Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қыркүйекте № 15753 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери интернатурадағы дайындық қағидалары және мамандықтар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 20.08.2021 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      Е. Біртанов

      2017 жылғы "____" ______

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 483 бұйрығымен
бекітілген

Әскери интернатурадағы дайындық қағидалары және мамандықтар тізбесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери интернатурадағы дайындық қағидалары және мамандықтар тізбесі әскери интернатурадағы дайындық тәртібін және мамандықтар тізбесін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әскери интернатура – жоғары әскери оқу орнының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын клиникалық практикаға рұқсат алу үшін базалық жоғары медициналық білім шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша әскери қызметшілерді даярлау нысаны;

      2) әскери интерн – әскери интернатурада білім алатын әскери қызметші;

      3) әскери-медициналық факультет – базалық жоғары медициналық білім шеңберінде медицина мамандарын даярлауға арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жоғары әскери оқу орнының құрылымдық бөлімшесі.

      3. Әскери интернатураның негізгі міндеті әскери оқу орны әскери-медициналық факультеті мен Қазақстан Республикасы медициналық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын бітірушілердің практикалық даярлығын жетілдіру, олардың кәсіби деңгейі мен дербес қызметтік және дәрігерлік жұмыстарға әзірлік дәрежесін арттыру болып табылады.

      4. Әскери интерндерді даярлау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген Медицина кадрларын интернатурада даярлау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17534 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 529 қбп бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының қызмет қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15866 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 20.08.2021 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Әскери интернатураға қабылдау

      5. Әскери интернатураға клиникалық қызметті жүзеге асыру құқығын алу мақсатында "Әскери медицина (клиникалық практика құқығымен, 5 жыл бакалавриат + 2 жыл интернатура)" және "Әскери істегі стоматология (клиникалық практика құқығымен, 5 жыл бакалавриат + 1 жыл интернатура)" мамандықтары бойынша әскери-медициналық факультетте оқуды бітірген әскери қызметшілер қабылданады, олармен медициналық қамтамасыз ету саласындағы қызметтік жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) әскери интернатурадағы оқу мерзіміне және оны бітіргеннен кейін әскери қызметке он жылға жаңа келісімшартқа қол қояды.

      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бөлген квота шегінде әскери интернатураға оқуға түсуге "Жалпы медицина", "Стоматология" мамандықтары бойынша бакалавр дипломы бар Қазақстан Республикасы жоғары медициналық оқу орындарының (бұдан әрі – медициналық ЖОО) бітірушілері де жіберіледі.

      7. Конкурсқа медициналық ЖОО әскери кафедрасының жанындағы әскери дайындық курсынан өткен адамдар жіберіледі.

      8. Медициналық ЖОО-лар әскери кафедраларының бастықтары оқуға қабылдау жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде медициналық ЖОО әскери кафедрасының жанында әскери дайындықтан өткен 5-курс студенттері арасында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әскери интернатураға түсуге ниет білдірген адам оқуға қабылдау жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде медициналық ЖОО әскери кафедрасы бастығының атына баянат ұсынады.

      9. Жергілікті әскери басқару органының бастығы медициналық ЖОО әскери кафедрасы бастығының ұсынымы бойынша оқуға қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімде арнайы тексеруді жүргізу және алдын ала медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      10. Медициналық ЖОО әскери кафедрасының бастығы оқуға қабылдау жылының 10 шілдесіне дейінгі мерзімде ҚР ҚМ Кадрлар департаментіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ КД) әскери интернатураға оқуға түсуге кандидаттардың жеке істерін және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) офицерлер құрамының "запастағы медицина қызметінің лейтенанты" алғашқы әскери атағын беруге ұсыну үшін қажетті құжаттарды жолдайды.

      Әскери интернатурада оқу үшін іріктелген оқуға түсушілердің тізімін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындаған жоғары әскери оқу орнына (бұдан әрі – ЖӘОО) оқуға қабылдау басталғанға дейін кешіктірмей, бір ай бұрын жолданады.

      11. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес әскери интернатураға қабылдау мерзімдерін, сондай-ақ оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі дербес айқындайды.

      12. Әскери интернатураға оқуға түсетін кандидаттар конкурстық іріктеуден өту үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес ЖӘОО-ға келеді.

      Кандидаттар келген күннен бастап ЖӘОО аумағына орналастырылады.

      13. Медициналық ЖОО бітірушілерін әскери интернатураға қабылдау конкурстық негізде, барлық оқу кезеңіндегі үлгерімнің орташа балына сәйкес (өндірістік практика бағасын ескере отырып) төрт кезеңде жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) медициналық куәландырудан өту;

      2) екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі;

      3) үшінші кезең – дене дайындығын тексеру;

      4) төртінші кезең – конкурстық іріктеу және қабылдау.

      14. Оқуға қабылдау жылының 1 маусымына дейін әскери оқу орнының бастығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен оқуға қабылдау жылының 1 шілдесіне дейін бекітілетін қабылдау комиссиясының құрамына қосу үшін кандидатураларды ұсынады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 20.08.2021 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Қабылдау комиссиясының төрағасы болып ЖӘОО-ның бастығы, орынбасарлары болып құрылымдық бөлімше бастығының орынбасары (басқарма (бөлім) бастығы) және шарт негізінде әскери интерндер медициналық пәндер бойынша білім алатын медициналық ЖОО-ның өкілі тағайындалады.

      16. Қабылдау комиссиясының құрамы мүшелердің тақ санынан (кемінде 5 адам) тұрады және бейіндік пәндер мамандарын, оның ішінде әскери-медициналық бөлімдер мен мекемелердің (жалпы практика дәрігері, хирург, терапевт, стоматолог), ЖӘОО оқу-әдістемелік бөлімінің (басқармасының) өкілдерін қамтиды. Шешімдер қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.

      17. Қабылдау комиссиясының отырыстары Қабылдау комиссиясы төрағасының нұсқаулары бойынша өткізіледі және еркін нысандағы хаттамалармен ресімделеді.

      18. Қабылдау кезеңінен өту нәтижесімен келіспеген оқуға түсуші нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күнтізбелік күні сағат 10.00-ге дейін қабылдау комиссиясының төрағасына жазбаша өтінішпен жүгінеді. Жоғарыда көрсетілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша хаттамалық шешім ресімделеді.

      19. Конкурстық іріктеуден өтпеген медициналық ЖОО бітірушілерінің жеке істері бес жұмыс күні ішінде қайтадан ЖОО-ға жолданады.

      20. Конкурстық іріктеуден сәтті өткен кезде құрылымдық бөлімшенің басшысы медициналық ЖОО-ның бітірушілерімен әскери интернатурада оқу мерзіміне және оны бітіргеннен кейін он жылға келісімшартқа қол қояды.

      Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретіндер үшін Әскери қызмет өткеру қағидаларымен белгіленген қол қойылған келісімшарттар мен құжаттар келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімдері мен мекемелеріне офицерлер құрамының лауазымдарына тағайындау туралы бұйрық шығару үшін ҚР ҚМ КД-ға жолданады.

      21. Тағайындалғаннан кейін әскери қызметшілер әскери интернатурада оқуға жіберу туралы команда бойынша еркіни нысанда баянаттар ұсынады, олар кейіннен ҚР ҚМ КД-ға ұсыну және атқаратын лауазымынан босату және әскери интернатураға қабылдау туралы жеке құрам бойынша бұйрық шығару үшін құрылымдық бөлімшеге жолданады.

3-тарау. Әскери интернатурада оқыту

      22. Әскери интернатурада оқыту мынадай мамандықтар бойынша жүргізіледі:

      1) "Әскери медицина (клиникалық практика құқығымен, 5 жыл бакалавриат + 2 жыл интернатура)" "Әскери дәрігер (жалпы практика)", "Әскери дәрігер (хируг)", "Әскери дәрігер (терапевт)" біліктілігін берумен;

      2) "Әскери істегі стоматология (клиникалық практика құқығымен, 5 жыл бакалавриат + 1 жыл интернатура)" "Әскери дәрігер-стоматолог" біліктілігін берумен.

      23. Әскери интернатурада жалпыәскери және әскери-медициналық пәндер бойынша оқыту ЖӘОО базасында, медициналық пәндер бойынша – медициналық ЖОО базасында шарт негізінде жүзеге асырылады.

      Әскери интерндерді медициналық пәндер бойынша оқытуға жыл сайынғы шарт ЖӘОО бастығы мен медициналық ЖОО ректоры арасында жасасылады, бұл ретте бір әскери интернді оқытудың құны тиісті мемлекеттік гранттың құнынан аспайды.

      24. Оқу, әдістемелік және ғылыми жұмысты, ағымдағы, аралық үлгерімді бақылауды, медициналық пәндерді оқытуға қатысты бөлігінде аралық және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру медициналық ЖОО-ның мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асырылады.

      Оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі құжаттама (оқу жұмыс жоспарлары, оқыту бағдарламалары, сабақтар кестесі) медициналық ЖОО-ның уәкілетті лауазымды адамдарымен келісіледі және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының өзгерістерін ескере отырып қайта қаралады.

      25. ЖӘОО-ның бастығы жыл сайын БҒД-мен келісу бойынша ағымдағы жылғы 15 маусымнан кеш емес мерзімде мамандықтар бойынша әскери интерндерді даярлау жоспарын бекітеді.

      26. ЖӘОО бастығы жыл сайын әскери интерндерді мамандықтары бойынша даярлау жоспарын, әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша ағымдағы жылғы 15 маусымнан кеш емес мерзімде бекітеді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 20.08.2021 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады