Арнаулы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15778 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 64 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 74-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнаулы кедендік статистиканы жүйелі жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Арнаулы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитетінің төрағасы

      ______________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы 29 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 521 бұйрығымен бекітілді

Арнаулы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнаулы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 74-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құрылымдық бөлімшелерінің арнаулы кедендік статистиканы (деректерді жинақтау, қалыптастыру және ұсыну) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Арнаулы кедендік статистика мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті жүйеленген мәліметтердің жиынтығын білдіреді.

      3. Арнаулы кедендік статистиканың міндеттері:

      1) сапалы сипаттамамен үздіксіз байланыстағы мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы сандық ақпаратты тұрақты негізде ұсыну;

      2) аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын есептілікті оңтайландыру;

      3) аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кеден ісі саласындағы қызметін бақылау және тиімділігін қамтамасыз ету үшін арнаулы кедендік статистиканың сандық көрсеткіштерін бұдан әрі әзірлеу болып табылады.

      4. Кеден ісі саласындағы мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы мәліметтері арнаулы кедендік статистиканың есепке алу объектісі болып табылады.

      5. Арнаулы кедендік статистиканың есепке алу объектілеріне мынадай:

      1) мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы, оның ішінде кадр құрамы бойынша көрсеткіштер туралы;

      2) тауарлардың өткізу рәсімдерінің тәртібін жүзеге асыру туралы;

      3) кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы;

      4) кедендік төлемдер мен салықтар туралы;

      5) кедендік бақылау мен ресімдеу туралы мәліметтер жатқызылады.

      6. Арнаулы кедендік статистика деректерін мемлекеттік кірістер органдары қалыптастырады және оларға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында пайдалынылады.

      7. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын мәліметтерге Кодекстің 16-бабының ережелері қолданылады.

2-тарау. Арнаулы кедендік статистиканы жүргізу тәртібі

      8. Арнаулы кедендік статистиканы жүргізу арнаулы кедендік статистиканы қалыптастыру үшін қажетті деректерді жинақтау және өңдеу жолымен жүзеге асырылады.

      9. Алдын ала және негізгі кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау кезеңдерінде мынадай құжаттар:

      тауарларға арналған декларациялар;

      жолаушылар кедендік декларациялары;

      кедендік кіріс ордерлері;

      транзиттік декларациялар;

      аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының есепті деректері арнаулы кедендік статистиканы қалыптастыру үшін қажетті деректер көздері болып табылады.

      10. Арнаулы кедендік статистика деректерін жинақтау және қалыптастыру Комитеттің ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтердің және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын статистикалық есептіліктер негізінде Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

      11. Жиынтық ай сайынғы (өсу қорытындысымен) және жылдық статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін Комитеттің құрылымдық бөлімшелері ай сайын есепті кезеңнен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің қызметіне Қазақстан Республикасының арнаулы кедендік статистика деректерін жинақтау бөлігінде үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге әрбір көрсеткіш бойынша қажетті мәліметтерді ұсынады.

      12. Ай сайынғы жиынтық статистикалық ақпарат есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне қалыптастырылады. Жыл сайынғы жиынтық статистикалық ақпарат есепті жылдан кейінгі бірінші айының 15-і күніне қалыптасады.

      13. Комитеттің қызметіне Қазақстан Республикасының арнаулы кедендік статистика деректерін жинақтау бөлігінде үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жиынтық ақпараттың жинақтауын жүзеге асырғаннан кейін, арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін Комитеттің ftp – ресурсына (ftp://192.168.204.210) осы Қағидаларға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің негізгі көрсеткіштері" деген қосымшасына сәйкес ұсынылған нысанға орналастырады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      14. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабында көзделген арнаулы кедендік статистиканың толық, дұрыс және уақытылы ұсынылуы үшін Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жауапты болады.

  Арнаулы кедендік статистиканы
жүргізу қағидаларына
қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің негізгі көрсеткіштері

      Есептік кезең: 20__ жылғы "____" _____________

      Индекс: 1-КҚ

      Кезеңділігі: ай сайын/жылдық

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде қамтылған мәліметтердің және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын статистикалық есептіліктер негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері ұсынады.

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметін Қазақстан Республикасының арнаулы кедендік статистика деректерін жинақтау бөлігінде үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге ұсынылады.

      Ұсыну мерзімі - ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне. Жыл сайынғы жиынтық статистикалық ақпарат - есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 15-і күніне.

Қазақстан Республикасы бойынша деректер

өлшем бірлік

20__ жылғы кезең

20__ жылғы кезең

1

2

3

4

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік кірістер департаменттерінің саны

бірлік



Дербес кедендердің саны

бірлік



Бағынысты кедендердің саны

бірлік



Ішкі кеден бекеттерінің саны, оның ішінде:

бірлік



Кедендік ресімдеу орталығы

бірлік



Арнайы экономикалық аймақ

бірлік



Шекара маңындағы кеден бекеттерінің саны, оның ішінде бақылау-өткізу пункттері:

бірлік



Автомобиль

бірлік



Теміржол

бірлік



Әуежай

бірлік



Теңіз

бірлік



Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының ұзындығы

Жалпы, оның ішінде:

километр



Ресей Федерациясымен

километр



Қырғыз Республикасымен

километр



Өзбекстан Республикасымен

километр



Түрікменстанмен

километр



Қытай Халық Республикасымен

километр



Каспий теңізінің жағалау сызығын бойлай өтетін шекарасы

километр



Декларациялаудың көлемі

Жеке тұлғалар саны

адам



Теміржол құралдарының саны

вагондар



Автокөлік құралдарының саны

бірлік



Халықаралық жол тасымалдау кітапшалары (ХЖТ)

ХЖТ кітапшасы



Ресімделген транзиттік декларациялардың жалпы саны (ТД)

ТД саны



Ресімделген тауарларға арналған декларациялар саны (ЭК-10)

саны



Ресімделген тауарларға арналған декларациялар саны (ИМ-10)

саны



Экспорт кедендік рәсімімен шығарылған тауарлардың кедендік тазартуының орташа уақыты (ЭК-10)

минут



Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен шығарылған тауарлардың кедендік тазартуының орташа уақыты (ИМ-10)

минут



Тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың нәтежелілігі*

пайыз



Автомобиль өткізу пункттеріндегі кедендік операциялардың орташа уақыты (тәулік бойы жұмыс режимімен)

минут



Электрондық нысанда ұсынылатын декларациялардың үлесі**

пайыз



Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат

Тізілімге сәйкес Кеден өкілдерінің саны

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Тізілімге сәйкес Кедендік тасымалдаушылар саны

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Тізілімге сәйкес Уәкiлетті экономикалық операторлар саны (УЭО)

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Тізілімге сәйкес Уақытша сақтау қоймалары иелерінің саны (УСҚ)

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Тізілімге сәйкес Кеден қоймалары иелерінің саны

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Тізілімге сәйкес Бажсыз сауда дүкендері иелерінің саны

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Тізілімге сәйкес Еркін қойма иелерінің саны

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі

Барлығы

миллион теңге



Кедендік алымдар

миллион теңге



Импорттық кедендік баж

миллион теңге



Экспорттық кедендік баж

миллион теңге



Қорғау кедендік баж

миллион теңге



Импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы (жалпы)

миллион теңге



Импортқа акциздер

миллион теңге



Кедендік төлемдердің жиынтығы

миллион теңге



Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкасы

миллион теңге



Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы бөлген импорттық баждар және қорғау баждары

миллион теңге



Жүргізілген посткедендік тексерулер туралы

Жүргізілген кедендік тексерулер саны

тексерістер саны



оның ішінде: көшпелі жоспарлы тексерулер

тексерістер саны



көшпелі жоспардан тыс тексерулер

тексерістер саны



камералдық кедендік тексерулер

тексерістер саны



Қоса есептелген кедендік төлемдер және салықтар

мың теңге



Өндіріп алынған кедендік төлемдер және салықтар

мың теңге



Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кадрлық құрамы

Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кеден бекеттерінің штат саны

қызметкерлер



соның ішінде іс жүзіндегі санын құрайды:

қызметкерлер



есептілік кезеңдегі кеден бекеттеріндегі персоналдың тұрақтамаушылығының деңгейі

пайыз



      Ескертпе: * тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде есепті кезеңде бұзушылықтар анықталған тауарларға арналған декларациялардың санын, тәуекел бейіндерімен тауарларға арналған декларациялардың жалпы санына арақатынасы және 100-ге көбейтіледі

      ** электрондық декларациялау қосылғаннан кейін

      Бірінші басшы (немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға)

      Т.А.Ә. (қолы)

      ________________

      (күні, айы, жылы)

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің негізгі көрсеткіштері" деген нысанды толтыру бойынша түсіндірме көрсетілген нысанға қосымшада келтірілген.

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).

      2. Нысан "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 74-бабының 1-тармағына сәйкес арнаулы кедендік статистиканы жүйелі жүргізу мақсатында әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде қамтылған мәліметтердің және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын ай сайын/жылдық статистикалық есептіліктер негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы (немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) қол қояды, күні, айы, жылы көрсетіледі.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-бағанда көрсеткіштердің (ақпараттардың) қысқаша сипаттамасы толтырылады.

      6. 2-бағанда өлшем бірліктері көрсетіледі.

      7. 3-бағанда жыл ішінде ұсынылатын деректерді алу (жинау) кезеңі (ай/жыл) көрсетіледі. Бұдан әрі белгіленген көрсеткіштер бойынша тиісті жолдарда баған белгіленген өлшем бірлігіне сәйкес сандық мәліметтермен толтырылады.

      8. 4-бағанда өткен жылдың ұқсас кезеңі ішіндегі деректерді алу (жинау) кезеңі (ай/жыл) көрсетіледі. Бұдан әрі белгіленген көрсеткіштер бойынша тиісті жолдарда баған белгіленген өлшем бірлігіне сәйкес сандық мәліметтермен толтырылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады