Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 85 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қазанда № 15917 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 49/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 49/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 49/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық құжат және қағаз жеткізгіш нысанында, қазақ және орыс тілдерінде, ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2017 жылғы 27
қыркүйектегі № 85 қе
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 49/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) әскери, арнаулы оқу орындарында әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.

      2. ҰҚО әскери, арнаулы оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 12 және 13-тармақтарына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Әскери қызметшінің соңғы қызмет (оқу) орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық және өзге де органдарының кадр бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаментін (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) кадр бөлімшесін):

      1) бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – үлгерімі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату салдарынан əскери қызметшінің Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығарып жіберілгені туралы;

      2) бас тарту құжаттамалық расталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – әскери қызметшінің əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқаны және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген мерзімі аяқталғанға дейін әскери оқу орындарын бітірген əскери қызметшінің теріс себептермен əскери қызметтен босатылғаны туралы хабардар етеді.

      4. Әскери қызметшіге оқуға жұмсалған ақшаны өтеу бойынша талап жұмысын жүргізу үшін әскери қызметтен босатылған (оқудан шығарып жіберілген) әскери қызметшінің соңғы қызмет өткеру (оқу) орны бойынша ҰҚО кадр бөлімшесі әскери қызметшінің соңғы қызмет өткеру (оқу) орны бойынша ҰҚО заң бөлімшесіне мынадай материалдарды жолдайды:

      1) "Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың және ұсыныстың үлгілік нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36/қбп бұйрығымен бекітілген Үлгілік нысанға сәйкес нысан бойынша әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16594 болып тіркелген);

      2) оқудан шығарып жіберілген (жұмыстан шыққан) әскери қызметшіге қатысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынын тізіміне қабылдау немесе одан шығару туралы әскери оқу орны бастығының бұйрығынан үзінді;

      3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітірген әскери қызметшіге қатысты – ҰҚО тізімінен шығару туралы бұйрықтан үзінді;

      4) осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшіні – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынын курсантын, магистрантын, докторантын оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі;

      5) осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшіні – курсантты, адъюнктті шет мемлекеттердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі.

      5. Үлгерімі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату салдарынан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты шығарылған, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметші əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жыл шығындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынын курсанты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандырумен қамтамасыз етуге, лауазымдық айлықақысын (стипендия) төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке өтейді.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітірген əскери қызметші теріс себептермен шығарылған, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша əскери қызметтен босатылған жағдайда, әскери қызметші мәртебесінде оқытудың бірінші жыл шығындарын қоспағанда, əскери қызметші мəртебесінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқыту кезеңінде тамақтандырумен қамтамасыз етуге, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым курсантының лауазымдық айлықақысын (стипендия) төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін қаражатты мемлекетке келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтейді.

      Әскери қызметшіні – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, соның ішінде шетелдегі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (курсантты, магистрантты, докторантты, адъюнкті) оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының бастығы жыл сайын оқудың әрбір курсы аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде бекітеді.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқытуға жұмсалған нақты шығындар сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, ал шет мемлекет жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында – оқу курсы аяқталу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің курсын қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырту оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқу кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін оны оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алу тоқтатылады.

2-тарау. Оқуға жұмсалған ақшаны өтеу тәртібі

      6. Оқытуға жұмсалған ақшаны ерікті түрде өтеу қажеттілігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) ерікті нысанда жасалады және әскери қызметшінің соңғы қызмет өткеру (оқу) орны бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық және өзге де органдарының кадр бөлімшелері әскери қызметтен босатылған (оқудан шығарылған) әскери қызметшінің мекенжайына электронды почта, телефонограмма немесе телеграмма және өзге де байланыс құралдары арқылы жолдайды.

      Хабарламада өтеуге жатқызылған сома, сондай-ақ өз еркімен өтеу мерзімдері мен оқуға жұмсалған ақшаны өтеуге келісу не болмаса бас тарту туралы жазбаша жауапты ұсыну көрсетіледі.

      7. Оқуға жұмсалған ақшаны өз еркімен өтеуге келісу туралы жазбаша жауапты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әскери қызметтен босатылған (оқудан шығарылған) әскери қызметшінің мекенжайына оның соңғы қызмет (оқу) орны бойынша кадр бөлімшелері банкілік деректемелер мен алты айдан аспайтын мерзімге оқуға жұмсалған ақшаны өтеу кестесін (бұдан әрі – кесте) көрсете отырып, хабарлама жолдайды.

      Оқуға жұмсалған ақшаны толық көлемде өз еркімен өтелмеген жағдайда, құралған қарызды өтеу, белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір ай ішінде сот тәртібінде жүзеге асырылады.

      8. Әскери қызметтен босатылған (оқудан шығарылған) әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны өз еркімен өтеуден жазбаша бас тартқан не болмаса хабарлама жолданған күннен бастап бір ай ішінде жазбаша жауап болмаған жағдайда ақшаны өтеу хабарлама жолданған күннен бастап бір ай өткеннен кейін сот тәртібінде жүзеге асырылады.

      9. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында ҰҚО әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден түсетін ақша республикалық бюджеттің кірісіне аударылуға жатады.

      10. ҰҚО әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеуді бақылау әскери қызметшінің соңғы қызмет атқарған (оқыған) орны бойынша ҰҚО заң бөлімшесі жүзеге асырады.

      11. Тоқсан сайын келесі тоқсаннан кейінгі айдың оны күніне дейін ҰҚО кадр, заң және қаржы бөлімшелері оқуға жұмсалған ақшаның шығыстарын өтеу бойынша деректерді салыстыруды жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
әскери, арнаулы оқу
орындарында әскери
қызметшілерді оқытуға
жұмсалған ақшаны мемлекетке
өтеу қағидаларына
1-қосымша
(нысан)
  Бекітемін
Бастық (басшы)
(ведомства, Қазақстан
Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
бөлімшелері, әскери, арнаулы
оқу органдары)
____________________________
(ведомства, Қазақстан
Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
бөлімшелері, әскери, арнаулы
оқу органдары)
____________________________
(әскери (арнайы) атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
20 ___ ж. "__"__________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарынын әскери қызметшісін (курсантын)
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
__________________________________________________________________
мамандығы бойынша 20__ ж. "__" _______ 20__ ж. "__" ________ оқу кезеңіне оқытуға
жұмсалған нақты шығындардың
Жиынтық есебі

Шығыстар атауы

Шығыс сомасы (тенге)

Лауазымдық айлық ақы (стипендия)


Азық-түлікпен қамтамасыз ету


Жол жүру


Жалпы нақты оқытуға жұмсалған шығындары үшін өтелуге жатады:


      Бастықтын (басшының) орынбасары
(ведомства, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік
органдарының бөлімшелері, әскери, арнаулы оқу орындары)

      м.о.

      ______________________________________
(әскери (арнайы) атағы, қолы, аты, әкесінің атының бас әріптері және тегі (бар болса))
20__ж. "__"__________

      Қаржы бөлімінің бастығы
(ведомства, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік
органдарының бөлімшелері, әскери, арнаулы оқу органдары)

      м.о.
______________________________________

      (әскери (арнайы) атағы, қолы, аты, әкесінің атының бас әріптері және тегі (бар болса))

      20__ж. "__"__________

  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
әскери, арнаулы оқу
орындарында әскери
қызметшілерді оқытуға
жұмсалған ақшаны мемлекетке
өтеу қағидаларына
2-қосымша
(нысан)

Бекітемін
Бастық (басшы)
(ведомства, Қазақстан
Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
бөлімшелері, әскери,
арнаулы оқу орындары)
____________________________
(ведомства, Қазақстан
Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
бөлімшелері, әскери, арнаулы
оқу орындары)
____________________________
(әскери (арнайы) атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
20 ___ ж. "__"__________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарынын әскери қызметшісін

      (магистрант, докторант)
__________________________________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      __________________________________________________________________
мамандығы бойынша 20__ ж. "__" _______ 20__ ж. "__" ________ оқу кезеңіне оқытуға
жұмсалған нақты шығындардың
Жиынтық есебі

Шығыстар атауы

Шығыс сомасы (тенге)

Өтемақы (оқу орнына жету және қайту, тағылымдамаға бару және одан қайту, көтермелеу жәрдемақысы, іссапар бару және одан қайту).


Магистрант, докторантпен олардың отбасы мүшелерінің
қызмет өткеру (мекенжайы) орынынан оқу орынына дейін барған және қайтқан бойынша шығыстары.


Магистрант, докторантпен мен олардың отбасы мүшелерінің қызмет өткеру (мекенжайы) орнынан оқу орнына дейін барған және қайтадан өз мүлкін тасымалдау бойынша көлік шығыстары.


Жалпы нақты оқытуға жұмсалған шығындары үшін өтелуге жатады:


      Бастықтын (басшының) орынбасары
(ведомства, ҚР ҰҚО бөлімшелері, ӘОО) (ведомства,
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының
бөлімшелері, әскери, арнаулы оқу орындары)
м.о.
_______________________________________
(әскери (арнайы) атағы, қолы, аты, әкесінің атының бас әріптері және тегі (бар болса))
20__ж. "__"__________
Қаржы бөлімінің бастығы
(ведомства, Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының бөлімшелері, әскери,
арнаулы оқу орындары)
м.о.
______________________________________
(әскери (арнайы) атағы, қолы, аты, әкесінің атының бас әріптері және тегі (бар болса))
20__ж. "__"__________

  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
әскери, арнаулы оқу
орындарында әскери
қызметшілерді оқытуға
жұмсалған ақшаны мемлекетке
өтеу қағидаларына
3-қосымша
(нысан)

Бекітемін
Бастық (басшы)
(ведомства, Қазақстан
Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
бөлімшелері, әскери, арнаулы
оқу орындары)
____________________________
(ведомства, Қазақстан
Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
бөлімшелері, әскери, арнаулы
оқу орындары)
____________________________
(әскери (арнайы) атағы, Т.А.Ә.
(бар болса))
20 ___ ж. "__"__________

      Шет мемлекетте оқыған әскери қызметшісін (курсантын)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
мамандығы бойынша 20__ ж. "__" _______ 20__ ж. "__" ________ оқу кезеңіне оқытуға
жұмсалған нақты шығындардың
Жиынтық есебі

Шығыстар атауы

Шығыс соммасы (тенге)

Жол жүру


Жалпы нақты оқытуға жұмсалған шығындары үшін өтелуге жатады:


      Бастықтын (басшының) орынбасары
(ведомства, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік
органдарының бөлімшелері, әскери, арнаулы оқу орындары)
м.о. ______________________________
(әскери (арнайы) атағы, қолы, аты, әкесінің атының бас әріптері және тегі (бар болса)
20__ж. "__"__________
Қаржы бөлімінің бастығы
(ведомства, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік
органдарының бөлімшелері, әскери, арнаулы оқу орындары)
м.о.
______________________________________
(әскери (арнайы) атағы, қолы, аты, әкесінің атының бас әріптері және тегі (бар болса)
20__ж. "__"__________

  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
әскери, арнаулы оқу
орындарында әскери
қызметшілерді оқытуға
жұмсалған ақшаны мемлекетке
өтеу қағидаларына
4-қосымша
(нысан)
Бекітемін
Бастық (басшы)
(ведомства, Қазақстан
Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
бөлімшелері, әскери, арнаулы
оқу орындары)
____________________________
(ведомства, Қазақстан
Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
бөлімшелері, әскери, арнаулы
оқу орындары)
____________________________
(әскери (арнайы) атағы, Т.А.Ә.
(бар болса))
20 ___ ж. "__"__________

      Шет мемлекетте оқыған әскери қызметшісін (адъюнкт)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
__________________________________________________________________
мамандығы бойынша 20__ ж. "__" _______ 20__ ж. "__" ________ оқу кезеңіне оқытуға
жұмсалған нақты шығындардың
Жиынтық есебі

Шығыстар атауы

Шығыс соммасы (тенге)

Өтемақы (оқу орынына және каникулдық демалысқа жол жүру үшін, тағылымдамаға бару және одан қайту, көтермелеу жәрдемақысы).


Адъюнкт пен олардың отбасы мүшелерінің қызмет өткеру (мекенжайы) орнынан оқу орнына дейін барған және Қазақстан Республикасына қайтадан жол жүрулері.


Адъюнкт пен олардың отбасы мүшелерінің қызмет өткеру (мекенжайы) орнынан оқу орнына дейін барған және Қазақстан Республикасына қайтадан өз мүлкін тасымалдау бойынша көлік шығыстары.


Адъюнктің отбасы мүшелерінің медицина сақтандыру үшін.


Жалпы нақты оқытуға жұмсалған шығындары үшін өтелуге жатады:


      Бастықтың (басшының) орынбасары
(ведомства, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік
органдарының бөлімшелері, әскери,арнаулы оқу орындары)
м.о. ______________________________________
(әскери (арнайы) атағы, қолы, аты, әкесінің атының бас әріптері және тегі (бар болса))
20__ж. "__"__________
Қаржы бөлімінің бастығы
(ведомства, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік
органдарының бөлімшелері, әскери, арнаулы оқу орындары)
м.о. ______________________________________
(әскери (арнайы) атағы, қолы, аты, әкесінің атының бас әріптері және тегі (бар болса))
20__ж. "__"__________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады