"Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 774 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қарашада № 16022 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6845 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 мамырда № 190-193 (26595) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағида 2017 жылғы 2 тамызға дейін айналымға шығарылған Қазақстан Республикасында меншігінде жеке жылжымалы құрамы бар жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Қағидада белгіленген талаптарға жауап беретін теміржол жылжымалы құрамын жөндеумен айналысатын ұйымдарға қолданылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi аумақтық бөлiмшесiнiң басшы Жүк вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту жөнiндегi комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды адам басқарады.";

      7-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрде көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 13 қарашадағы
№ 774 бұйрығына қосымша
  "Жүк және жолаушы
вагондарының және тартқыш
жылжымалы құрамның
қызмет мерзімдерін ұзарту
қағидасына 7-қосымша

КЖ, ТҚК-8, ТҚ-8 немесе жаңғыртудан өткен тартқыш жылжымалы құрамға белгіленген жаңа қызмет мерзімінің нормативтері

ТЖҚ, үлгісі мен сериясы

КЖ, ТҚ көрсетуден немесе жаңғыртудан өткен сәттен басталатын жаңа белгіленген қызмет ету мерзімі

Жөндеу немесе жаңғырту көлемі

1. Магистральдық тепловоздар

1.

Барлық түрлендірудегі ТЭ10

15

рельсмайлағыш етіп қайта жабдықтау

2.

Барлық түрлендірудегі, сондай-ақ жол машиналарымен және қар тазалағыштармен жұмыс істеу үшін рельсмайлағыш етіп қайта жабдықталған ТЭП70, ТЭ10

15

КЖ орындап, күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып, дизель-генераторлық қондырғы мен қосымша жабдықтарды жаңасымен ауыстырып жаңғырту

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып КЖ

6

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстырып ТҚК-8

3

ТҚ-8

2. Маневрлік тепловоздар

1.

Барлық түрлендірудегі ЧМЭ, ТЭМ, ТГМ

15

КЖ орындап, күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып, дизель-генераторлық қондырғы мен қосымша жабдықтарды жаңасымен ауыстырып жаңғырту

10

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып КЖ

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстырып ТҚК-8

3

ТҚ-8

3. Электровоздар

1.

Барлық түрлендірудегі ВЛ, ОПЭ-1, KZ4

20

КЖ орындап, негізгі тораптарды, электр жабдықтарды және аппарттарды ауыстырып, электр схемасын және басқару жүйесін жаңғыртып жаңғырту

15

рельсмайлағыш етіп қайта жабдықтау

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып КЖ

6

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстырып ТҚК-8

2.

Барлық түрлендірудегі, сондай-ақ рельсмайлағыш етіп қайта жабдықталған ВЛ, ОПЭ-1, KZ4

3

ТҚ-8

4. Электр поездар

1.

Барлық түрлендірудегі ЭР, ЭД

9

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ауыстырып КЖ

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ішінара ауыстырып ТҚК-8

5. Дизель поездар

1.

Барлық түрлендірудегі ДР

12

КЖ орындап, күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ауыстырып, дизель-генераторлық қондырғы мен қосымша жабдықтарды жаңасымен ауыстырып жаңғырту

9

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ауыстырып КЖ

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ішінара ауыстырып ТҚК-8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады