Діни қызмет саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда № 16062 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.10.2019 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Діни қызмет саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет – ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы М.А. Әзілхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық қоғам министрі
Н. Ермекбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      2017 жылғы ____ __________

  Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық қоғам
министрінің
2017 жылғы 14 қарашадағы
№ 154 бұйрығымен бекітілген

Діни қызмет саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Буын

Саты

Лауазымдардың атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А1

1

Республикалық маңызы бар ММ басшылары

1-1

Республикалық маңызы бар ММ басшыларының орынбасарлары

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ, КММ, МКҚК басшылары

2-1

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ, КММ, МКҚК басшыларының орынбасарлары

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ, КММ, МКҚК басшылары

3-1

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ, КММ, МКҚК басшыларының орынбасарлары

А2

1

Республикалық маңызы бар ММ басшыларының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасарлары

Республикалық маңызы бар ММ бас бухгалтері

Республикалық маңызы бар ММ ғылыми хатшысы

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ, КММ, МКҚК басшыларының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасарлары

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ, КММ, МКҚК бас бухгалтері

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ, КММ, МКҚК басшыларының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасарлары

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ, КММ, МКҚК бас бухгалтері

А3

1

Республикалық маңызы бар ММ бөлім басшылары

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ, КММ, МКҚК бөлім басшылары

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ, КММ, МКҚК бөлім басшылары

B блогы (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Жетекші ғылыми қызметкер
Бас сарапшы

3

Аға ғылыми қызметкер
Жетекші сарапшы

4

Ғылыми қызметкер
Аға сарапшы

5

Кіші ғылыми қызметкер
Сарапшы

Басқа салалар

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: психолог

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: психолог

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: психолог

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: дінтанушы, теолог, әлеуметтанушы, психолог

В3

4

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: дінтанушы, теолог

C блогы (әкімшілік персонал)

С2


Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мұрағатшы, бухгалтер, статистик, кадрлар жөніндегі инспектор, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі инспектор, іс-жүргізу жөніндегі инспектор, механик, аудармашы, референт, экономист, заңгер, бағдарламашы, кітапханашы, қауымдастықпен байланыс жөніндегі маман, барлық мамандықтағы инженер

С3


Біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: мұрағатшы, кітапханашы, бухгалтер, статистик, нұсқаушы, кадрлар жөніндегі инспектор, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі инспектор, іс-жүргізу жөніндегі инспектор, менеджер, механик, аудармашы, референт, экономист, заңгер кеңесші, барлық атау техниктері, бағдарламашы, барлық мамандықтағы инженер

Мемлекеттік мекеменің әкімшілік – шаруашылығымен шұғылданатын құрылымдық бөлімшенің басшысы: кеңсе, қойма, шаруашылық, қазандық, мұрағат, кітапхана

D блогы (қосалқы персонал)

D


Техникалық орындаушылар: архивариус, ассистент, кезекші әкімші, іс жүргізуші, күзетші, хатшы, хатшы – стенографшы, стенографшы, механик: компьютерлік техника (бағдарламалар), компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) КММ – аудандық маңызы бар қалалардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қарамағындағы діни қызмет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелері;

      Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) МКҚК – аудандық маңызы бар қалалардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қарамағындағы діни қызмет саласындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары;

      Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ – аудандық маңызы бар қалалардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қарамағындағы діни қызмет саласындағы мемлекеттік мекемелері;

      Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) КММ – облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қарамағындағы діни қызмет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелері;

      Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) МКҚК – облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қарамағындағы діни қызмет саласындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары;

      Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ – облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қарамағындағы діни қызмет саласындағы мемлекеттік мекемелері;

      Республикалық маңызы бар ММ – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қарамағындағы діни қызмет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады