Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығы . Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15643 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына және 50-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 2 тамыздағы
№ 404 бұйрығымен
бекітілген

Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібін айқындайды.

      Сондай-ақ осы Қағидалардың күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен әскери қызметтен шығарылған адамдарға (мерзімді әскери қызметтен, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) қолданылады.

2-тарау. Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібі

      2. Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілерге және мерзімді әскери қызметтен Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептер бойынша, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда, әскери қызметтен шығарылған адамдарға Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу үшін мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық негіз болып табылады:

      1) баянатты (өтінішті);

      2) әскери бөлім командирінің, жергілікті әскери басқару органы басшысының әскери қызметшінің, әскери қызметтен шығарылған адамның кетуі мен келуі туралы бұйрығынан үзіндіні және нұсқаманың көшірмесін.

      Өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу туралы бұйрықты әскери қызметші әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің командирі немесе әскери қызметтен шығарылған адам әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органының басшысы шығарады.

      3. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда: L – шығу пунктінен бару пунктіне дейінгі шекара арасындағы автомобиль жолының ұзақтығы, километрмен;

      20 км – тұрақты шама;

      1 аек – әскери қызметшіні әскери бөлім жеке құрамының тізіміне алған жылы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу:

      1) әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде немесе әскери қызметтен шығарылған адам әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органында;

      2) келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған тасымалдау жағдайларынан басқа, әскери бөлім командирінің, жергілікті әскери басқару органы басшысының бұйрығы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

      Отбасының екі мүшесі де әскери қызметші болып табылған жағдайда ақша төлеу екеуінің біреуіне ғана олардың қалауы бойынша жүргізіледі.

      Әскери бөлім командирінің, жергілікті әскери басқару органы басшысының өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу тұралы бұйрығының шығуына негіз болып табылатын құжаттар әскери тасымалдау жөніндегі іске тігіледі және бес жыл бойы сақталуға тиіс.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өз мүлкін тасымалдау үшін көлік түрін және тасымалдаушыны әскери қызметші немесе тиісінше әскери қызметтен шығарылған адам өзі айқындайды.

      6. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жергеөз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу жүргізілмейді.

      Әскери оқу орындарын (бұдан әрі – ӘОО-лар) бітірушілерге оларды жаңа қызмет орнына тағайындаған кезде, егер бұл басқа жергілікті жерге қоныс аударумен байланысты болса, Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) оларға офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын берумен шетелдік ӘОО-ларды бітіргендерге – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі орналасқан пункттен бастап жаңа қызмет орнына дейін;

      2) оларға офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын берумен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ӘОО-ларын бітіргендерге – әскери оқу орны орналасқан пункттен бастап жаңа қызмет орнына дейін;

      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік ӘОО-ларды және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін бітіргендерге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті орналасқан пункттен бастап жаңа қызмет орнына дейін.

      Бұл жағдайларда осы Қағидалар 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген әскери қызметшінің кетуі туралы бұйрықтан үзінді ұсыну талап етілмейді.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және шет мемлекеттердің ӘОО-ларында қашықтан немесе сырттай оқыту нысаны бойынша, сондай-ақ қосымша білім беру (біліктілікті арттыру, қайта даярлау, курстық даярлау, жетілдіру, мамандандыру және интернатура) бағдарламалары бойынша оқыған әскери қызметшілерге өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу жүргізілмейді.

      Ескерту. Қағида 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 29.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады