Байланыс формасы

Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 327 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 қарашада № 15980 болып тіркелді.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі бекітілсін.

      2. "Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 68 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13259 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (Ә.Ғ. Қожықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "___"________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ________________ Р. Дәленов

      2017 жылғы 25 қазан

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 327 бұйрығымен
бекітілген

Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-8) тармақшасына (бұдан әрі - Зан) сәйкес әзірленді және ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеуді жүргізу рәсімінде қолдануға арналған.

      2. Әдістемеде пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) байланыстың қолжетімділігі (қосылуды орнатудың қолжетімділігі) – шақырылып және шақырып отырған абоненттер арасында талап етілетін қосылуды орнату ықтималдығы;

      2) байланыстың қолжетімділік көрсеткіші – жасалған шақыру талаптарының жалпы санынан сәтті шақырулар үлесі;

      3) байланыстың үздіксіздігі (орнатылған қосылудың сақталуы) – екі абоненттің арасында орнатылған қосылудың оларға тәуелсіз себептер бойынша уақытынан бұрын ажырамауы;

      4) байланыс үздіксіздігінің көрсеткіші – абоненттің бастамасы бойынша орнатылған қосылудың ажыраумен аяқталынатын шақырулар үлесі;

      5) бақылап шығу – мобильдік өлшеу кешенін белгілі бір бағдар бойынша қозғалыста қолдана отырып, техникалық өлшемдерді өлшеу әдісі;

      6) бақылау шақыру – мобильдік өлшеу кешені, тасымалданатын өлшеу кешені не арнайы бағдарламалық қамтылым орнатылған мобильдік телефон бастамалайтын шақыру;

      7) дауыстық үлгі – бақылау шақыру кезінде айналған милисекундтағы белгілі ұзақтықтағы дыбыстық фрагмент;

      8) деректерді өңдеу жүйесі – деректерді өңдеуді қамтамасыз ететін техникалық және бағдарламалық құралдардың жиынтығынан тұратын жүйе;

      9) жүргізілетін өлшеу орындарының жіктеуіші – өлшеу жүргізілетін қоршаған ортаны әкімшілік бөлінуі, жүргізілетін өлшеулердің түрі, ұйымдастырушылық қызмет түрі бойынша (жоспардан тыс, жоспарлы) бөлу;

      10) жылжымалы өлшеу кешені – өлшеуді орындау міндеттерін шешу үшін қолданылатын автомобиль базасындағы аппараттық құрылғылардың мобильдік өлшеу кешені;

      11) қамту – абоненттің ұялы байланыс желісі мен оның сервистеріне қол жеткізу мүмкіндігін айқындайтын ұялы байланыс желісінің ерекшелігі;

      12) қамту аймағы - шекарасында ала белгіленген сапамен қабылдауға кепіл болатын аумақ;

      13) қызмет сапасының көрсеткіші – байланыс операторының байланыс қызметтерін көрсету және абонеттерге қызмет көрсету бойынша қызметінің нәтижесін айқындайтын, сапа өлшемдерінен есептеу арқылы алынған, қызметтердің сандық сипаттамасы;

      14) мобильдік өлшеу кешені – өлшеуді орындау міндеттерін шешу үшін қолданылатын аппараттық құрылғылардың жылжымалы немесе тасымалданатын кешені;

      15) мобильдік телефон және (немесе) модем – байланыс сеанстарын жүзеге асыру және қолдау функциясын қолдайтын аппараттық құрылғы;

      16) навигациялық құрылғы – құрылғының Жердегі ағымдағы орналасқан орнын айқындау мақсатында спутниктік навигация жүйесінен сигнал алатын құрылғы;

      17) орнатылған қосылудың уақыттан бұрын ажырауы – абоненттің бастамасынсыз қосылуды (әңгімені) тоқтату;

      18) өлшеу кешені – құрамына өлшеуді орындау міндеттерін шешу үшін қолданылатын техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтылым кіретін аппараттық құрылғылар кешені; 

      19) сәтсіз шақырулар – желінің түрлі учаскелеріндегі бұғаттауларға және техникалық ақауларға байланысты жоғалған шақырулар;

      20) сәтсіз шақырулардың үлесі – сәтсіз шақырулардың өлшеу кезеңіндегі бақылау шақырулардың жалпы санына пайызбен немесе абсолюттік шамамен көрсетілген қатынасы;

      21) сәтті шақырулар – шақырылатын абоненттің жауап бермеуін немесе бос болмауын қоса алғанда, шақырылатын абонент станциясының жауабымен аяқталған шақырулар және/немесе абоненттің қызмет көрсету аймағынан тыс болуы немесе оның аппаратының сөндірілуі туралы оператордың жауабымен аяқталған шақырулар;

      22) сканерлейтін қабылдағыш – ұялы байланыстың радиожелілері сигналдарын және техникалық өлшемдерін тіркеуге арналған аспап;

      23) сөздерді жеткізу сапасы – байланыс жүйесіне түскен ақпараттық сигнал сөздерін (дауыс қаттылығы, түсініктілігі) жеткізу өлшемдері сипаттамаларының жиынтығы;

      24) сөздерді жеткізу сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың үлесі – сөздерді жеткізу сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың (орнатылған қосылулардың) өлшеу кезеңіндегі бақылау шақырулардың жалпы санына пайызбен көрсетілген қатынасы;

      25) сөздің анықтылығы – жалпы айтылған сөйлеу элементтерінің жалпы санынан тыңдаушылар дұрыс қабылдаған салыстырмалы немесе пайыздық саны; 

      26) таймаут – мерзімі өткен соң келесі виртуалды оқиғаларға көшетін тіркелген уақыт аралығы;

      27) тасымалданатын өлшеу кешені – құрамына жергілікті жерлер мен үй-жайларда өлшеуді орындау міндеттерін шешу үшін қолданылатын техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтылым кіретін аппараттық құрылғылардың аз габаритті мобильдік кешені;

      28) техникалық өлшем - өлшеу нәтижесінде алынған қызметтердің сандық сипаттамасы;

      29) ұялы байланыс қызметтерінің сапасы – абоненттің мәлімделген, орнатылған және тапсырыс берілген қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін айқындайтын, телекоммуникациялық қызметтердің тұтынушылық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткiштердің жиынтығы;

      30) ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу (бұдан әрі – өлшеу) – арнайы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен қажетті шаманың мәнін табу.

      3. Осы Әдістемеде мынадай қысқартулар қолданылады:

      GSM (Global System for Mobile Communications) – екінші буынды ұялы байланыс технологиясы;

      UMTS (Universal Mobile Telecommunications System) – үшінші буынды ұялы байланыс технологиясы;

      SIM – абонентті сәйкестендіру үшін ұялы байланыста қолданылатын модуль-карта;

      LTE (Long Term Evolution) – төртінші буынды ұялы байланыс технологиясы;

      LTE-Advanced (Long Term Evolution) – төртінші буынды ұялы байланыстың жақсартылғын Технологиясы;

      PESQ (Perceptual Evaluation of Speecg Quality) – сөздің анықтылығын бағалау алгоритмі;

      POLQA (Perceptual Objective Listening Quality Assessment) – жаңа буынды сөздің анықтылығын бағалау алгоритмі;

      SMS (Short Message Service) – қысқа мәтінді хабарламалар сервисі;

      MOS (Mean Opinion Score) – сөзді жеткізу сапасын орташаландырған сараптамалық бағалау.

      4. Қазақстан Республикасының байланыс желілеріндегі байланыстың желісі, ұялы байланыстың дауыстық қызметі мен жылжымалы байланыс желілері арқылы Интернетке қол жеткізу сапасының техникалық өлшемдері өлшеу объектісі болып табылады.

      5. Байланыс желілеріндегі ұялы байланыстың дауыстық қызметінің және байланыстың жылжымалы желілері арқылы интернетке қол жеткізудің техникалық өлшемдері қосылулардың мынадай түрлері үшін өлшенеді:

      шақыру орнатылған кезде дауыстық ақпаратты қабылдау/жіберу үшін; бақылау сессияларын орнатқан кезде деректерді қабылдау/жіберу үшін.

      Сапасының техникалық өлшемдер байланыс желілеріндегі ұялы байланыс желісі шақыру орнатылған кезде дауыстық ақпаратты қабылдау/жіберу олшенеді.

      6. Ұялы байланыс желісі мынадай технологиялардың негізінде ұйымдастырылуы мүмкін: GSM, UMTS/WCDMA, LTE/ LTE-Advanced.

2-тарау. Өлшеулерді орындау шарттары

      7. Өлшеулер ұялы байланыс желісін шамадан артық жүктемесіз, кідірулерсіз пайдалану режимінде, ұялы байланыс жабдығы мен пайдаланылатын өлшеу құралдарының пайдалану құжаттарында көрсетілген климаттық жағдайларда жүргізіледі.

      8. Өлшеу жылжымалы өлшеу кешенін пайдалана отырып, жергілікті жердің электрондық карталарын және (немесе) қағаз тасығыштағы жергілікті жердің карталарын пайдаланумен жүргізіледі.

      9. Өлшеу тасымалданатын өлшеу кешенін пайдалана отырып, жергілікті жерде және үй-жайларда жергілікті жердің, үй-жайлардың жоспар-схемасын қолдана отырып жүргізіледі.

      10. Өлшеу нүктелерінің географиялық координаталарын айқындау үшін өлшеу жабдығының құрамына кіретін немесе мобильдік терминалға кіріктірілген навигациялық құрылғы пайдаланылады.

      11. Ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу кезінде мынадай шарттар болжамдалады:

      ұялы байланыс желісінің жабдығы дайын жай-күйінде;

      бағдардың екінші жағында "шақырушы абонент - шақырылатын абонент" тізбегіндегі абоненттің жабдығы шақыруға жауап беруге дайын.

      12. Өлшеу кешендері мен қосалқы жабдық техникалық құжаттамаға сәйкес жұмысқа дайын болуы тиіс.

      13. Өлшеу бағдары оператордың ресми Интернет – ресурсында жарияланған, оператор мәлімдеген қамту аймағын ескере отырып жоспарланады. Өлшеу бағдары осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес бағдарлардың сипаттамасы негізінде жасалады.

      14. Өлшеуді орындаған кезде мыналар сақталады:

      1) мемлекеттік санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтер талаптары;

      2) қолданылатын өлшеу құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқауда белгіленген қауіпсіздік талаптары.

3-тарау. Ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдеріне өлшеу жүргізу рәсімі

1-параграф. Ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдісі

      15. Өлшеулер байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштерін бағалау үшін бақылау шақыру әдісі және жылжымалы байланыс желілері арқылы интернетке қол жеткізу қызметтері сапасының көрсеткіштерін бағалау үшін бақылау сессиялары әдісімен жүргізіледі.

      16. Әрбір бақылау шақыруды/бақылау сессиясын орындаған кезде қосылудың мәртебесін сипаттайтын виртуалдық нүктелер тіркеледі. Техникалық өлшемдерді өлшеу осы негізгі нүктелер бойынша жүргізіледі.

      17. Бақылау шақырулары шығыс және кіріс шақыру үшін кезекпен орындалады.

      18. Бақылау шақырулары бір мобильдік телефоннан:

      басқа мобильдік телефонға дейін;

      тіркелген байланыс операторының желісіне (тіркелген телефон байланысы) қосылған стационарлық телефон аппараттарына (автожауапбергіш) жүргізіледі.

2-параграф. Қолданылатын өлшеу құралдары

      19. Құралдар:

      1) жылжымалы өлшеу кешендері;

      2) тасымалданатын өлшеу кешендері;

      3) арнайы бағдарламалық қамтылым орнатылған мобильдік телефондар және (немесе) модемдер болып бөлінеді.

      20. Жылжымалы өлшеу кешені мынадай бөліктерден тұрады:

      1) сканерлейтін қабылдағыш;

      2) мобильдік телефондар және (немесе) модемдер;

      3) сыртқы антенналар;

      4) деректерді өңдеу жүйелері;

      5) навигациялық құрылғылар;

      6) қосалқы жабдық.

      Жылжымалы өлшу кешенінің құрамы мен қосылу схемасы осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

      21. Тасымалданатын өлшеу кешені мыналардан тұрады:

      1) мобильдік телефондар және (немесе) модемдер;

      2) контроллер.

      Қажет болған жағдайда, тасымалданатын өлшеу кешеніне сканерлейтін қабылдағыш және (немесе) навигациялық құрылғы қосылады.

      Тасымалданатын өлшеу кешенінің құрамы мен қосылу схемасы осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.

      22. Техникалық өлшемдерге өлшеу жүргізуге арналған мобильдік телефон:

      1) мобильдік құрылғыдан;

      2) мобильдік құрылғыға орнатылған ұялы байланыс желісінде өлшеулер жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық қамтылымынан тұрады.

3-параграф. Өлшеуді орындау бірізділігі

      23. Өлшеу мынадай бірізділікпен жүргізіледі:

      1) өлшеу бағдарының схемасы әзірленеді. Бұл үшін ұсынылған желіні қамту картасының негізінде бақылап шығу жүргізу жоспарланатын аумақ айқындалады;

      2) таңдап алынған аумақ шекарасына мобильдік өлшеу кешенінің өлшеу бағдары схемасы жасалынып, картаға түсіріледі;

      3) өлшеу құралдары оларға қоса берілген пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес талап етілетін өлшемдерін өлшеу үшін күйге келтіріледі;

      4) қажетті техникалық өлшемдерді автоматты режимде өлшеу жүргізіледі;

      5) өлшеу нәтижелері одан әрі өңдеу мен есептеу үшін сақталады.

      24. Өлшеуді үй-жайдың ішінде жүргізу кезінде іс-қимылдар бірізділігі осы Әдістеменің 23-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес орындалады.

      25. Бақылап шығу нәтижесінде әрбір бағдар үшін жылжымалы байланыс қызметтерінің мынадай өлшемдерінің нәтижелері графикалық және кесте нысандарында алынып, автоматты түрде қалыптастырылады:

      ұялы байланыспен қамту сапасын сипаттайтын өлшемдер;

      байланыстың қолжетімділік көрсеткіштерін, байланыстың үздіксіздігін бағалауға арналған өлшемдер;

      телефондық қосылуды белгілеудің орташа уақыты мен жауап сигналының кідіру уақытының мөлшерін бағалауға арналған өлшемдер;

      сөздің орташа айқындылығын бағалауға арналған өлшемдер;

      Интернетке қол жеткізу қызметін сипаттайтын өлшемдер. 

      26. Ұялы байланыспен қамту сапасын сипаттайтын өлшемдерді өлшеу GSM, UMTS/WCDMA, LTE/LTE-Advanced желілерінде бір уақытта (MIMO қоса алғанда, операторлар зерттелетін аумақта қолданатын технологиялар мен жиіліктер диапазондарына сәйкес) сканерлейтін қабылдағыштың көмегімен орындалады. Сканерлейтін қабылдағыш әрбір өлшенетін сипаттаманы өлшеу нәтижесін әр зерттеліп отырған желіде кем дегенде секундына бір рет тіркеуді қамтамасыз етуі тиіс. Өлшеулер шығаратын антенналарды пайдалана отырып орындалады. Сканерлейтін қабылдағыштың шығарылатын антенналары сигналды күшін азайтатын құрылғылар пайдаланусыз қосылады.

      Өлшеу процесінде:

      желілерде GSM технологиясының негізінде қабылданатын BCCH сигналдарының ең жақсы RxLevel (best) деңгейін;

      желілерде UMTS/WCDMA технологиясының негізінде қабылданатын CPICH RSCP (best) сигналдарының ең жақсы деңгейін;

      желілерде технологиясының негізінде қабылданатын RSRP (best) тіреуіш сигналдарының ең жақсы деңгейін LTE/LTE-Advanced;

      мобильдік станция қабылдағышының кіруінде қабылданған сигнал деңгейі мен GSM технологиясындағы жағымсыз (интерференделуші) C/I сигналының қатынасын;

      пилоттық арна чипінің қабылданған қуатының UMTS/WCDMA технологиясының Ec/No жолағында қабылданған жалпы қуат тығыздығына қатынасын;

      мобильдік станция қабылдағышының кіруінде қабылданған сигнал деңгейі мен LTE/LTE-Advanced технологиясындағы жағымсыз (интерференделуші) SINR сигналының қатынасын қоса алғанда, радиомен қамту сипаттамаларын тіркеу орындалады.

      27. Байланыстың қолжетімділік, үздіксіздік көрсеткіштерін бағалау осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген негізгі техникалық өлшемдерді өлшеу цикліне сәйкес жүргізіледі. Қосылуды белгілеу уақыты мен сәтті қосылу уақыты өткен соң қайта қосылуды орнату әрекеті өлшеу нәтижелерінде сәтсіз ретінде ескеріледі. Өлшеудің максималды жалпы ұзақтығы шақыруды аяқтау мен қорғау үзілісінің ұзақтығынан аспауы тиіс. 

      28. Жауап сигналын кідірту уақытының шамасы мен телефондық қосылуды белгілеудің орташа уақытын бағалау үшін өлшеу кешенімен тіркелген өлшемдер қолданыстағы бағдарламалық қамтылымды пайдалана отырып, түсіндіруге жатады.

      29. Сөздің орташа анықтылығын бағалау үшін өлшемдерді өлшеу PESQ/POLQA алгоритмін пайдалана отырып жүргізіледі.

      Өлшеу сөйлеу сапасының орташа бағалау мәні дауыстық үлгілер сапасын бағалау мәндері жалпы сомасының дауыстық үлгілер санына қатынасы ретінде есептелетін әдіспен жүргізіледі.

      Сөйлеудің орташа анықтылығын бағалау өлшемдері бәріне жіберілген сөйлеу бірізділіктер үшін сөйлеу сапасының көрсеткіштерін бағалауды қамтитын статистикалық өңдеу нәтижесі ретінде есептеледі.

      30. Интернетке қол жеткізу қызметі сапасының өлшемдерін өлшеу түрлі сервистерге арналған тестілердің қайталама циклі негізінде орындалады. Интернетке қол жеткізу қызметі сапасының өлшемдерін тестілеу циклі осы Әдістемеге 5-қосымшада келтірілген.

      31. Өлшеу барысында әрбір тестілеу желісі үшін тестілеуді орындаудың тең жағдайларын қамтамасыз ететін және топология мен аппараттық платформа өнімділігінің өлшеу нәтижелерінің дұрыстығына әсерін жоққа шығаратын арнайы сервер пайдаланылады. Сервер P-трафик алмасу нүктесіне қосылып, тестілердің дұрыс орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай сервер ETSI TS 102 250-2 және ETSI TR 102 505 ұсынымдарына сәйкес HTTP мен FTP хаттамаларының негізінде деректерді беру өлшемдерін өлшеуге және Интернет желісінде (Kepler Web Reference Page) "эталондық" Web-парақшаны орналастыруға арналған.

      32. Көлік арналарының өткізу қабілеті деректерді беру жылдамдылығын шектемеуі тиіс.

4-параграф. Өлшеу ақаулықтарының сипаттамасы мен өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бақылау

      33. Тиісті дәлдікті қамтамасыз етуге арналған бақылау шақыруларының/ бақылау сессияларының саны өлшеулер жүргізіліп жатқан орындардың кластарына байланысты айқындалады.

      34. Өлшеулер жүргізілетін өлшеу орындарының жіктеуіші осы Әдістемеге 6-қосымшада келтірілген.

      35. Д0, Д1, Д2, Д3, Д4, Д5 жергілікті жерінің кластары бойынша өлшеулерді жүргізген кезде Заңның 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштерін, уәкілетті орган бекітетін тарифтеу бірліктерінің мөршерлері тиісті есептелетін көрсеткіш үшін күтілетіндер ретінде қабылданады. Бақылау шақырулардың/бақылау сессияларының саны сенімді ықтималдығы 95% кезінде салыстырмалы ауытқуы 10% болатын әрбір өлшемдердің бағасын алу үшін жеткілікті болуы тиіс.

      36. Бағалаудың түрлі дәлдігі үшін сенімді ықтималдық а=95 % кезінде қажетті бақылау шақырулардың/бақылау сессиялардың ең аз саны осы Әдістемеге 7-қосымшада келтірілген.

      37. С1С, С2В, О1С, О2В кластар үшін бақылау шақыруларының/бақылау сессиялардың қажетті санын есептеу нормаларды кепілденген сақтау/бұзу шекараларын белгілей отырып, толеранттық шектердің алгоритмі пайдаланумен жүргізіледі. Толеранттық шектер алгоритмінің сипаттамасы осы Әдістемедеге 8-қосымшада келтірілген.

      38. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бақылауды жүзеге асыру үшін ҚР СТ 2.4-700 "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібіне" сәйкес қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру жүргізіледі.

5-параграф. Өлшеу нәтижелерін өңдеу және есептеу алгоритмдері

      39. Өлшеу жолымен алынған техникалық өлшемдерді өңдегеннен кейін ұялы байланыс қызметінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер есептеледі. Ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдері осы Әдістемеге 9-қосымшада көрсетілген.

      40. Ұялы байланыс (тіркелген телефондық) желісі абонентімен қосылуды орнату кезінде шақырудың жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесінің (байланыстың қолжетімділік көрсеткіші) көрсеткіші тестік дауыстық қосылулардың жалпы санына дыбыстық қосылулардың орнатылуының сәтсіз әрекеттер санына қатынасы ретінде анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Q – дауыстық қосылуды орнатудың сәтсіз әрекетінің саны;

      N – тестік дауыстық қосылулардың жалпы саны.

      41. Абоненттің бастамасынсыз орнатылған қосылудың мерзімінен бұрын ажырауымен аяқталған шақырулар үлесінің (үзіліссіз байланыс көрсеткіші) көрсеткіші абоненттің бастамасынсыз аяқталған қосылулар мөлшеріне сәтті шақырудың жалпы мөлшеріне қатынас ретінде анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      R – мобильдік терминалдың бастамасынсыз аяқталған қосылулардың саны;

      N – сәтті шақырулардың жалпы саны.

      42. Ұялы (тіркелген телефондық) желіде аяқталған және жауап сигналының кідіріс уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар кезінде ұялы байланыс желісіндегі шақырулар үлесінің көрсеткіші шақырудың жалпы мөлшеріне жауап сигналының кідіру уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын қосылулар мөлшеріне қатынас ретінде есептеледі және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      E – қосылуды орнатудағы уақыт өлшемдерінің сомасы;

      N – тестілік дауыстық қосылулардың жалпы саны.

      43. Сол өңірдің ұялы байланыс желісінде аяқталған ұялы байланыс желісінде қосылуды орнатудың орташа уақытының көрсеткіші өлшемдері тіркелген қосылу санына қосылуды орнатудың уақыт өлшемдерінің мәнінің сомасына қатынасы ретінде айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      S – жауап сигналының кідіру уақытының мөлшері бойынша нормативті қанағаттандырмайтын қосылулардың саны;

      N – тестілік дауыстық қосылулардың жалпы саны.

      44. Сөзді жеткізу сапасы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар үлесінің көрсеткіші тестілік дауыстық үлгілердің жалпы санына сөздің төмен айқындылығымен қабылданған дауыстық үлгілердің санына қатынасы ретінде айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:


- сөздің анықтылығы төмен қабылданған тестілік дауыстық үлгілердің саны (MOS PESQ

2.8, MOS POLQA

2,6);

      N – тестілік дауыстық үлгілердің жалпы саны.

      45. Web-парақшаны жүктеудің сәтті сессиялары үлесінің көрсеткіші -HTTP. Көрсеткішті есептеу Attach рәсімін орындау әрекеттерінің жалпы санын ескере отырып орындалады. Attach рәсімі web-парақшаны жүктеуді тестілеу сессиясын орындаудың әрбір цикліне енгізілген және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      P – WEB -парақшаны жүктеу сессияларының сәтті әрекет жасау саны;

      N – WEB -парақшаны жүктеу сессияларының жалпы саны.

      46. HTTP серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессиялары үлесінің көрсеткіші. Көрсеткішті есептеу Attach рәсімін орындау әрекеттерінің жалпы санын ескере отырып орындалады. Attach рәсімі деректерді жүктеуді тестілеу сессиясын орындаудың әрбір цикліне енгізілген және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      D– HTTP серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессияларының саны;

      N – HTTP серверінен деректерді жүктеу сессияларының жалпы саны.

      47. FTP серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессиялары үлесінің көрсеткіші. Көрсеткішті есептеу Attach рәсімін орындау әрекеттерінің жалпы санын ескере отырып орындалады. Attach рәсімі деректерді жүктеуді тестілеу сессиясын орындаудың әрбір цикліне енгізілген және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      H– FTP серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессиялары үлесінің саны;

      N – FTP серверінен деректерді жүктеу сессияларының жалпы саны.

6-параграф. Өлшеу нәтижелерін ұсыну нысаны

      48. Өлшеу жүргізу қорытындылары бойынша осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу нәтижелері туралы есеп қалыптастырылады.

  Байланыс қызметтері
сапасының техникалық
өлшемдерін өлшеу
әдістемесіне
1-қосымша

Бағыттардың сипаттамасы

      Бақылап шығуды орындар алдында келесі сипаттамаға сәйкес өлшеу бағдары алдын ала құрылады:

      1) өлшеу бағдары әкімшілік және қоғамдық ұйымдарды, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, поселкелер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын, орталық алаңдарды, сауда және мәдени орталықтар мен мекемелердің аумақтарын, вокзалдар мен әуежайларға, білім беру мекемелеріне және өзге де әлеуметтік маңызды объектілерге кіретін кіреберістерді, жүруге рұқсат туристік аймақтарды, сондай-ақ абоненттердің шоғырлану тығыздығы жоғары өзге аумақтарды қамтиды;

      2) елді мекендерде өлшеу бағдары магистральдық жолдардың, қаланың әкімшілік шекарасы шегіндегі қозғалыстың жоғары тығыздығы бар көшелердің барынша үлкен санын, сондай-ақ орамды, айналма жолдарды қамтиды;

      3) елді мекендерден тыс жерлерде өлшеу бағдары өлшеулер жүргізу аумағы шегіндегі елді мекендерді қосатын автомобиль жолдарын қамтиды;

      4) өлшеу бағдары өлшеулер жүргізілетін аумақ бойынша тең бөлінеді;

      5) өлшеу бағдары елді мекендердің тиісті аудандарындағы ("тыныш аудандар", кәсіпорындар мен кеңселер орналасқан аумақ) тұрғындардың немесе трафиктің шоғырлану уақытын есекере отырып, әзірленеді;

      Өлшеулерді орындаған кезде жолдарды жөндеуге, өту жолдарын жабуға, шлагбаумдарға, жолдардың нашар төсеміне байланысты алдын ала белгіленген бағдардан кейбір ауытқуларға жол беріледі.

  Байланыс қызметтері
сапасының техникалық
өлшемдерін өлшеу
әдістемесіне
2-қосымша

Жылжымалы өлшеу кешенінің құрамы мен қосылу схемасы

      Жылжымалы өлшеу кешені мыналарды қамтиды:

      1) сканерлейтін қабылдағыш;

      2) мобильдік телефондар және (немесе) модемдер;

      3) сыртқы антенналар;

      4) деректерді өңдеу жүйелері;

      5) навигациялық жабдық;

      6) қосалқы жабдық.



  Байланыс қызметтері
сапасының техникалық
өлшемдерін өлшеу
әдістемесіне
3-қосымша

Тасымалданатын өлшеу кешенінің құрамы мен қосылу схемасы

      Тасымалданатын өлшеу кешені:

      Тасымалданатын өлшеу кешені мыналардан тұрады:

      1) мобильдік телефондарды және (немесе) модемдерді;

      2) контроллерді қамтиды.

      Қажет болған жағдайда, тасымалданатын өлшеу кешеніне сканерлейтін қабылдағыш және (немесе) навигациялық құрылғы қосылады.



  Байланыс қызметтері
сапасының техникалық
өлшемдерін өлшеу
әдістемесіне
4-қосымша

Негізгі техникалық параметрлерді өлшеу циклі

Дауыстық қызметтің қолжетімділік көрсеткішін есептеуге арналған параметрлерді өлшеу циклі

Шақыру бағыты

Операция

Ұзақтығы, сек.

1

2

3

Мобильдік телефон бастамалаған шақыру

Өлшеудің жалпы ұзақтығы (CallWindow)

55

Қосылуды орнату (Callsetuptime)

10

Сәтті қосылу ұзақтығы (CallDuration)

10

Қоңыраулар арасындағы қорғау үзілісі, кем емес

20

Мобильдік телефон қабылдаған шақыру

Өлшеудің жалпы ұзақтығы (CallWindow)

55

Қосылуды орнату (Callsetuptime)

25

Сәтті қосылу ұзақтығы (Call Duration)

10

Қоңыраулар арасындағы қорғау үзілісі, кем емес

20

Қызметтің үздіксіздік көрсеткішін есептеуге арналған өлшемдерін өлшеу циклі

Шақыру бағыты

Операция

Ұзақтығы, сек.

1

2

3

Мобильдік телефон бастамалаған шақыру

Өлшеудің жалпы ұзақтығы (Call Window)

175

Қосылуды орнату (Call setup time)

15

Сәтті қосылу ұзақтығы (Call Duration)

125

Қоңыраулар арасындағы қорғау үзілісі, кем емес

30

Мобильдік телефон қабылдаған шақыру

Өлшеудің жалпы ұзақтығы (Call Window)

175

Қосылуды орнату (Call setup time)

25

Сәтті қосылу ұзақтығы (Call Duration)

125

Қорғау үзілісі, кем емес

30

  Байланыс қызметтері
сапасының техникалық
өлшемдерін өлшеу
әдістемесіне
5-қосымша

Интернетке қол жеткізу қызметі сапасының өлшемдерін тестілеу циклдері

Сипаттамасы

Ұзақтығы

Timeout мәні

Түсініктемелер

GPRS Attach


75 сек.


Wait

1 сек.



PDP Context Activation


150 сек.


Wait (Үзіліс)

2 сек.



HTTP DL

60 сек.


FDTT тестілері, Internet желісі ресурсынан файлды жүктеу
Файлдың өлшемі: 2000 Mb.

Wait (Үзіліс)

1 сек.



HTTP UL

30 сек.


FDTT тестілері, Internet желісі ресурсынан файлды жүктеу
Файлдың өлшемі: 1000 Mb.

Wait (Үзіліс)

1 сек.



HTTP Browsing


60 сек.

Internet желісі ресурсындағы парақша (Kepler Web Reference Page)

Wait (Үзіліс)

1 сек.



PDP Deactivation




Detach




Wait (Үзіліс)

30 сек.



      Ескертпе: Деректер тестілерінің әрбір жеке циклі Attach рәсімі мен PDP түпмәтінін орнатуды қамтуы және PDP түпмәтіні мен Detach деактивациясымен аяқталуы тиіс. LTE желілерін тестілеу кезінде PDP Context Activation командасы EPS Bearer Setup рәсіміне сәйкес келеді.

  Байланыс қызметтері
сапасының техникалық
өлшемдерін өлшеу
әдістемесіне
6-қосымша

Өлшеулер жүргізілетін орындардың жіктеуіші

Жүргізілетін өлшеулердің жіктеуіші

С1С

Әуежайлар, теміржол/автобус вокзалдары, Бизнес орталықтары, әкімшілік кешендер, көрме орындары, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындары

Ғимараттардың сыртында орындалатын өлшеулер

С2В

Әуежайлар, теміржол/автобус вокзалдары, Бизнес орталықтары, әкімшілік кешендер, көрме орындары, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындары

Үй-жайлардың ішінде орындалатын өлшеулер

Д0

Тұрғындар саны 1 миллионан астам қалалар

Тек қана қозғалыс кезінде орындалатын өлшеулер

Д1

Республикалық маңызы бар және/немесе тұрғындар саны 300 мыңнан астам қалалар

Д2

Қалалық жерлер (тұрғындар саны 50000-нан 300000-ға дейін орташа және ірі қалалар)

Д3

Ауылдық жерлер және тұрғындар саны 50000-ға дейін шағын қалалар

Д4

Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар

Д5

Қозғалыс үстіндегі пойыздарда

О1С

Келіп түскен өтініштердің негізіндегі ғимарат сыртындағы өлшеулер

Ғимараттардың сыртында орындалатын өлшеулер

О2В

Келіп түскен өтініштердің негізіндегі ғимарат ішіндегі өлшеулер

Ғимараттардың ішінде орындалатын өлшеулер

      Ескертпе: С1С, С2В кластары бойынша өлшеулер статистикалық жинақтау жолымен тікелей орында жүргізіледі, Д0, Д1, Д2, Д3, Д4, Д5 кластары бойынша – қозғалыс үстінде, О1С, О2В кластары бойынша – келіп түскен өтініштер негізінде жүргізіледі.

  Байланыс қызметтері
сапасының техникалық
өлшемдерін өлшеу
әдістемесіне
7-қосымша

Әртүрлі бағалау дәлдігі үшін сенімді ықтималдығы 95% кезінде бақылау шақырулардың/бақылау сессиялардың қажетті ең аз саны

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Салыстырмалы қателік кезіндегі бақылау шақырулардың саны

үлесі

5%

10%

20%

1

2

3

4

0,01

39600

9900

2500

0,015

26200

6500

1600

0,020

19600

4900

1200

0,025

15600

3900

1000

0,03

12900

3200

800

0,035

11000

2700

700

0,04

9600

2400

600

0,05

7500

1900

500

  Байланыс қызметтері
сапасының техникалық
өлшемдерін өлшеу
әдістемесіне
8-қосымша

Толеранттық шектер алгоритмінің сипаттамасы

      Тиісті дәлдікті қамтамасыз ету үшін шақырулардың қажетті санын есептеу сәтсіз шақырулардың саны s аспайтын, шақыруларды жоғалтудың белгіленген нормасы p және шақыру әрекеттерінің саны n тең фактісінің орын алу ықтималдығын

байланыстыратын формуланың көмегімен орындалады:


      мұнда:

      n - шақыру әрекеттерінің саны;

      к - шақыру сәтсіз әрекеттерінің саны;


- сәтсіз шақырулар үлесінің нормаларын бұзу шарты;

- сәтсіз шақырулардың ықтималдылығы;

- шақырулардан кейін олардың k сәтсіз болу ықтималдығы;

- нен k дейінгі үйлесімдердің саны;

шартына сәйкес барлық нұсқалар бойынша жиынтығы.

      Формуланы қолдану екі есеп нүктесін береді:

      Норманы кепілдікті сақтау шекарасы кері ықтималдық формуласына сүйене отырып, есептеледі:



      мұнда:

      – норманы кепілді сақтау шекарасы;

      сенімділік ықтималдығы.

      Бұл жағдайда, s және n мәндері мына шартқа сәйкес болады: егер n шақыруларды орындағаннан кейін жоғалған шақырулардың саны s аспаса, p сәтсіз шақыруларды үлесінің нормасы P сенімді ықтималдығымен сақталатын болады.

      Норманы кепілдік бұзушылық шекарасы егер шешім

үшін ізделінсе, онда табылған s және n мәндер мынадай жағдайды қанағаттандыруға сәйкес келеді: егер де n шақыруларын жүргізгеннен кейін сәтсіз шақырулардың саны s-тен көп болса, онда р сәтсіз шақырулар үлесінің нормасы р сенімді ықтималымен бұзылатын болады.

      Ұялы байланыс желісінің абонентімен қосылуды орнатқан кездегі шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесінің нормаларын (p=5.0%) және тіркелген телефон байланысы желісінің абонентімен қосылуды орнатқан кездегі шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесінің нормаларын (p=3.0%) сақтау шекаралары кестеде көрсетіледі:

p=3.0 %

p=5.0 %

n-шақырулардың/сессиялардың жалпы саны

s- сәтсіз шақырулардың/сессиялардың саны

Сәтсіз шақырулардың/сессиялардың үлесі, %

n- шақырулардың/сессиялардың жалпы саны

s- сәтсіз шақырулардың/сессиялардың саны

Сәтсіз шақырулардың/сессиялардың үлесі, %

n- шақырулардың/сессиялардың жалпы саны

s- сәтсіз шақырулардың/сессиялардың саны

Сәтсіз шақырулардың/сессиялардың үлесі, %

98

0

0

58

0

0

1809

75

4.146

156

1

0.642

92

1

1.087

1831

76

4.151

207

2

0.966

123

2

1.626

1853

77

4.155

256

3

1.172

152

3

1.974

1875

78

4.16

302

4

1.325

180

4

2.222

1896

79

4.167

347

5

1.441

207

5

2.415

1918

80

4.171

391

6

1.535

233

6

2.575

1940

81

4.175

435

7

1.609

259

7

2.703

1962

82

4.179

477

8

1.677

285

8

2.807

1984

83

4.183

520

9

1.731

310

9

2.903

2005

84

4.19

561

10

1.783

335

10

2.985

2027

85

4.193

603

11

1.824

360

11

3.056

2049

86

4.197

644

12

1.863

385

12

3.117

2070

87

4.203

685

13

1.898

409

13

3.178

2092

88

4.207

725

14

1.931

433

14

3.233

2114

89

4.21

765

15

1.961

457

15

3.282

2136

90

4.213

805

16

1.988

481

16

3.326

2157

91

4.219

845

17

2.012

505

17

3.366

2179

92

4.222

885

18

2.034

529

18

3.403

2201

93

4.225

924

19

2.056

553

19

3.436

2222

94

4.23

964

20

2.075

576

20

3.472

2244

95

4.234

1003

21

2.094

600

21

3.5

2265

96

4.238

1042

22

2.111

623

22

3.531

2287

97

4.241

1081

23

2.128

646

23

3.56

2309

98

4.244

1120

24

2.143

670

24

3.582

2330

99

4.249

1158

25

2.159

693

25

3.608

2352

100

4.252

197

26

2.172

716

26

3.631

2374

101

4.254

1235

7

2.186

739

27

3.654

2395

102

4.259

1274

28

2.198

762

28

3.675

2417

103

4.261

1312

29

2.21

785

29

3.694

2438

104

4.266

1350

30

2.222

808

30

3.713

2460

105

4.268

1389

31

2.232

831

31

3.73

2481

106

4.272

1427

32

2.242

854

32

3.747

2503

107

4.275

1465

33

2.253

876

33

3.767

2524

108

4.279

1503

34

2.262

899

34

3.782

2546

109

4.281

1541

35

2.271

922

35

3.796

2568

110

4.283

1578

36

2.281

944

36

3.814

2589

111

4.287

1616

37

2.29

967

37

3.826

2611

112

4.29

1654

38

2.297

990

38

3.838

2632

113

4.293

1691

39

2.306

1012

39

3.854

2654

114

4.295

1729

40

2.313

1035

40

3.865

2675

115

4.299

1767

41

2.32

1057

41

3.879

2697

116

4.301

1804

42

2.328

1080

42

3.889

2718

117

4.305

1842

43

2.334

1102

43

3.902

2740

118

4.307

1879

44

2.342

1125

44

3.911

2761

119

4.31

1916

45

2.349

1147

45

3.923

2782

120

4.313

1954

46

2.354

1169

46

3.935

2804

121

4.315

1991

47

2.361

1192

47

3.943

2825

122

4.319

2028

48

2.367

1214

48

3.954

2847

123

4.32

2065

49

2.373

1236

49

3.964

2868

124

4.324

2102

50

2.379

1259

50

3.971

2890

125

4.325

2139

51

2.384

1281

51

3.981

2911

126

4.328

2177

52

2.389

1303

52

3.991

2933

127

4.33

2214

53

2.394

1325

53

4

2954

128

4.333

2251

54

2.399

1347

54

4.009

2975

129

4.336

2288

55

2.404

1370

55

4.015

2997

130

4.338

2324

56

2.41

1392

56

4.023

-

-

-

2361

57

2.414

1414

57

4.031

-

-

-

2398

58

2.419

1436

58

4.039

-

-

-

2435

59

2.423

1458

59

4.047

-

-

-

2472

60

2.427

1480

60

4.054

-

-

-

2509

61

2.431

1502

61

4.061

-

-

-

2545

62

2.436

1524

62

4.068

-

-

-

2582

63

2.44

1546

63

4.075

-

-

-

2619

64

2.444

1568

64

4.082

-

-

-

2656

65

2.447

1590

65

4.088

-

-

-

2692

6

2.452

1612

66

4.094

-

-

-

2729

67

2.455

1634

67

4.1

-

-

-

2765

68

2.459

1656

68

4.106

-

-

-

802

69

2.463

1678

69

4.112

-

-

-

2839

70

2.466

1700

70

4.118

-

-

-

2875

71

2.47

1722

71

4.123

-

-

-

2912

72

2.473

1744

72

4.128

-

-

-

2948

73

2.476

1765

73

4.136

-

-

-

      Ескертпе: Кестені пайдалану үлгісі:

      Өлшеулерді жүргізу барысында 158 бақылау шақыру орындалды, оның ішінде бір шақыру сәтсіз болды, аталған кесте бойынша сәтсіз шақырулардың үлесі 0,642 тең.

  Байланыс қызметтері
сапасының техникалық
өлшемдерін өлшеу
әдістемесіне
9-қосымша

Ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдері

Р/С

Техникалық өлшемдер

Шақыру оқиғалары

Өлшемдермен өзара байланысты қызмет сапасының көрсеткіші

1.

2

3

4

1.

Дауыстық ақпаратты жіберу

1.1.

Дауыстық қосылуды орнатудың сәтсіз әрекеттер саны.
Орнатылған қосылулардың жалпы саны.
Сәтсіз әрекет: қосылу 15с ішінде орнатылған жоқ

Бастапқы нүкте:
RACH хабарлама арнасы бойынша жіберу
GSM үшін - "ACHANNEL_REQUEST";
UMTS/WCDMA сұрау себебімен "RRC CONNECTION REQUEST" бастапқы хабарламаның UMTS үшін
Соңғы нүкте:
"ALERTING" хабарламалары жіберілді:
1. В жағынан коммутаторға (UL);
2. Коммутатордан A (DL) жағына

Ұялы (тіркелген) байланыс желісі абонентімен қосылуды орнату кезінде жалпы шақырулар санынан сәтсіз шақырулар үлесі

1.2

Сәтті орнатылған қосылулардың үзілу саны
Сәтті орнатылған қосылулардың жалпы саны.
Қосылуды үзу - оны абоненттің бастамасынсыз тоқтату

Бастапқы нүкте:
"ALERTING" хабарламалары жіберілді:
1. В жағынан коммутаторға (UL);
2. коммутаторданA (DL) жағына
Соңғы нүкте:
GSM үшін: хабарламаларды қабылдау
"DISCONNECT" тарапы
А немесе В
UMTS/WCDMA үшін: бір уақытта "DISCONNECT" хабарламасы бір терминалдан коммутатор бағыты бойынша және хабарлама бақыланбайды

Орнатылған қосылудың қосылу бастамасынсыз ажыраумен аяқталған шақырулар үлесі

1.3

Сөздің анықтылығы төмен дауыстық қосылулардың саны (дауыстық үлгілер)
Дауыстық қосылулардың жалпы саны (дауыстық үлгілер)

ITU-TR.862 (MOS PESQ< 2,8, MOS POLQA< 2,6) ұсынымдарға сәйкес анықтылықтың ұсынылған деңгейінен төмен тестілік сөздің бірізділік үлесі

Сөздерді беру сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулар үлесі

2

Жауап беру сигналының кідіру уақытының шамасы

2.1

Өлшеулердің барлық сеансы бойынша шақырудың кідіру уақытының шамасы жөніндегі нормативтерді қанағаттандырмайтын бақылау шақырулардың саны.
Өлшеулердің барлық сеансы уақытындағы бақылау шақырулардың жалпы жиынтық саны.

Жауап беру сигналының кідіру уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың үлесі.
Бастапқы нүкте:
Хабарламаны RACH арнасы бойынша жіберу
GSM үшін - "A CHANNEL_REQUEST"; 
UMTS/WCDMA сұрау салу себебімен "RRC CONNECTION REQUEST" бастапқы хабарламаның UMTS үшін
Соңғы нүкте:
"ALERTING" хабарламалары жіберілді:
1. В жағынан коммутаторға (UL);
2. Коммутатордан A (DL) жағына

Жауап беру сигналының кідіру уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын ұялы байланыс (тіркелген) желіде аяқталатын шақырулардың үлесі
Ұялы (тіркелген) байланыс желіде аяқталатын ұялы байланыс желідегі телефондық қосылуды белгілеудің орташа уақыты және жауап белгісін кідірту уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулар

3.

Интернетке қол жеткізу қызметінің сапасы

3.1

WEB-парақшаны жүктеу сессияларының сәтті әрекет жасау саны
WEB-парақшаны жүктеу сессияларының жалпы саны

Бастапқы нүкте:
Интернет желісі ресурсына қол жеткізуге сұрау салу жіберу
Түпкілікті нүкте:
Сұрау салынған контент сәтті жүктелді

WEB-парақшаны жүктеу сәтті сессияларының үлесі – HTTP

3.2

FTP серверінен деректерді жүктеу сессияларының сәтті әрекет жасау саны
FTP серверінен деректерді жүктеу сессияларының жалпы саны

Бастапқы нүкте:
FTP серверінен деректерді жүктеуге сұрау салу жіберу
Түпкілікті нүкте:
Сұрау салынған контент сәтті жүктелді

FTP серверінен деректерді жүктеу сәтті сессияларының үлестері

3.3

HTTP серверінен деректерді жүктеу сессияларының сәтті әрекет жасау саны
HTTP серверінен деректерді жүктеу сессияларының жалпы саны

Бастапқы нүкте:
HTTPсерверінен деректерді жүктеуге сұрау салу жіберу
Түпкілікті нүкте:
Сұрау салынған контент сәтті жүктелді

HTTP серверінен деректерді жүктеу сәтті сессияларының үлестері

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

      1. BCCH – базалық станциядан мобильдік телефон бағытына басқару ақпаратын жөнелту үшін қажетті басқарудың кең тарату арнасы;

      2. RxLevel (ReceivedLevel) - GSM, dBm технологиясындағы пайдалы сигнал деңгейінің көрсеткіші;

      3. RSCP (ReceiveSignalCodePower) – UMTS, dBm технологиясындағы мобильдік телефонның қабылдағыш енуінде қолданылатын пайдалы сигнал деңгейінің көрсеткіші;

      4. RSRP (ReferenceSignalReceivedPower) - LTE, dBm технологиясының мобильдік телефонның қабылдағыш енуінде қабылданған пилоттық сигналдың қуаттылығының орташа мәні;

      5. RACH (RandomAccessChannel) – мобильдік телефоннан ан базалық станцияға бағыттағы басқарудың жеке каналының белгіленуі туралы сұрану үшін қолданылатын рұқсат каналы;

      6. RRCCONNECTIONREQUEST – бекітілген қосылыстың бірінші деңгейінде мобильдік телефон жөнелткен хабарлама; 

      7. ACHANNEL_REQUEST – каналдың бөлінуіне сұранысқа ие мобильдік телефон жөнелткен хабарлама; 

      8. ALERTING (ескерту) – мобильдік телефонның жауапалдылық күйін сипаттайтын хабарлама;

      9. DISCONNECTED (ажыратылған) – ажыратылған қосылысты сипаттайтын хабарлама;

      10. SMS (ShortMessageService) – ұялы телефон көмегімен қысқа мәтінді хабарламаларды қабылдау мен жөнелтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технология;

      11. SYN (synchronize) – қосылысты бекіту үшін тұтынушы жөнелткен топтама;

      12. UL (UpLink) – мобильдік телефоннан және (немесе) модемнен базалық станцияға бағытталған арна;

      13. DL (DownLink) – базалық станциядан мобильдік телефонға және (немесе) модемге бағытталатын арна.

      14. HTTP – деректерді берудің қолданбалы деңгей хаттамасы;

      15. FTP – файлдарды беру хаттамасы.

  Байланыс қызметтері
сапасының техникалық
өлшемдерін өлшеу
әдістемесіне
10-қосымша
  Нысан

Ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдеріне жүргізілген өлшеу нәтижелері туралы есеп

      _________ қаласы                              20__ж. "__" _______

      Өлшеулерді жүргізген қызметкерлердің Т.А.Ә. және

      лауазымы:_______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Елді мекеннің - облысты, ауданды нақтылай отырып, мекенжайы, атауы:

      ________________________________________________________________________________

      Өлшеулер жүргізудің әкімшілік шекарасы:______________________________________

      Өлшеулер кешенінің сәйкестендіру деректері (жабдық түрі, тексеру мерзімі):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      1. Өлшеу нәтижелері:

      1-кесте. _______________ Байланыс желісі сапасының көрсеткіштері



      Ескертпе: Құрылыстың тығыздығына байланысты елді мекендердің типтері:

      1 – құрылысының тығыздығы жоғары қала;

      2 – құрылысының тығыздығы төмен қала, қаланың шеті;

      3 – ауылдық жер (лицензиялық міндеттерге сәйкес қамтылған);

      4 – автомобиль жолдары (лицензиялық міндеттерге сәйкес қамтылған).

      2-кесте – ______________ Дауыстық байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштері.

Қызметтер сапасының көрсеткіші

Стандарт

GSM

UMTS/WSD MA

LTE/ LTE (Advanced)

1

Ұялы байланыс желісінің абонентімен қосылуды орнатқан кезде шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулардың үлесі, %




2

Тіркелген телефон байланысы желісінің абонентімен қосылуды орнатқан кезде шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулардың үлесі, %




3

Орнатылған шақыру абонент бастамаламай ажыраумен аяқталған шақырулардың үлесі, %




4

Сөздерді беру сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулар үлесі, %




5

Ұялы байланыс желісінде аяқталған және жауап сигналының кідіріс уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар кезіндегі ұялы байланыс желісіндегі шақырулар үлесі (<15 с), %




6

Сол өңірде ұялы байланыс желісінде аяқталатын ұялы байланыс желісінде қосылуды орнатудың орташа уақыты, с




      3-кесте – ______________ Байланыс операторының жылжымалы желілері арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтері сапасының көрсеткіштері.

Қызметтер сапасының көрсеткіші

Стандарт

GSM

UMTS/ WSD MA

LTE/ LTE (Advanced)

1

HTTP серверінен деректерді жүктеу сәтті сессияларының үлесі, %




2

FTP серверінен деректерді жүктеу сәтті сессияларының үлесі, %




3

WEB – парақшаны жүктеу сәтті сессияларының үлесі – HTTP, %




      Ескертпе:__________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Мыналар анықталды:______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Лауазымды тұлғалар:

      Лауазымы_________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)                                    қолы

      Лауазымы_________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)                                    қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады