Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 637 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 қарашада № 15958 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесінің 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемдері:

      Атырау облысы – 1 300 000 000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңгеден артық емес;

      Маңғыстау облысы – 3 115 550 000 (үш миллиард жүз он бес миллион бес жүз елу мың) теңгеден артық емес;

      3) Шығыс Қазақстан облысы – 2 810 000 000 (екі миллиард сегіз жүз он миллион) теңгеден артық емес;

      4) Алматы қаласы – 2 900 000 000 (екі миллиард тоғыз жүз миллион) теңгеден артық емес;

      5) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Атырауской, Мангистауской, Восточно-Казахстанской областей и города Алматы

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 октября 2017 года № 637. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 ноября 2017 года № 15958.

      В соответствии со статьей 212 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и пунктом 8 Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить следующие условия, объем и целевое назначение выпуска местными исполнительными органами Атырауской, Мангистауской, Восточно-Казахстанской областей и города Алматы государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке:

      1) условия:

      год выпуска государственных ценных бумаг – 2017 год;

      вид ценных бумаг – государственные ценные бумаги, выпускаемые местными исполнительными органами областей, города республиканского значения, столицы для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ;

      2) объемы:

      Атырауской области – не более 1 300 000 000 (один миллиард триста миллионов) тенге;

      Мангистауской области – не более 3 115 550 000 (три миллиарда сто пятнадцать миллионов пятьсот пятьдесят тысяч) тенге;

      Восточно-Казахстанской области - не более 2 810 000 000 (два миллиарда восемьсот десять миллионов) тенге;

      города Алматы - не более 2 900 000 000 (два миллиарда девятьсот миллионов) тенге;

      3) целевое назначение – финансирование строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ.

      2. Департаменту государственного заимствования Министерства финансов Республики Казахстан (Мейрханов Р.Т.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Б. Султанов