"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 110/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 желтоқсанда № 16112 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12757 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) ресми жариялаудан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      ________________ Т. Дүйсенова

      2017 жылғы 28 қараша

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 110/қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық
қызметшілері лауазымдарының тізілімі

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А1

1

Мемлекеттік мекеменің (бұдан әрі – ММ) және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (бұдан әрі – РМҚК)

1-1

ММ және РМҚК басшысының орынбасары

А2

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ШҚ) Ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі
Қызмет, инспекция (2456 әскери бөлімі) бастығы
Бөлімше бастығы (меңгеруші) (2530 әскери бөлімі, 2120 әскери бөлімі)
ММ және РМҚК бас бухгалтеры
ММ және РМҚК қызмет басшысы

1-1

ММ және РМҚК қызмет басшысының орынбасары
ММ және РМҚК басқарма басшысы

2

ММ және РМҚК басқарма басшысының орынбасары
ММ және РМҚК бөлім басшысы
ҚР ҰҚК ШҚ өңірлік басқармасының қызмет жетекшісі
Бөлімше (меңгерушісі) (01068 әскери бөлімі, 2023 әскери бөлімі, 2028 әскери бөлімі) бастығы

А3

1

Бас: хормейстер, балетмейстер, дыбыс режиссері (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері), кадрлар жөніндегі инспектор, экономист (2530 әскери бөлімі)

1-1

Бөлім, қызмет (2468 әскери бөлімі) бастығы
ММ және РМҚК топ жетекшісі

3

Топ бастығы (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері)
Дәріхана меңгерушісі (2530 әскери бөлімі)

В блогы (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер, профессор

2

Жетекші ғылыми қызметкер, доцент
Бас сарапшы

3

Аға оқытушы
Аға ғылыми қызметкер
Жетекші сарапшы

4

Кеңесші (2456 әскери бөлімі)
Оқытушы
Ғылыми қызметкер
Аға сарапшы

5

Сарапшы
Дәрігер-сарапшы
Кіші ғылыми қызметкер
Әдістемелік кабинетінің әдістемешісі (2177 әскери бөлімі)
Ассистент

денсаулық сақтау саласында

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер

В3

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), психолог

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), психолог

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), психолог

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), психолог

В4

1

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: мейірбике (мейірие), медициналық статистик, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист

2

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар:, мейірбике (мейірие), медициналық статистик, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист

3

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: мейірбике (мейірие), медициналық статистик, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист

4

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: мейірбике (мейірие), медициналық статистик, медициналық тіркеуші, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдәм бикесі, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист

білім беру саласында

В3

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: тәрбиеші, зертханашы

В4

1

Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы

2

Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы

3

Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: тәрбиеші, зертханашы

4

Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: тәрбиеші, зертханашы

өзге де салаларда

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың)
хордың, балеттің), қоюшы-режиссер, режиссер, дыбыс режиссері (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері); барлық мамандықтар инженері (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), эколог

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың)
хордың, балеттің), қоюшы-режиссер, режиссер, дыбыс режиссері (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері); барлық мамандықтар инженері (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), эколог, ветеринарлық дәрігер

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың)
хордың, балеттің), қоюшы-режиссер, режиссер, дыбыс режиссері (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері); барлық мамандықтар инженері (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), эколог, ветеринарлық дәрігер

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), авиация тасымалдарының диспетчері, хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың) хордың, балеттің), қоюшы-режиссер, режиссер, дыбыс режиссері (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері); барлық мамандықтар инженері (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), эколог, ветеринариялық дәрігер

В3

1

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың)
хордың, балеттің), қоюшы-режиссер, режиссер, дыбыс режиссері (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері); инспектор (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), эколог

2

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың)
хордың, балеттің), қоюшы-режиссер, режиссер, дыбыс режиссері (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері); инспектор (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), ветеринариялық фельдшер, эколог

3

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың)
хордың, балеттің), қоюшы-режиссер, режиссер, дыбыс режиссері (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері); инспектор (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), ветеринариялық фельдшер, эколог

4

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: концерттік ұйымдардың (музыкалық ұжымның) әртісі-жеке орындаушысы (вокалшы, аспапта ойнаушы), балет ансамблінің (би ұжымының) әртісі, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) әртісі, эстрада оркестрінің (ансамблінің) әртісі, үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі, қоюшы-балетмейстер, қоюшы-балетмейстер (ән және би ансамблі), авиация тасымалдарының диспетчері, хормейстер (хор дирижері), концертмейстер (әртістер-жеке орындаушылардың (вокалшылардың) хордың, балеттің), қоюшы-режиссер, режиссер, дыбыс режиссері (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері); инспектор (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), ветеринариялық фельдшер, эколог

С блогы (әкімшілік персонал)

С1


Меңгеруші (басшы): электр шаруашылығының, жылу шаруашылығының, баспахананың, балабақшаның, дәріхананың, музейдің, асхананың, кітапхананың, зертхананың, өндірістің, архивтің, қазандықтың (жалпы жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ. жоғары), комбинаттың;
шеберхананың, монша-кір жуу комбинатының (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері)

С2


Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: архивші, референт, бухгалтер, статистик, кітапханашы, экономист, дизайнер, суретші, барлық мамандықтар инженері, инспектор, нұсқаушы, менеджер, әдістемеші, бағдарламашы, аудармашы, технолог, редактор, заңкеңесшісі, психолог, музыкалық жетекші, мемлекеттік сатып алу менеджері, механик, жүйелік әкімші, аудитор (ревизор)

С3


Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: архивші, бухгалтер, статистик, кітапханашы, экономист, дизайнер, шебер, суретші, барлық мамандықтар инженері, инспектор, нұсқаушы, менеджер, әдістемеші, механик, заңкеңесшісі, техник, жаттықтырушы, технолог, әскери есепке алу жөніндегі маман, музыкалық жетекші, бағдарламашы, режиссердің көмекшісі
Мемлекеттік мекемеге және қазыналық кәсіпорынға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің: монша, гараж, қонақ үй, топ, іс жүргізу, сақтау камерасы, кеңсе, қазандық (жалпы жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ. кем), наубайхана, кір жуатын орын, қойма, станция, шаруашылық, учаске, бөлім, жатақхана, ауысым, спортзал басшысы

D блогы (қосалқы персонал)

D


Оператор, күзетші, іс жүргізуші, автомобильдік тасымалдау диспетчері, комендант, бақылаушы, рұқсаттама бюросының кезекшісі, кассир, курьер, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, есепші, сызушы, экспедитор, киномеханик, архивариус, мейірбикенің (мейірие) көмекшісі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады