Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 25 тамыздағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қыркүйекте № 15750 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Бас әскери прокуратура:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокурорға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды тұлғаларға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 25 тамыздағы
№ 90 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері мен
олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық
авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери қызметшілер) және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру тәртібін реттейді.

      2. Әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығындары эконом класс салоны ұшағының тарифтерімен өтеледі.

      3. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 44-бабына сәйкес әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығы беріледі, егер:

      1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) шақырымнан астам болса;

      2) әуе көлігімен жол жүру бағасы темір жол, автокөлік не ішкі су көліктерімен жүру бағасымен, ал көліктің бірнеше түрімен жүру кезінде – олардың жалпы бағасынан тең немесе төмен болған жағдайда;

      3) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болғанда, сондай-ақ емдеу мекемесінің ауруды әуе көлігімен тасымалдау туралы қорытындысы немесе әскери-дәрігерлік комиссиясының қаулысы негізінде;

      4) іссапарға барған кезде (Қазақстан Республикасынан тыс аумаққа транзитпен іссапар, темір жол, автокөлік және ішкі су көліктеріне билет болмаған жағдайда, іссапардың жеделдігі);

      4. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен келесі жағдайларда жол жүру құқығына ие, егер:

      1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) шақырымнан астам болса;

      2) әуе көлігі жетудің жалғыз құралы болса;

      3) мүгедек балалары болса, сондай-ақ жердегі және судағы көлікпен жүруге шектеулері болып, ата-анасының біреуінің ілесіп жүруі кезінде;

      4) әуе көлігімен жол жүру бағасы темір жол, автокөлік не ішкі су көліктерімен жүру бағасымен, ал көліктің бірнеше түрімен жүру кезінде – олардың жалпы бағасынан тең немесе төмен болған жағдайда;

      5) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болғанда, сондай-ақ емдеу мекемесінің ауруды әуе көлігімен тасымалдау туралы қорытындысы немесе әскери-дәрігерлік комиссиясының қаулысы негізінде.

      5. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығындарын өтеу Бас әскери прокурордың немесе оны алмастырушы адамның рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Бас әскери прокурордың әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығындарын өтеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оны алмастырушы адамның рұқсатымен жүзеге асырылады.

      6. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығындарын өтеу үшін әскери қызметші баянат (еркін нысанда) береді.

      Жол жүру мақсатына байланысты баянатқа келесі құжаттар тіркеледі: отырғызу талоны, жол жүру билеттері, фискалды чек, ал электронды билетпен жүрсе (отырғызу талоны және авиабилеттің төленген бағасын растайтын құжаттар), отбасы құрамы туралы кадр қызметінің анықтамасы (еркін нысанда), кәмелетке толған балаларына оқу орнынан анықтама (еркін нысанда), сондай-ақ мүгедектіктерін және денсаулығы бойынша шектеулерін растайтын құжаттар.

      7. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығыны Бас әскери прокурордың бұйрығы негізінде өтеледі. Бұйрықта қозғалыс маршруты, негіздемесі, жол жүру шығындарының сомасы (қызметтік іссапарға барған шығындарды қоспағанда) көрсетіледі.

      8. Әуе көлігімен жол жүру шығындарын өтеу:

      1) қаржыландыру жоспары бойынша қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеу арқылы;

      2) қаражат болмаған жағдайда – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгертулер енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады