"Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 16163 болып тіркелді

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізлсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:

      12-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) абоненттің кінәсінен емес байланыс қызметтерін көрсету тоқтатыла тұрған жағдайда, қызмет көсрету тоқтатыла тұрған кезеңіне барабар абоненттік төлем алынбайды.

      Абоненттің абоненттік төлемді уақтылы төлемегеннен туындаған байланыс қызметтерінің көрсетілуі тоқтатыла тұрған жағдайда байланыс операторы тоқтатыла тұрған кезеңге абоненттік төлемнің отыз пайызынан артық емес соманы ала отырып, абоненттік төлемнің қайта есебін жүргізеді.";

      көрсетілген бұйрықпен беітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:

      2-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) абоненттің жеке шоты (бұдан әрі – жеке шот) – көрсетілген қызметтердің көлемін, абонентпен жасалған шартқа сәйкес қызметтердің төлем шотына енгізілген ақшаның түсуін және жұмсалуын есепке алуға арналған ұялы байланыс операторының биллингтік жүйедегі талдамалық есебінің тіркелімі;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) абоненттің өтініші – абоненттің операторға қағаз тасығышта жазбаша түрде, сондай-ақ қызмет көрсетудің автоматты жүйесі арқылы немесе оператордың анықтамалық-ақпараттық қызметіне жіберілетін өтініші;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) жеке кабинет – абоненттің оператордың интернет-ресурсындағы немесе абоненттік құрылғының мобильдік қосымшасындағы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартының қолданылуы кезеңінде бөліп көрсетілген, өзіне-өзі қызмет көрсетудің, тарифтік жоспарлар мен қызметтерді бақылаудың, басқарудың автоматты интерфейсы бар, оператор айқындайтын абонентті сәйкестендіретін деректерді пайдалану арқылы абонентті сәйкестендіргеннен кейін абонент жүзеге асыратын қолжетімді (абоненттік нөмір, пароль, код сөзі және/немесе өзге деректер) дербес бөлімі;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) қызмет көрсетудің автоматты жүйесі – оператор (абоненттік нөмір, пароль, код сөзі және /немесе өзге деректер) айқындайтын абонентті сәйкестендіретін деректерді пайдаланумен абонентті сәйкестендіргеннен кейін оған ұялы байланыстың қызметтерін және онымен технологиялық байланысты қызметтерді, сондай-ақ тарифтік жоспарды қысқа мәтіндік хабарды жіберу немесе жеке кабинет арқылы дербес қосу немесе ажырату мүмкіндігін ұсынатын қызмет көрсетудің кешенді жүйесі;";

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) ұялы байланыс операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;";

      13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұялы байланыс операторы қосымша қызметтердің тізбесін ұялы байланыс желісінің техникалық мүмкіндігіне қарай анықтайды.

      14. Ұялы байланыс операторы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысымен бекітілген Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегiн болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң тiзбесiне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес абоненттерге тегін қосылуды ұсынуды қамтамасыз етеді. Шұғыл шақыруларға қосылу, сондай-ақ 1414 нөміріне қысқа мәтіндік хабарламалар байланыс операторларымен тарифтелмейді.

      15. Абоненттің ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге байланысты ақпаратты ұсынуы мақсатында ұялы байланыс операторы барлық оператор үшін 116 бірыңғай тегін қоңырау шалу нөмірімен ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесін жасайды. Ұялы байланыс операторының қалауы бойынша басқа қосымша нөмірлер қолданылуы мүмкін.

      Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесі сұрау салуларды автоматты түрде өңдеу режимінде де (қысқа мәтіндік хабарламалар немесе USSD-сұрау салу жолдау арқылы немесе жеке кабинет арқылы, не оператор ұсынатын басқа да техникалық мүмкіндіктер арқылы), ұялы байланыс операторының ақпараттық-анықтамалық қызметінің қызметкерімен тілдесу режимінде де жұмыс істей алады.

      Жеке кабинет арқылы байланыс қызметін қосуға және ажыратуға, байланыстың көрсетілген қызметіне төлемді жүргізуге, абоненттік нөмірі немесе нөмірлер тобы бойынша жеке кабинеттің функционалдық мүмкіндіктерімен көзделген өзге де іс-қимылдарды жасауға болады.

      Ұялы байланыс операторы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында ұялы байланыс операторының ақпараттық-анықтамалық қызметіне келіп түсетін кіріс қоңырауларын жазып ала алады.

      16. Ұялы байланыс операторының ақпараттық-анықтамалық жүйесінде тәулік бойы мынадай ақпараттық-анықтамалық қызметтер тегін ұсынылады:

      1) қызметтерге арналған тарифтер туралы, ұялы байланыс желісінің қызмет көрсету аймағы туралы ақпарат беру;

      2) абонентке оның жеке шотының жай-күйі және ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша берешегі туралы ақпарат беру;

      3) абоненттен ұялы байланыс қызметтерін пайдалануға кедергі келтіретін техникалық бұзылымдар туралы ақпаратты қабылдауды жүзеге асыру;

      4) байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты басқа да ақпараттық-анықтамалық қызметтерді ұсыну (көрсетілетін ұялы байланыс қызметтерінің сапасына түскен шағымдарды қабылдау, ұялы байланыс қызметтерін жақсарту бойынша ұсыныстар қабылдау, роумингтегі байланыс қызметтері туралы ақпарат).

      Қажет болған жағдайда ұялы байланыс операторы тегін ақпараттық-анықтамалық қызметтер тізбесін өз қалауы бойынша толықтыра алады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Оператор ақылы ақпараттық-анықтамалық қызметтердің тізбесін өз бетінше айқындайды.

      Ақылы ақпараттық-анықтамалық қызметтерді ұсыну басталар алдында Оператор абонентке олардың құны туралы хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Ұялы байланыстың қызметтері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес оператор мен абонент арасында жасалатын ұялы байланыстың қызметі көрсету туралы шарт (бұдан әрі – шарт) негізінде көрсетіледі. Бұл ретте, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, шарттың жасалуы рұқсат етіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт мыналарды қамтиды:

      1) абонент туралы мәлімет (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы (бар болған жағдайда), байланыс телефоны (бар болған жағдайда), заңды тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғалар үшін - атауы, бизнес - сәйкестендіру нөмірі;

      2) абонентке ұсынылатын абоненттік нөмірі және оны пайдалану және қайта тіркеу тәртібі;

      3) егер абонент өзінің абоненттік нөмірін басқа адамға берген жағдайда шартты міндетті түрде қайта тіркеу қажеттілігі туралы талап;

      4) көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері;

      5) қосымша қызметтерді ұсыну шарттары;

      6) абоненттің ұялы байланыс қызметтерінің пайдаланбаған мерзімі, оның аяқталуы бойынша шарт бұзылады;

      7) есеп айырысу тәртібі (кредиттік немесе аванстық);

      8) шотты жеткізу тәсілі немесе шотты нақтылау;

      9) шарт бұзылған кезде абоненттің жеке шотына жұмсалмаған ақшаны қайтару тәртібі;

      10) тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін ұсыну бойынша шектеулер мен талаптар.

      Бір шарттың шеңберінде абонентке бірнеше жеке шот берілуі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Шарт өз қолданысын мынадай жағдайларда тоқтатады:

      1) абоненттің шарттан біржақты бас тартуы. Абонент операторға шартты бұзу туралы өтініш жібереді. Ұялы байланыс қызметін көрсетуді нақты тоқтату, осы жағдайда оператор абоненттің өтінішінде көрсетілген күннен бастап, бірақ өтініш берілген күнінен және уақытынан бұрын жасалмауы тиіс;

      2) абоненттің абоненттік нөмірді көшіру туралы өтініш беруі.

      Абонент абоненттік нөмірді көшіруге өтінішті реципиент-операторға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығымен бекітілген Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларына сәйкес ұсынады. Ұялы байланыс қызметтерін ұсынуды нақты тоқтату осы жағдайда донор оператор реципиент-оператордың ұялы байланыс қызметтерін ұсыну басталған күннен бастап жүргізеді.

      Егер донор-оператормен жасалған ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарты бойынша бірнеше абоненттік нөмір бөлінсе, мұндай шарт өз қолданысын көшірілген абоненттік нөмірге қатысты ғана тоқтатылады;

      3) абоненттің көрсетілген ұялы байланыс қызметтерін төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамағанына байланысты күнтізбелік екі айдан астам уақыт ішінде кредиттік есеп айырысу тәртібі бойынша оған ұялы байланыс қызметін ұсынуды тоқтата тұру;

      4) абонеттің егер де шартта өзгеше белгіленбесе, ұялы байланыс (кіріс және шығыс байланыс, қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберу/алу, деректерді беруді қабылдау/беру) қызметтерін 12 айдың ішінде пайдаланбауы;

      5) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген шартты бұзудың өзге де негiздерi туындаған кезде.

      Шартты бұзу, сондай-ақ абонентке ұялы байланыс қызметтерін беруді тоқтату оның өтелмеген берешектерді төлеу бойынша міндеттемелерін жоймайды.

      Шарттың бұзылуы абонентке шарт жасасу кезінде берілген абоненттік нөмірге қызмет көрсетуде және алуда бас тартуға әкеп соғады. Абоненттік нөмірдің өзге байланыс операторына өтуіне байланысты шарт бұзылған кезде, абоненттік нөмірді алып тастау жүргізілмейді.";

      21-тармақ алып тасталсын;

      22-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ұялы байланыс операторының желісінде абонент алған ұялы байланыс қызметтері, оларды пайдалану уақыты, ұқсас стандарттағы басқа желілер абоненттерінің телефон нөмірлерімен қосылыстары туралы ақпаратты автоматты түрде есепке алуды жүзеге асырады.

      Сонымен қатар, қалааралық және халықаралық телефон байланысының қызметтерін, халықаралық роумингті қоса алғанда, абоненттің ортақ пайдаланылатын тіркелген телекоммуникация желісінің абоненттік құрылғыларымен қосылыстары, сондай-ақ абоненттің тарифтелмейтін қосылыстары тіркеледі.

      Бұл ретте ұялы байланыс операторы өз абонентінің осындай роуминг-серіктестің еліне бару кезінде нақты уақыт режимінде қосылулар ұзақтығын қадағалауға мүмкіндік беретін жүйенің болмауына байланысты берешектің пайда болу мүмкіндігі туралы хабарлайды;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) абоненттерге байланыс жабдықтарын жартылай немесе толық ажыратуға байланысты алдын алатын қызмет көрсету туралы және осы жұмыстар басталғанға дейін күнтізбелік үш күн бұрын осы жұмыстарды өткізу мерзімдері туралы хабарлайды;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) абонентке көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне артық төленген ақшаны қайтарады немесе оларды абоненттің келісімі бойынша ұялы байланыс қызметтеріне аванстау ретінде есептейді;";

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) әлеуметтік-мемлекеттік тапсырыс болған жағдайда, сондай-ақ құқық қорғау органдарына жәрдем көрсету мақсатында, абоненттерге заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың оларға қажетті жағдайларда қысқа нөмірлерді резервтеумен, ақпараттық хабарламаларын жаппай таратуды қамтамасыз етеді;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) Тарифтік жоспарға өзгерістерді енгізгенге немесе оны жойғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын қысқаша мәтіндік хабарлама арқылы абонентті бұл туралы ескерте отырып, тарифтік жоспарды өзгертеді немесе жояды.";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, апат қызметтерден келетін ақпараттарды таратуды қоспағанда, абоненттерге түнгі уақытта (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін) бұрын абонент сұратпаған, қысқа мәтіндік хабарламаларды және/немесе мультимедиялық хабарламалар арқылы ақпараттарды (жарнамалық сипаттағы таратуларды) жіберу бойынша лимит белгілейді;";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Ұялы байланыс операторы абоненттерге ұсынылатын тарифтік жоспарлар мен акциялық ұсыныстарды қалыптастырады. Тарифтік жоспарлардың және акциялық ұсыныстардың тізбесін, оларға қосылған ұялы байланыстың қызметтерін және олардың тарифтерін, оларды пайдалану шарттарын, қолданыс мерзімін, енгізілген қызметтердің көлемін оператордың өзі айқындайды және операторға қолжетімді амалдармен абоненттердің назарына жеткізіледі.

      Егер акциялық ұсыныста немесе тарифтік жоспарда көзделген бір қызметтің көлемі аяқталған кезде ұялы байланыс операторы осы акциялық ұсыныспен немесе тарифтік жоспарпен көзделген басқа қызметтерді алуға шектемейді. Сондай-ақ, ұялы байланыс операторы акциялық ұсыныста немесе тарифтік жоспарда көзделген қызметтің көлемі аяқталған кезде абонентті бұл жайлы хабардар етеді және қосымша қызмет көлемі үшін төлем тек оның келісімі арқылы алады.";

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Белгілі тарифтік жоспар бойынша көрсетілетін қызметке тарифтер аталған тарифтік жоспар бойынша қызмет көрсетілетін барлық абоненттерге бірдей қолданылады және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында белгіленеді.

      33. Оператор тарифтік жоспарларда:

      1) ұялы байланыстың көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және олардың құнын;

      2) осы тарифтік жоспар бойынша жеке шоттан ақшаны есептен шығару тәртібін;

      3) тиісті тарифтік жоспар бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсынудың басқа шарттарын көрсетеді.";

      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:

      "33-1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасуына қарамастан, байланыс операторларының хабарламалары мен ақпараттарын беру немесе алу үшін технологиялық процестерде ұялы байланыс қызметтерін ұсынғаны кезінде Астана қаласының уақыты бойынша белгіленетін бірыңғай есеп және есептік уақыт белгіленеді.

      Ұсынылған ұялы байланыс қызметтерінің көлемін есепке алу және олардың құнын айқындау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 болып тіркелген) тарификация бірліктерінің өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Ұялы байланыс операторы нөмірді тергеннен кейін абонеттерді шақыруды міндетті түрде жүзеге асырады. Абонентті табысты шақырылу қолданылғаны туралы хабардар ету үшін ұзындығы секундына 1 қайталанбалы гудогі түрінде 425 Гц жиілікте акустикалық сигнал қолданылады, гудоктар арасында үзіліс ұзындығы 4 секунд. Ұялы байланыс операторымен осы сигналдың орнына немесе алдына басқа акустикалық сигналдарды орнату абонеттің өтініші бойынша іске асырылады.

      Бұл ретте акустикалық сигнал дыбысының деңгейі ыңғайлы болуы және дауыстық байланыстың дыбыстық деңгейіне сәйкес келуі қажет.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Ұялы байланыс қызметтерін пайдалану кезінде қосылыс ұзақтығын ұялы байланыс операторы шақырылатын абоненттік нөмір бойынша кез келген тұлғаның абоненттік құрылғының жауап алу сәтінен бастап, ұялы байланыс операторының желісі коммутаторының автоматты жауап берушілерінен басқа, үзілгенге дейін (абонеттік құрылғы пернетақтасында сөйлесудің аяқталуы пернесін басуы немесе байланыс құралымен көзделген өзге де тәсілдер) санайды. Оператор коммутаторының (немесе коммутаторға қосылудың) жауабы шақырылған абоненттің жауабына тең емес және тиісті қосылысты тарифтеудің басталуы бола алмайды.

      Абоненттік құрылғыға шақырылатын абонент жауабына теңестірілетін жауап белгісі тиісті қосылу тарификациясының бастамасы болып табылады, оларға мыналар жатады:

      автожауап берушімен жабдықталған абоненттік құрылғы;

      факсимильді аппарат.";

      42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Кредиттік есеп айырысуда ұялы байланыс операторының шотына ұялы байланыс қызметтерін төлеу үшін жеткілікті ақша түсуі қажет етілмейді, абонент байланыс қызметтерін ақшалай алдын ала төлемсіз пайдалана алады және оларды есептік кезең ішінде төлейді. Ұялы байланыс операторы абонентке ұялы байланыс операторының қолданыстағы тарифтеріне сәйкес ай сайын шотты ұсынады.

      Кредиттік есеп айырысуда абонент ұялы байланыс қызметтеріне лимит белгілеуіне болады. Бұл ретте лимиттің жоғарғы шегін байланыс операторы белгілейді.

      Белгіленген лимит аяқталған кезде ұялы байланыс қызметін көрсету кіріс қоңырауларды санамағанда уақытша тоқтатылады.

      43. Аванстық есеп айырысуда абонент ұялы байланыс қызметтерін төлеу үшін жеткілікті ақша дербес шотқа түскеннен кейін ұялы байланыс қызметтерін пайдаланады.

      Абоненттің дербес шотында ұялы байланыс қызметтерін төлеуге ақша жоқ болған жағдайда, оператор Тізбеде көрсетілген нөмірлермен және операторға қызмет көрсетудің ақпараттық-анықтамалық жүйесімен қосылыстарды қоспағанда, шығыс қосылыстарды көрсетуді тоқтатады.

      Дауыстық қоңырау соғуды жасау сәті кезінде абонент оператордан дербес шотта ақша жоқтығы жөнінде дауыстық хабарлама алады.";

      мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Тізімде көрсетілген қызметтерден хабарларды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жолданған хабарларды таратуларды қоспағанда, ұялы байланыс желілерінде жарнама және ойын сипатындағы ақылы қысқаша мәтіндік және/немесе мультимедиялық хабарларды таратуға абоненттің өтініші болған кезде ғана жол беріледі.

      Жарнама және ойын сипатындағы ақылы хабарларды алуға абоненттің өтініші болмаған жағдайда, осы қызметке қосылғаны, сондай-ақ осындай хабарларды алғаны үшін төлем алынбайды.";

      45-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (З.К. Құдайбергенова):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз тасығышта және электрондық нысанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады