"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 337, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 635, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 534 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 331 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15821 болып тіркелді.

      "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 519 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жiберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________ Д. Абаев

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі
____________Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі

___________Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Банк Төрағасы

      ____________ Д. Ақышев

      "___" ________ 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы "Атамекен"

      Ұлттық кәсіпкерлер палатасының

      Төрағасы

      _________ А. Мырзахметов

      "___" __________ 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 337,
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 635,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 534,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 331 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де
бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы Келісімді ратификациялау туралы" 2016 жылғы 29 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының және "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы Хаттаманы ратификациялау туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және "2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы келісімде көзделген жеке құжаттарды бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен (бұдан әрі – 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 Шешім) бекітілген Бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесіне (бұдан әрі – тауарлар тізбесі) енгізілген "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды (бұдан әрі – тауарларды таңбалау) енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың күші:

      1) алып қойылған, тыйым салынған, тәркіленген не орындалмаған міндеттемелер есебіне өндіріп алуға қойылған, мемлекет кірісіне айналдырылған тауарларды сатып алуға, сақтауға, пайдалануға, тасымалдауға және сатуға;

      2) жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелінген және бөлшек сауда шеңберінде сатып алынған тауарларды жеке тұлғалардың тасымалдауына, сақтауына және пайдалануына;

      3) кедендік бақылау аймақтарында, уақытша сақтау қоймаларында және кеден қоймаларында кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауға;

      4) кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауға;

      5) кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге әкету кезінде оларды тасымалдауға;

      6) шетелдік өтеусіз (гуманитарлық) көмек болып табылатын тауарларға;

      7) мемлекеттік және қорғаныс тапсырысының құрамына кіретін әскери және екі бағыттағы (қолдану) тауарлар;

      8) осындай тауарларды сатуға ұсынғанға дейін, оның ішінде оларды сату орнына қойғанға, олардың үлгілерін көрсеткенге немесе сату орнында олар туралы мәліметтерді бергенге дейін дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған шарттар негізінде тауарлармен комиссиялық сауданы жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің тауарларды сақтауына;

      9) тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде өткізуге (сатуға);

      10) тауарларды, оларды өндірушілердің сақтауына және пайдалануына;

      11) тауарлардың қайтарылғанын растайтын құжаттар болған кезде 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексының 454-457 баптарымен айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын бөлшек сауда шеңберінде сатып алынған және сатып алушылар сатушыларға қайтарған тауарларды тасымалдауға және сақтауға;

      12) техникалық регламенттердің, сондай-ақ стандарттау саласындағы нормативтік техникалық актілердің талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында сынақтан өткізуге арналған қажетті сандарындағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тасымалдауға және сақтауға;

      13) үлгілер мен экспонаттар ретінде халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастырушылар мен қатысушылардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелген тауарларына;

      14) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысы жоқ мақсатты пайдалануға арналған ательеде (шеберханада) дайындалған тауарларға қолданылмайды.

      3. Осы Қағиданың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) автоматты түрде идентификациялау ұйымы – халықаралық көпсалалы тауарлық нөмірлеу жүйесін және штрихтік кодтау стандарттарын ұсынатын әлемдік автоматты түрде идентификациялау қауымдастығында аккредиттелген ұйым.

      2) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) арнайы қорғау дәрежесін талап ететін бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындаушы (бұдан әрі – бірінші деңгейдегі Эмитент) – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      4) бақылау (идентификациялау) белгісі – кіріктірілген радиожиілік белгісін қамтитын (бұдан әрі – RFID-белгісі) тауарларды таңбалауға арналған қолдан жасаудан қорғау (қорғалған полиграфиялық өнім) элементтері (құралдары) бар қатаң есептілік бланкісі;

      5) бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалау – бақылау (идентификациялау) белгілерін тауарларға түсіру;

      6) бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіруші және өткізуші (бұдан әрі – екінші деңгейдегі Эмитент) – конкурс жүргізу жолымен "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – "Атамекен" ҚР ҰКП) анықтаған заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер;

      7) бақылау белгісін (идентификациялау) дербестендіру – сауда бірлігінің (SGTIN) сериялық жаһандық нөмірінің RFID-белгісі жадының ЕРС-саласындағы жазбасы;

      8) бөлшек сауда – тауарларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке, отбасылық, үй iшiлік және өзге де мақсаттарда пайдалану үшін оларды сатып алуға және сатуға байланысты сауда қызметі түрі;

      9) көтерме сауда – тауарларды кәсіпкерлік қызметте (оның ішінде қайта сату үшін) немесе жеке, отбасылық, үй iшiлік және өзге де осындай пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалану үшін оларды сатып алуға және сатуға байланысты сауда қызметі түрі;

      10) қайта сату – кейiннен сатуға және (немесе) жеке, отбасылық, үй iшiнде және (немесе) осындай өзге пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарлар;

      11) өнімдернің электрондық коды (EPC) – бұл тауарлардың өндірілген күні, шығарылған мемлекет, тиеп жөнелту орны және өзге де ерешектер сияқты өзіндік ерешектермен байланысты нөмірі;

      12) сауда қызметі – тауарларды сатып алуға және сатуға байланысты кәсіпкерлік қызмет түрі;

      13) ультра жоғары жиілік (UHF) – электромагниттік сәуленің жиілік диапазоны, 10 см-ден 1 метрге дейін толқын ұзындығымен радио толқыны, ол 300 МГц-дан 3 ГГц-ге дейінгі жиілікке сәйкес келеді;

      14) тауарлар – оларға қатысты бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалау туралы шешім қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша өнім;

      15) тауарлар айналымы – ЕАОЭ кедендік аумағында тауарларды сақтау, тасымалдау, өндіру, оған әкелу, мүше мемлекеттер аумақтарында сатып алу және өткізу (сату);

      16) тауарды айналымнан шығару – бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбаланған тауарларды түпкілікті тұтынушыға (заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға) өткізу (сату), бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбаланған тауарларды жою (бүліну, жоғалу);

      17) тауардың сипаттамасы – Тізбеге енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің (бұдан әрі – заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер) автоматты түрде идентификациялау ұйымының ақпараттық порталымен өзара іс-қимыл жасау негізінде "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өнімге берілетін тауардың негізгі сипаттамасы;

      18) тауарлардың трансшекаралық саудасы – Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына немесе ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына жүзеге асырылатын тауарлардың көтерме саудасы;

      19) "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өнім (бұдан әрі – СБӨ) – ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті іске асыруға арналған бағдарламалық өнім;

      20) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      21) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету бойынша функциялар, сондай-ақ осы "Ақпараттындыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабына сәйкес көзделген функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

      22) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      23) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы;

      24) GlobalTradeItemNumber жаһандық сауда бірлігінің идентификациялау нөмірі (бұдан әрі – GTIN) – бұл электронды каталогтарда және ақпараттық жүйелерде қолданылатын отыз разряттық халықаралық тауар нөмірі.

2-тарау. "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өнім

      4. СБӨ Заңның 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленеді.

      СБӨ-нің құрамы және міндетті, процестерінің сипаттамасы СБӨ-ді жобалауға арналған тапсырмада айқындалады.

      СБӨ осы Қағидаларға "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өніміне қойылатын талаптар 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 1-қосымша), Бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындауды және заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өніміне беретін мәліметтердің құрылымына қойылатын талаптарға мен оларды беру мерзімі 2-қосымшаға сәйкес және Бақылау (идентификациялау) таңбаларымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өніміне берілетін мәліметтердің құрылымына қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды берудің мерзімі 3-қосымшаға (бұдан әрі – 3 қосымша) сәйкес келетін Екінші деңгейдегі эмитенттерден, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерден, сондай-ақ құзырлы (уәкілетті) мемлекеттік органдардан және ұйымдардан алынған таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді қалыптастыруды, жүргізуді, өңдеуді, беруді, деректерді сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді.

      5. Оператор СБӨ-нің Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде орналастыруды қамтамасыз етеді.

      6. Осы Қағидаларда көрсетілген мәліметтер 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбалануға жататын тауарларға бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындауға арналған өтінім (бұдан әрі – 4 қосымша), 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіруге арналған өтінім (бұдан әрі – 5 қосымша) талаптарына сәйкес Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде орналастырылған ақпараттық сервис арқылы ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында СБӨ ұсынылады және беріледі.

      7. СБӨ автоматты түрде идентификациялау бойынша ұйымының ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл жасау негізінде ақпараттық ресурстарды қамтиды.

3-тарау. Екінші деңгейдегі Эмитентті айқындау

      8. "Атамекен" ҚР ҰКП бақылау (идентификациялау) белгілерінің дербестендіруін және өткізуін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі Эмитентті айқындау тәртібін бекітеді.

      9. "Атамекен" ҚР ҰКП конкурс өткізу арқылы бақылау (идентификациялау) белгілерінің дербестендіруін және өткізуін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі Эмитентті айқындайды.

      10. Конкурс комиссиясы құрамына "Атамекен" ҚР ҰКП, "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ, сондай-ақ салалық бизнес-қауымдастық өкілдері кіреді.

4-тарау. Тауардың сипаттамасы (GTIN алу)

      11. Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіруге тапсырысты ресімдеу үшін СБӨ-ге GTIN енгізеді.

      12. GTIN алу үшін заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер автоматты түрде идентификациялау ұйымының ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Автоматты түрде идентификациялау ұйымына мүшелік GTIN алуға мүмкіндік береді.

      13. GTIN алған кезде заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер автоматты түрде идентификациялау ұйымының ақпараттық жүйесіне тауарлар туралы ақпаратты енгізеді.

      14. Автоматты түрде идентификациялау ұйымы СБӨ-ге меншік иесімен келісім негізінде берілген GTIN бойынша Тізбеге енгізілген тауарлардың сипаттамасын СБӨ-ге беруді қамтамасыз етеді.

      15. Автоматты түрде идентификациялау ұйымы уақытылы заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге GTIN берілуін қамтамасыз етеді.

5-тарау. Бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындауға тапсырыс беру тәртібі

      16. Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындаушы бірінші деңгейдегі Эмитент болып табылады.

      17. Бақылау (идентификациялау) белгілерін алушы бақылау (идентификациялау) белгілерінің дербестендіруін және өткізуін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі Эмитент болып табылады.

      18. Екінші деңгейдегі Эмитент СБӨ арқылы бірінші деңгейдегі Эмитентке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбалауға жататын тауарларға арналған бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындауға электронды нысанда өтінім ұсынады.

      19. Бірінші және екінші деңгейдегі Эмитенттер арасындағы қарым-қатынас Азаматтық кодексінің 22-24 бөлімдеріне сәйкес жасасқан шартқа (келісімшартқа) сәйкес реттеледі. Бірінші деңгейдегі Эмитент екінші деңгейдегі Эмитенттен төлем түскеннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннің ішінде бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындайды және оларды екінші деңгейдегі Эмитентке жолдайды.

      20. Бірінші деңгейдегі Эмитент екінші деңгейдегі Эмитент тиеп жөнеткен күні 2-қосымшаға сәйкес бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындау туралы мәліметтерді СБЗ-ге енгізеді.

      21. Бақылау (идентификациялау) белгілерінің сәйкес келмеуі, верификациялау анықталған және жарамсыздығы расталған жағдайда, бірінші деңгейдегі Эмитент сәйкес келмеген бақылау (идентификациялау) белгілерін 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде ауыстыруды жүргізеді және ауыстырылған бақылау (идентификациялау) белгілері туралы мәліметті СБӨ-ге енгізеді.

6-тарау. Бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіруге арналған тапсырыс беру тәртібі

      22. Бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалануға жататын тауарлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – заңды тұлға және дара кәсіпкер) бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіру үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіруге арналған өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) электрондық нысанда СБӨ-де орналастырады.

      Тапсырыста міндетті түрде дербестендірілген бақылау (идентификациялау) белгілерін алудың мынадай тәсілдерінің бірі көрсетіледі:

      1) екінші деңгейдегі Эмитенттен дербес алуы (әкету пункті);

      2) заңды тұлғаның және дара кәсіпкердің көрсетілген мекенжайына дейін жеткізу.

      Бұл ретте, бақылау (идентификациялау) белгілері дербестендірілген күннен бастап заңды тұлғаның және дара кәсіпкердің көрсетілген мекенжайына дейін жеткізуді 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде екінші деңгейдегі Эмитент жүзеге асырады. Бақылау (идентификациялау) белгілерін жеткізу мерзімін сақтау жөніндегі талаптар қалдықтарды таңбалау кезінде өтпелі кезеңге қолданылмайды, бірақ бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіру күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      23. Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер Тізбеге енгізілген тауарларды әкелген кезде кедендік рәсімдермен орналастырған және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасаған сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей СБӨ-де Тапсырысты ресімдейді.

      24. Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер Тізбеге енгізілген тауарлардың өңдірісі кезінде бухгалтерлік есепте тауарларды дайын өнім ретінде таныған (көрсеткен) күнінен бастап келесі жұмыс күні ішінде СБӨ-де Тапсырысты ресімдейді.

      25. Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер осы Қағидаларға сәйкес СБӨ-ге берілетін дұрыс мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      26. СБӨ-де міндетті жолдардағы акпараттардың бар болуына автоматты режимде Тапсырысты тексеруді жүргізеді және тексеруден өткен жағдайда екінші деңгейдегі Эмитентке жолдайды.

      27. Төлем түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде екінші деңгейдегі Эмитент осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес бақылау (идентификациялау) белгілеріне қойылатын талаптарға сәйкес (бұдан әрі – 6-қосымша) бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіреді және олардың дайындығы туралы еркін нысандағы тиісті хабарламаны СБӨ-де орналастыру арқылы заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге хабарлайды. Бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіру мерзімінің сақтау талаптары қалдықтарды таңбалау кезінде өтпелі кезеңге таратылмайды.

      28. Екінші деңгейдегі Эмитент дербестендірілген бақылау (идентификациялау) белгілері туралы мәліметті СБӨ-ге 2-қосымшаның 2-тармағына сәйкес енгізеді.

      29. Дербестендірілген бақылау (идентификациялау) белгілері туралы ақпарат, оларды заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер теңгерімге қабылдағаннан кейін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің СБӨ-де нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

      30. Осы Қағидалардың 21-29-тармақтарына сәйкес екінші деңгейдегі Эмитент бақылау (идентификациялау) белгілерінің уақытылы дербестендірілуін қамтамасыз етеді.

7-тарау. Тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалау тәртібі

      31. Қазақстан Республикасына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Тізбеге енгізілген тауарларды әкелген кезде заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер кедендік рәсімдерге орналастырғаннан және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасағаннан кейін көрсетілген тауарлардың таңбалауын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Тізбеге енгізілген тауарларды таңбалауды жүзеге асырады.

      32. Тізбеге енгізілген тауарлардың өңдірісі кезінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер екінші деңгейдегі Эмитенттен дербестендірілген бақылау (идентификациялау) белгілерін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тауарлардың таңбалануын қамтамасыз етеді.

      33. Тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалау осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес бақылау (идентификациялау) белгілеріне қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      34. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбаланған тауарларды айналымнан әкету кезінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер бақылау (идентификациялау) белгілерін жойған (бүліну, жоғалу) жағдайда, мұндай мәліметтерді СБӨ-ге бақылау (идентификациялау) белгілері жойылған (бүліну, жоғалу) күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде енгізеді.

8-тарау. Өтпелі ереже

      35. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілмеген тауарлары бар заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер СБӨ жұмыс істеген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде СБӨ-ге мәліметтерді табыс ете отырып, оларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды жүзеге асырады.

  "Табиғи теріден жасалған киім
заттары, киімге керек-жарақтар
және өзге де бұйымдар" тауар
позициясы бойынша тауарларды
бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру қағидаларына 1-қосымша

"Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өніміне қойылатын талаптар

      1. "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өнімі (бұдан әрі – СБӨ) осы Талаптарға сәйкес келуі қажет.

      СБӨ-нің құрамына Автоматты түрде идентификациялау жөніндегі дүниежүзілік қауымдастығы стандарттары бойынша "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы келісімде көзделген жекелеген құжаттарды бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен (бұдан әрі – 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 Шешім) бекітілген Бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерден ақпараттарды алуды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстар жатады.

      СБӨ Еуразиалық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАОЭ) мүше мемлекеттердің тауарларды таңбалау ақпараттық жүйелерімен, сондай-ақ Еуразиалық экономикалық комиссия (бұдан әрі – ЕЭК) интеграциялық құрамдастармен ақпараттық өзара іс-қимылы, электрондық түрде ЕАЭО шеңберінде, жалпы үдерістерді іске асыру жолымен ЕЭК интеграциялық ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. СБӨ-нің құрамына мынадай қосалқы жүйелер және құрамдастар:

      1) мынадай:

      таңбаланған тауарлардың айналымына бақылаудың кіші жүйесін;

      өзара іс-қимылдың кіші жүйесін;

      ақпараттық қауіпсіздіктің кіші жүйесін қамтитын орталық есеп алу жүйесі;

      2) нормативтік-анықтамалық ақпараттардың (бұдан әрі – НАА) кіші жүйесі;

      3) бірінші деңгейдегі Эмитенттің автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО);

      4) екінші деңгейдегі Эмитенттің АЖО;

      5) уәкілетті бақылаушы органның АЖО;

      6) заңды тұлға мен дара кәсіпкердің АЖО;

      7) әкімшінің АЖО жатады.

      3. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен СБӨ арасындағы өзара ақпараттық іс-қимылдар интеграция немесе СБӨ-ге белгіленген үлгідегі файылдарды енгізу арқылы жүзеге асырылады және мынадай өзара іс-қимылдардың негізгі түрлерін:

      1) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін;

      2) автоматты түрде идентификациялау ұйымының ақпараттық жүйесін;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін;

      4) "Электрондық үкімет" шлюзін;

      5) "Электрондық Үкімет" сыртқы шлюзін;

      6) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығын қамтиды.

      4. Бірінші және екінші деңгейдегі эмитенттен, сондай-ақ заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерден берілетін мәліметтердің құрылымы мен ақпараттардың форматы осы Қағидаларға Бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындауды және заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өніміне беретін мәліметтердің құрылымына қойылатын талаптарға мен оларды беру мерзімі 2-қосымшаға сәйкес және Бақылау (идентификациялау) таңбаларымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өніміне берілетін мәліметтердің құрылымына қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды берудің мерзімі 3-қосымшаға сәйкес қойылатын талаптарға сәйкес СБӨ-де қалыптастырылады.

      5. Автоматты түрде идентификациялау жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі СБӨ-де мына ақпаратты:

      1) тауардың атауын;

      2) тауардың сапасына талапты белгілейтін нормативтік құжаттарға сілтемегі (болған кезде);

      3) тауарды өндірушінің атауын (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы);

      4) тауардың әр түрлілігін (тауарды дайындаған материалдың атауын және тауардың ерекше белгілерін (түсі, мөлшері, моделі және өзге де ерекшелері);

      5) тауардың шыққан елін;

      6) тауардың санының өлшем бірлігін;

      7) тауардың ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодын ұсынады.

      СБӨ жыл ішінде тәуліктің кез келген уақытында тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      СБӨ-нің жылына тоқтап тұру уақыты 24 (жиырма) төрт сағаттан аспайды.

      Осы Талаптардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген ақпараттарды сақтау мерзімі кемінде үш жылды құрайды.

      СБӨ үш еселенген барлық таңбалауға жататын тауарлар позициясы бойынша Қазақстан Республикасының орташа жылдық айналымымен тепе тең санында, бірақ екі жүз миллион жазбадан аспайтын, таңбаланған тауарлардың тізілімін, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді.

      Тауарлар туралы мәліметтерге сұрау салу кезіндегі үн қосу уақыты, он бес секундтан аспайды.

      Сыртқы пайдаланушылардың сандық құрамы – таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер шектелмеуі тиіс.

      СБӨ сыртқы пайданушылардан, секундына кемінде 100 (жүз) сұрау салуды орындауды қамтамасыз етеді.

      СБӨ өңделетін таңбалауға жататын тауарлар мен тауарлар топтары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының саны шектелмеуі тиіс.

  "Табиғи теріден жасалған киім
заттары, киімге керек-жарақтар
және өзге де бұйымдар" тауар
позициясы бойынша тауарларды
бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру қағидаларына 2-қосымша

Бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындауды және заңды тұлғалар мен дара
кәсіпкерлерге өткізуді жүзеге асыратын ұйымдармен "Тауарларды таңбалау" сервистік
бағдарламалық өнімге берілетін мәліметтер құрылымына қойылатын талаптар,
сондай-ақ оларды беру мерзімдері

      1. "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өніміне (бұдан әрі – СБӨ) Бірінші деңгейдегі эмитент жіберетін дайындалған бақылау (идентификациялау) белгілері туралы мәліметтер, әр бақылау (идентификациялау) белгісі бойынша мынадай міндетті ақпараттарды:

      1) бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындауды жүзеге асыратын ұйымдар тізіліміндегі ұйымның тіркеу нөмірі;

      2) айналымға шығару тәсілі (Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының аумағында өндіру);

      3) бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың төртмәнді коды;

      4) бақылау (идентификациялау) белгісін дайындаған күні;

      5) бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындауға берген тапсырыс нөмірі;

      6) әрбір бақылау (идентификациялау) белгісінің идентификаторы үшін бақылау белгісінің радиожиілік таңбасына идентификатор чипі (TID);

      7) бақылау (идентификациялау) белгілерін түсіру тәсілін қамтиды.

      2. СБӨ Екінші деңгейдегі эмитентпен беретін дербестелінген бақылау (идентификациялау) белгісі туралы мәліметтер, әрбір бақылау (идентификациялау) белгісі бойынша мынадай міндетті ақпаратты:

      1) бақылау (идентификациялау) белгілерін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге дербестендіруді және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар тізіліміндегі ұйымның тіркеу нөмірін;

      2) бақылау (идентификациялау) белгілеріне тапсырыс беруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің идентификациялау нөмірі;

      3) бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендірудің және өткізудің тапсырыс нөмірін;

      4) бақылау (идентификациялау) белгілерін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің дербестендірген және өткізген күнін;

      5) әрбір бақылау (идентификациялау) белгілерінің идентификаторы үшін тауар бірлігінің серияландырылған жаһандық нөмірін (SGTIN) қамтиды.

  "Табиғи теріден жасалған киім
заттары, киімге керек-жарақтар
және өзге де бұйымдар" тауар
позициясы бойынша тауарларды
бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру қағидаларына 3-қосымша

Бақылау (идентификациялау) таңбаларымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне
енгізілген тауарлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер
"Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өнімге берілетін мәліметтердің
құрылымына қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды берудің мерзімі

      1. "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы келісімде көзделген жекелеген құжаттарды бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен (бұдан әрі – 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 Шешім) бекітілген Бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесіне (бұдан әрі –Тізбесі) енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуді және (немесе) өндірісті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өнімге (бұдан әрі – СБӨ) электронды түрде мынадай міндетті мәліметтерді:

      1) салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БИН)/жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО) он таңбалы кодын;

      3) тауарлар арналған декларацияның (импорттаушылар үшін) тіркеу нөмірін;

      4) бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторын;

      5) сауда бірлігінің жаһандық идентификациялау нөмірін (бұдан әрі – GTIN);

      6) бақылау (идентификациялау) таңбасының радиожиілік белгісі чипінің идентификаторын (бұдан әрі – TID);

      7) сауда бірлігінің жаһандық идентификациялаудың сериялық нөмірін (бұдан әрі – SGTIN) табыс етеді.

      Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер СБӨ-не мәліметтерді берген кезде бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторын және (немесе) TID және (немесе) SGTIN енгізуіне мүмкіндігі болады. Көрсетілген кодтардың бірін енгізген кезде, қалған кодтар автоматты түрде берілетін болады.

      2. ЕАЭО аумағында трансшекаралық сауда шеңберінде тауарларды сатып алғаннан кейін заңды түлғалар мен дара кәсіпкерлер СБӨ-ге мынадай міндетті ақпарат, трансшекаралық тауар саудасы шеңберінде, сатып алынған әр бірлігі бойынша қамтылған, тауарға түсірілген бақылау (идентификациялау) таңбалары туралы мәліметтерді береді:

      1) мемлекеттік кірістер органының коды;

      2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгендігі туралы өтінішті тіркеу күні (328.00 нысаны);

      3) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгендігі туралы өтінішті тіркеу нөмірі (328.00 нысаны);

      4) салықтөлеушінің БИН/ЖСН;

      5) бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторы және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;

      6) трансшекаралық сауда шеңберінде тауарды сатып алған заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің БИН/ЖСН;

      7) тауар импорты елінің коды.

      Көрсетілген мәліметтер, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер импортталған тауарларды есепке алған күннен кейінгі айдың 20 (жиырмасы) күнінен кеш емес мерзімде электронды түрде СБӨ береді, бұл ретте импортталған тауарларды:

      1) қаржы есептілігінің халықаралық стандартына және "Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Занының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте осындай тауарларды тану (көрсету) күндерінен неғұрлым ерте күн;

      2) осындай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн есепке алған күн болып табылады.

      Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген екі күн де болған кезде, көрсетілген күндердің ең соңғысы әкелінген тауарларды есепке алу күні болып танылады.

      3. Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер СБӨ жұмыс істеген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде СБӨ-ге тауарлардың қалдығын таңбалау туралы мынадай міндетті мәліметтерді:

      1) бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторы және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;

      2) салықтөлеушінің БИН/ЖСН;

      4) тауардың сапасына талапты белгілейтін нормативтік құжаттарды көрсету (олар болған жағдайда, осындай нормативтік құжаттар бойынша шығарылған тауар үшін);

      5) тауарды өндірушінің атауы (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы);

      6) тауардың әр түрлілігін (тауар дайындалған материалдың атауы және тауардың ерекше белгілері (түсі, мөлшері, моделі және өзге де сипаттамалары);

      7) дайындаушы – елдің атауы;

      8) тауарды айналымға шығару тәсілі;

      9) импорттаушылар – ұйымдар үшін – оған сәйкес тауар айналымға шығарылған, тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірі;

      10) GTIN береді.

      4. Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалармен 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесінің (бұдан әрі – Азаматық кодекс) 43-тарауына сәйкес жасасқан шарттардың негізінде тауарлардың комиссиондық саудасы кезінде, осындай сауданы жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер бақылау (идентификациялау) таңбасын пайдаланғандығы туралы мәліметтерді СБӨ табыс етеді. Комиссиондық тауар саудасы кезінде бақылау (идентификациялау) таңбасын пайдаланғандығы туралы мәліметтерді табыс ету кезінде, тауардың әр бірлігі бойынша электронды түрде мынадай (оның ішінде комиссиондық тауар саудасы кезінде қалған тауарлар бойынша) міндетті ақпараттар:

      1) бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторы және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;

      2) комиссиондық сауданы жүзеге асырутын заңды – тұлғала/дара кәсіпкерлердің БИН/ЖСН беріледі.

      5. Егер, Азаматтық кодекстің 454-бабында белгілеген мерзім ішінде тауар кері қайтарылған жағдайда, тауар таңбалауға жатпайды және электронды түрде СБӨ-ге мынадай мәліметтер:

      1) сылықтөлеушінің БИН/ЖСН;

      2) бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторы және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;

      3) тауарды кері қайтаруды растайтын құжаттардың деректемелері тапсырылады.

      6. Егер бақылау (идентификациялау) белгісі зақымдалған немесе жойылған (бүлінген, жоғалған) жағдайда сатушы осы тауарларды сату үшін ұсынған күннен кешіктірмей осындай тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалайды және бақылау (идентификациялау) белгілерін пайдаланғандығы туралы тауардың әр бірлігі бойынша СБӨ-ге мынадай міндетті мәліметтерді:

      1) сылық төлеушінің БСН/ЖСН;

      2) ескі бақылау (идентификациялау) белгісінің идентификаторын (түсіру мүмкін болған кезде);

      3) бақылау (идентификациялау) белгісінің идентификаторын (жаңа) және TID (жаңа) және (немесе) SGTIN (жаңа);

      4) тауарды кері қайтаруды растайтын құжаттардың деректемелерін табыс етеді.

      7. Тізбеге енгізілген тауарлардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер СБӨ-ге тауарға түсірілген бақылау (идентификациялау) таңбалары туралы міндетті мәліметтерді, осындай сауданың шеңберінде өткізілген немесе жойылған (бүлінген, жоғалған), өткізілген тауардың әр бірлігі бойынша электронды түрде:

      1) бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторын және (немесе) SGTIN;

      2) тауарды айналымнан шығару тәсілін (әкелу, өндіру, трансшекаралық сауда, комиссиялық тауар, жою және басқа тәсілдер);

      3) тауарды айналымнан шығарған заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің БИН/ЖСН;

      4) тауарды айналымнан шығару күнін;

      5) тауарды жойған (жоғалтқан) жағдайда – еркін нысынында актінің деректемелерін;

      6) сатып алушының БИН/ЖСН табыс етеді.

      8. Тізбеге енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер бақылау (идентификациялау) таңбаларын жойған (бүлінген, жоғалған) жағдайда, СБӨ мынадай мәліметтерді электронды түрде:

      1) бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторын және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;

      2) бақылау (идентификациялау) таңбасын айналымнан шығару тәсілін (бүлінген, жоғалған, жою);

      3) бақылау (идентификациялау) таңбасын жойған (бүлінген, жоғалған) заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің БИН/ЖСН;

      4) бақылау (идентификациялау) таңбаларын жою туралы еркін нысынында актінің деректемелерін табыс етеді.

      9. Бақылау (идентификациялау) таңбаларын жойған (бүлінген, жоғалған) жағдайда, трансшекаралық тауар саудасының өндірісін, әкелуді, өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, сондай-ақ сатып алушылар кері қайтарған тауарларды және (немесе) дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалармен Азаматтық кодкстің 43-тарауына сәйкес жасасқан комиссиондық шарттар негізінде комиссиялық тауар саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер электронды түрде мынадай міндетті мәліметтерді СБӨ:

      1) бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторын (жаңа) және TID (жаңа) және (немесе) SGTIN (жаңа);

      2) жойылған (бүлінген, жоғалған) бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторын, TID және SGTIN (болған кезде) тапсырады.

      10. Тізбеге енгізілген тауарлардың көтерме саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер СБӨ электрондық түрде мынадай міндетті мәліметтерді:

      1) бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторын және (немесе) TID және (немесе) SGTIN;

      2) тауардың айналым түрі (әкелу, өндіру, комиссиялық тауар, траншекаралық сауда, жою және басқа түрлері);

      3) сатушының БИН/ЖСН;

      4) сатып алушының БИН/ЖСН;

      5) тауардың айналымын растайтын бастапқы құжаттардың нөмірі мен күнін табыс етеді.

      Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарды сатып алуды жүзеге асырған заңды тұлға және дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепте таураларды кіріске жатқызған күннен бастап екі жұмыс күнінің ішінде СБӨ сатып алған тауарды растайды.

  "Табиғи теріден жасалған киім
заттары, киімге керек-жарақтар
және өзге де бұйымдар" тауар
позициясы бойынша тауарларды
бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру қағидаларына 4-қосымша
  нысан
  ____________________________
(бірінші деңгейдегі Эмитенттің атауы)
____________________________
(басшының |Т.А.Ә. (ол болған кезде)
____________________________
(екінші деңгейдегі Эмитенттің атауы)

Таңбалануға жататын тауарларға бақылау (идентификациялау) таңбаларын дайындауға тапсырыс

      (нөмірі және күні жүйеде қалыптастырылады)

      1) екінші деңгейдегі Эмитенттің бизнес идентификациялау нөмірі(БИН)/ жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

      2) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға тауарды шығару тәсілі (Қазақстан Республикасына әкелінген/Қазақстан Республикасында өндірілген/бақылау (идентификациялау) таңбаларымен таңбалануға жататын осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілмеген тауарлар қалдығы/комиссиялық тауар);

      3) бақылау (идентификациялау) таңбасын түсіру тәсілі (тігілетін, желімделген, ілетін (жапсырылған);

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН) төртмәнді тауар коды;

      5) дайындалуға жататын бақылау (идентификациялау) таңбасының саны;

      6) бірінші деңгейдегі Эмитент;

      7) жеткізу мекенжайы;

      8) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын, жауапты тұлғаның аты-жөні, тегі (болған жағдайда);

      9) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;

      10) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның телефон нөмірі;

      11) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның электронды мекенжайы.

  "Табиғи теріден жасалған киім
заттары, киімге керек-жарақтар
және өзге де бұйымдар" тауар
позициясы бойынша тауарларды
бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру қағидаларына 5-қосымша
  нысан
  ____________________________
(бірінші деңгейдегі Эмитенттің атауы)
____________________________
(басшының |Т.А.Ә. (ол болған кезде)
____________________________
(екінші деңгейдегі Эмитенттің атауы)

Бақылау (идентификациялау) таңбаларын дербестендіруге тапсырыс

      (нөмірі және күні жүйеде қалыптастырылады)

      1) салық төлеушінің бизнес идентификациялау нөмірі(БИН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

      2) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға тауарды шығару тәсілі (Қазақстан Республикасына әкелінген/Қазақстан Республикасында өндірілген/ бақылау (идентификациялау) таңбаларымен таңбалануға жататын осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілмеген тауарлар қалдығы/комиссиялық тауар);

      3) ақылау (идентификациялау) таңбасын түсіру тәсілі (тігілетін, желімделген, ілетін, (жабыстыратын));

      4) екінші деңгейдегі Эмитент атауы;

      5) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның электронды мекенжайы;

      6) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның телефон нөмірі;

      7) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын, жауапты тұлғаның аты-жөні, тегі (болған жағдайда);

      8) тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (импорттаушы-ұйым үшін):

      а) мемлекеттік кірістер органының коды;

      б) тауарға арналған декларацияны тіркеу күні;

      в) тауарға арналған декларациясының тіркеу нөмірі;

      г) тауарларға арналған декларацияда көрсетілген, таңбалануға жататын тауарлар (болған кезде) үшін бақылау (идентификациялау) таңбаларының идентификаторының нөмірін;

      д) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) тауар коды;

      е) тауарларға арналған декларациядағы тауарлардың атауы, реттік нөмірлері және мөлшері;

      9) қосымша өлшем бірліктерінің (ол болған кезде) мағынасы;

      10) декларанттың БИН/ЖСН;

      11) бақылау (идентификациялау) таңбаларын алу тәсілі (жеткізу немесе өзі тасымалдау);

      12) заңды тұлғалар/дара кәсіпкерлер мекенжайы/әкету пункті (бақылау (идентификациялау) таңбаларыналудың таңдалған тәсіліне байланысты);

      13) жаһандық сауда бірлігінің идентификациялау нөмірі GTIN:

      а) тауардың атауы;

      б) тауарды өндірушінің атауы (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы);

      в) тауардың әр түрлілігі (тауар дайындаған материалдың атауы және тауардың ерекше өзге белгілері (түсі, мөлшері, моделі және өзге де белгілері);

      г) тауардың шығарылған елін;

      д) тауар мөлшерінің өлшеу бірлігін;

      е) ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды.

      14) дайындалуға жататын бақылау (идентификациялау) таңбасының саны.

  "Табиғи теріден жасалған киім
заттары, киімге керек-жарақтар
және өзге де бұйымдар" тауар
позициясы бойынша тауарларды
бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру қағидаларына 6-қосымша

Бақылау (идентификациялау) таңбасына қойылатын талаптар

      1. "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды таңбалауға арналған бақылау (идентификациялау) таңбасы (бұдан әрі – бақылау (идентификациялау) таңбасы) радиожиілік белгісін қамтиды (бұдан әрі – RFID-белгісі).

      Бақылау (идентификациялау) таңбасы қорғау элементтері (құралдары) (қорғалған полиграфиялық өнім) бар қатаң есептілік бланкісі болып табылады.

      2. Бақылау (идентификациялау) таңбасы мынадай рұқсат етілген мөлшерлерде болады:

      25 мм x 160 мм (25 мм x 210 мм дейін – опционды);

      53 мм x 80 мм (53 мм x 170 мм дейін – опционды).

      Бақылау (идентификациялау) белгісі бейнелерінің мысалы осы талаптарға қосымшаға сәйкес табыс етілді.

      3. Бақылау (идентификациялау) таңбасы мынадай ең аз міндетті қорғау элементтерімен (құралдармен):

      1) қорғау элементтері бар арнайы қорғалған қағаз (целлюлоздық немесе синтетикалық);

      2) латенттік көзбен көруге болатын кескіннің және (немесе) голографиялық элементтердің негізіндегі қорғау белгісі;

      3) көрінетін және (немесе) көрінбейтін, қорғау бояуларымен орындалған графикалық қорғау элементтері;

      4) графикалық торы бар позитивтік және (немесе) негативтік шағын мәтінмен қамтамасыз етіледі.

      4. Тауарларды таңбалау кезінде оларды тауарға түсірудің мынадай тәсілдері мен тәртібі қолданылады:

      1) тігілген, бұл бақылау (идентификациялау) таңбасы, машиналық тәсілмен тоқыма негізінде, бұл таңбада графикалық ақпаратты толығымен көрінетін етіп қалдыра отырып, бұйымның конструктивті тігісіне тікелей тігіледі. Бұл жағдайда, бақылау (идентификациялау) таңбасын түсіру, тігу үшін арнайы ашық жолды пайдалана отырып, ішкі жағынан (аударып) осындай белгіні тігу жолымен тауарды дайындау кезінде орындалады.

      2) желімделетін, бақылау (идентификациялау) таңбасы, тауардың конструктивті элементіне, өздігінен желімделетін негізде, желімделеді (тігілген таңбалайтын құлақша). Бұл жағдайда, бақылау (идентификациялау) таңбасын түсіргенде, дайындаушымен тігілген таңбалайтын құлақша тауарда болған және оған деформациясыз көрсетілген белгіні орналастыру үшін жеткілікті мөлшерде бос ашық жолы бар кезде орындалады. Бақылау (идентификациялау) таңбасын түсіру, осындай белгіні желім қабатынан қорғау жабынын ажырату және бұл белгіні таңбалайтын құлақшаның бос ашық жолына желімдеу жолымен орындалады;

      3) жапсырылатын (ілетін), бақылау (идентификациялау) таңбасын бұйымның алдыңғы жағана түймелейтін тесігіне не ілмешегінің тесігіне пластикалық негізінде, бір реттік пломбылайтын элементтің көмегімен, ал олар болмаған жағдайда – тігілген ілмешегіне не ілмешегін ұстайтын тігілген торға металл шынжырша түрінде, металл пластина түрінде және басқа материалдардан түспейтін етіп бекітіледі. Бақылау (идентификациялау) таңбасын бекіту, бақылау (идентификацияланған) таңбасының икемді пломбы элементін өткізу жолымен ілмешегінің тесігі немесе бұйымның алдыңғы жағандағы түймелейтін тесігіне, тігілген ілмешегіне немесе тігілген тұзақ ілмешегіне және пломбылайтын элементтің бекіту құрылғысы жолымен орындалады, оны бұзбай ажырату мүмкін емес.

      5. Бақылау (идентификациялау) таңбасының материалы:

      1) таңбаның бүтіндігін және оны тауарға бекітуді;

      2) тауарды тұтынушыға өткізгенге дейін, белгіде бар ақпараттың оқылуын;

      3) қайта пайдалану кезде негізінің бұзылуын;

      4) аязға шыдамдылығын (пайдалануға шыдамдылығы -40 °C және одан да төмен температура кезінде жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуы) қамтиды.

      Бақылау (идентификациялау) таңбасының негізі ретінде тоқыманы, платиктерді немесе қағазды пайдалануға болады.

      6. Бақылау (идентификациялау) таңбасын дайындаған кезде UHF-диапазондағы RFID-таңбасы мынадай техникалық сипаттамаларды пайдаланылады:

      1) ISO 18000-63 стандартының талаптарына сәйкес келетін жиілік диапозондағы (860 – 960 МГц UHF RFID хаттамасы үшін) жұмысы;

      2) оның TID – чиптің жадысы саласындағы өндіруші жазған RFID-белгісі бірегейлі чиптің сериялы нөмірінің болуы;

      3) EPCglobal UHF Class 1 Gen 2/ISO/IEC 18000-63:2013 деректемелерді беру хаттамасы;

      4) жадының көлемі: EPC – 128 биттен кем емес, User – 32 биттен кем емес, TID – 64 биттен кем емес;

      5) сақтау температурасы – -40° C-тан +70° C-қа дейін;

      6) жұмыс жасау температурасы – -40° C-тан +50° C-қа дейін;

      7) бағдарламалау циклдері – жазбада кемінде 10000 циклдер.

      7. Бақылау (идентификациялау) таңбасына материалы мен түсіру тәсіліне қарамастан, мынадай ақпараттар енгізіледі:

      1) ISO/IEC 29160 Information technology – Radio frequency identification for item management – RFID Emblem стандартына сәйкес келетін RFID-таңбасының болу белгісі;

      2) Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) тауар тобының орыс тіліндегі қысқаша атауы ("Табиғи теріден жасалған киім заттары" – "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) таңбасымен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі тауарлар үшін). Блоктың мөлшері – 5 x 45 мм;

      3) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген, Әлем елдерінің жіктеуіштеріне сәйкес айналымға тауарды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің екі символдық коды (Қазақстан Республикасы – KZ). Блоктың мөлшері – 15 x 18 мм;

      4) бақылау (идентификациялау) таңбасының (идентификаторы) идентификациялау нөмірі;

      5) айналымға тауарды шығару тәсілін белгілеу (Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өндіру). Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген тауарлар, Бақылау (идентификациялау) таңбасымен таңбалауға жататын тауарларды таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары заңды күшіне енгенге дейін өткізілмеген тауарлардың қалдығын және комиссиялық тауарларды бақылау (идентификациялау) таңбасының реңі қызыл түспен және Қазақстан Республикасының кодымен ашық жолда қосымша оң жақты бағандық белгімен белгіленеді. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды бақылау (идентификациялау) таңбасының реңі жасыл түспен белгіленеді.

      8. Бақылау (идентификациялау) таңбасы мынадай машина оқитын ақпаратты қамтиды:

      1) мыналарды:

      TID-жады саласындағы – RFID-таңба чипті өндірушімен жазылатын бірегей сериялық RFID-таңба чипінің нөмірі;

      User-жады саласындағы – бірінші деңгейдегі Эмитентпен жазылатын бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторы;

      EPC-жады саласындағы – екінші деңгейдегі Эмитентпен жазылатын сауда бірлігінің сериялық жаһандық идентификациялау нөмірі (SGTIN) қамтитын, RFID-белгі;

      2) ақ-қара бояуда орындалған Code-128 символикасында сызбалы штрих коды. Сызбалы штрих код, осы Қағидаларға сәйкес кодталған түрдегі бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификациялау нөмірін (идентификаторын) қамтуы тиіс;

      3) кодталған түрде таңбалау ақпараттық жүйесі парталына сілтеме жасауды қамтитын екіөлшемді штрих коды (QR-коды 20 x 20 мм мөлшерінде) (бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификациялау нөмірімен ұлттық компонентіне URL-сауал).

      Бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификациялау нөмірі (идентификаторы) мынадай құрылымды қамтиды: YY-XXXXXX-NNNNNNNNNN, мұнда:

      YY – тауарды айналымға шығаруды жүзеге асырған ЕАЭО мүше мемлекет екісимволдық коды (Қазақстан Республикасы – KZ);

      XXXXXX – 6 әріпті-цифрлық символдарда бақылау (идентификациялау) таңбасының түрі, мұнда:

      бірінші төрт символы – ЕАЭО СЭҚ ТН тауар коды;

      кейінгі екі символы – Қазақстан Республикасының аумағында тауарды айналымға енгізу тәсілі туралы ақпарат (01-осы Қағидалары қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілмеген тауарлардың қалдықтары; 02-өндіріс; 03-импорт; 04-комиссиялық тауарлар; 05-бақылау (идентификациялау) таңбасы бүлінген немесе жойылған, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімде сатып алушылардың қайтарылған тауарлары, 06-тауарлардың басқа да мәртебелері үшін);

      NNNNNNNNNN – бақылау (идентификациялау) таңбасының сериясы мен нөмірі (10 әріпті-цифрлфқ символдар, онда 0-ден 9-ға дейін сандардың кез келген комбинациялары және эмитент автоматты түрде қалыптастыратын және оларға қатысты бақылау (идентификациялау) таңбаларымен таңбалау туралы шешім кабылданған, тауарлар тобының және тауарларды айналымға шығару тәсілінің шеңберінде тауарлар бірлігін есепке алудың бірегейлілігін қамтамасыз ететін латын алфавитінің бастапқы әріптері пайдаланылады). Бірінші 3 символ NNN – отыз алты жүйедегі ағымдағы күні, келесі 3 символ NNN – кездейсоқ жолмен туындаған сан, соңғы 4 символ NNNN – осы тапсырыс шегіндегі реттік нөмірі.

  Бақылау (идентификациялау)
таңбаларына қойылатын
талаптарға қосымша

БАҚЫЛАУ (ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ) ТАҢБАЛАРЫ КЕСКІНДЕРІНЕ МЫСАЛДАР



1-сурет. Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген тауарлар үшін бақылау (идентификациялау) таңбасын кескіндеу мысалы



2-сурет. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген тауарлар үшін бақылау (идентификациялау) таңбасын кескіндеу мысалы



3-сурет. Тауарға бекітудің ілу (жапсыру) тәсілі үшін бақылау (идентификациялау) таңбасын кескіндеу мысалы

      Ескертпе:

      1 және 2-суреттерде пайдаланылатын белгілер, мынаны білдіреді:

      1 – Қазақстан Республикасына-KZ тауарды айналымға шығаруды жүзеге асыратын ЕАЭО мүше мемлекет екісимволдық коды. Мөлшері – 15 x 18 мм;

      2 – тауарды айналымға шығару тәсілінің белгісі (Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарды әкелуі немесе Қазақстан Республикасының аумағында тауарды өндіруі). Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген тауарлар, Таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары заңды күшіне енуіне дейін өткізілмеген тауарлар қалдығын және комиссиялық тауарларды бақылау (идентификациялау) таңбасының реңі қызыл түспен белгіленеді. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды бақылау (идентификациялау) таңбасының реңі жасыл түспен белгіленеді;

      3 – орыс тіліндегі мәтін түрінде ЕАЭО СЭҚ ТН тауар тобының қысқаша атауы ("Табиғи теріден жасалған бұйымдар" – "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) таңбаларымен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі тауарлар үшін). Мөлшері – 5 x 45 мм;

      4 – бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификациялау нөмірі (идентификаторы) және сызбалы штрих коды, Code-128 форматында осындай белгіні қайталаушы идентификатор, Мөлшері – 12х75 мм.

      Идентификатордың құрылымы YY-XXXXXX-NNNNNNNNNN түрінде болады. Оны толтыру, ЕАЭО мүше мемлекеттің екі әріпті кодын қоспағанда, 2015 жылғы 23 қарашадағы №70 Шешімнің 12-тармағына сәйкес айқындалады.

      5 – бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторын қайталаушы және ақпараттық жүйесінің парталына сілтеме жасауды қамтитын екіөлшемді штрих коды (QR-коды). Мөлшері – 20 x 20 мм;

      6 – RFID-таңбасының болу белгісі. Мөлшері – 15 x 15 мм;

      7 – бұйымға тігу үшін ашық жолақ (25 x 10 мм немесе 53 x 10 мм) (тек тауарға түсірудің тігу тәсілі үшін).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады