласында:

      жер ресурстарын қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау;

      жерлерді сарқынды сулармен, өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен және өзге де уытты заттармен ластаудан сақтау;

      санитариялық-қорғау аймақтарын (жолақтарын) тиісті түрде сақтау және ұстау;

      жерді қалпына келтіру, яғни топырақ қабатының бұзылуына әкеп соқтырған оқу-жаттығуларды, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды, құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды аяқтау бойынша топырақтың беткі және/немесе топырақтың құнарлы қабатының тұтастығын қалпына келтіру;

      әскери қалашықтар аумағының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтау және ұстау, тұтыну қалдықтарын уақытша сақтау орындарын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру;

      белгіленбеген орындарда стихиялы қалдықтар үйінділерінің пайда болуын болдырмау;

      5) өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу саласында:

      қауіпті қалдықтарды қауіпсіз сақтауды ұйымдастыру;

      әртүрлі қауіпті қалдықтар түрлерін оларды жинау және уақытша сақтау кезінде араласуына жол бермеу;

      коммуналдық қалдықтарды уақтылы шығару;

      қауіпті қалдықтарды паспорттау;

      қауіпті және коммуналдық (қауіпті емес) қалдықтар бойынша есепке алу және оның есептілігі;

      орман ресурстарын, өсімдік және жануарлар әлемінің объектілерін қорғау және ұтымды пайдалану саласында:

      Қазақстан Республикасының орман заңнамасының талаптарын сақтау;

      мемлекеттік және жеке меншік орман қорларының объектілеріне (ағаш, тал және өзге де екпелер) санкцияланбаған ықпал етуіне (сарқылу, шабу, құлдилау), сондай-ақ орман қорының объектілеріне бөлінген осындай ықпал етуіне жол бермеу;

      әскери қалашықтар мен әскери бөлімдердің (мекемелердің) аумақтарын көгалдандыру және көркейту;

      жауынгерлік даярлық бойынша оқу-жаттығуларды, сабақтарды, құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүрізу кезінде өсімдік және жануарлар әлемінің объектілеріне теріс ықпал етуді төмендету жөніндегі іс-шаралар;

      экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзге де іс-шаралар;

      энергиямен жабдықтау жөніндегі шаралары мен энергия тиімділігін іске асыру;

      құрамында тұрақты органикалық ластаушылар бар жабдықтарды және материалдарды қауіпсіз қолдану жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      экологиялық таза және "жасыл" технологияларды қолдану.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады