"Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 801 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 16134 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12967 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Инфокоммуникациялық технологиялар, оның ішінде:

      ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласындағы технологиялар;

      электрондық өнеркәсіп технологиялары.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 4 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ____________ А. Мырзахметов

      2017 жылғы 7 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ______________ Е. Біртанов

      2017 жылғы 28 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 24 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрі

      _____________ Б. Атамқұлов

      2017 жылғы 30 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 14 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 11 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады