"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 845 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 16202 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әскери оқу орындарына "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 38, 39-бабының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кәсіби бейімдеу жұмысының қорытындылары бойынша оқуға түсетін кандидаттардың жеке істері жасалады.

      Ішкі істер департаменті, әскери бөлімнің кадр қызметі кандидаттардың қалыптастырылған оқу істерін ІІМ әскери оқу орындарына оқуға түсетін жылдың 20 шілдесіне дейін жібереді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әскери қызметте тұрмайтын адамдар мен тәрбиеленушілер қатарынан кандидат оқуға түсетін жылдың 10 шілдесіне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кандидаттар әскери оқу орындарына түсу үшін ұсынатын құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туған күнін, білім деңгейін, әскери оқу орнының және білім алғысы келген мамандықтың атауын көрсете отырып, ішкі істер органдарына немесе әскери бөлімдерге өтініш жасайды.

      Мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Әскери қызметте тұрмайтын әскери қызметшілер, адамдар мен тәрбиеленушілер қатарынан кандидаттар әскери қызмет өткеру орны (тұрғылықты жері) бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе Кешенді тестілеу (бұдан әрі - КТ) өткізу пункттері базасында тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 14-тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін базалық жоғары оқу орындарында екі блок бойынша тапсырады:

      1-блок - Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқу тілі);

      2-блок - екі бейіндік пән, оларды таңдауды осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес ІІМ әскери, арнайы оқу орындары мамандықтарының тізбесіне (бұдан әрі - Мамандықтар тізбесі) сәйкес мамандығына қарай кандидат дербес жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кандидаттарды конкурстық іріктеуден өткізу үшін жыл сайын 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен: қабылдау комиссиясының, кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру комиссиясының, кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру және кәсіби-психологиялық іріктеу жөніндегі комиссияның, апелляциялық комиссияның, техникалық топтың құрамдары бекітіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әрбір спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелерін кандидаттардың дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі жеке ведомоске тіркейді және кандидатқа қол қойғыза отырып жеткізеді. Жаттығуларды орындау нәтижелерін тіркеген соң, қайта тапсыруға жол берілмейді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Кандидаттың өтінішін қарау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда бір дене шынықтыру жаттығуын қайта тапсыруға рұқсат етіледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша кандидаттың рейтингі негізінде оқуға қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады және сол күні кандидаттарға жарияланады.

      Кандидаттың рейтингі ҰБТ немесе КТ балдарын және дене шынықтыру даярлығы бойынша орташа балдарын қосу арқылы айқындалады.

      ІІМ әскери оқу орындарына ҰБТ немесе КТ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 (бұдан әрі - № 58 Қаулы) қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесімен белгіленген межелік деңгейдегі балдан төмен емес, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы - оқу тілі бойынша кемінде бес балл және әрбір бейіндік пән бойынша кемінде бес балл жинаған кандидаттар қабылданады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Әскери оқу орындарының оқитындар құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда:

      жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының түлектері;

      қызмет өткеру уақытында қаза болған, хабарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткеру кезеңінде мүгедектік алған әскери қызметшілердің балалары;

      "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдар;

      тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші - үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші - үшінші дəрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының басым құқығы бар.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Әскери оқу орнына оқуға қабылданған кандидат Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерінің 12-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әскери оқу орнының бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Оқуға қабылдау (жолдау) туралы бұйрықтан үзінді көшірмені он жұмыс күні ішінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге, ішкі істер департаменттеріне және әскери бөлімдерге жолданады.";

      37, 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқыту нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, жеке, моральдық, іскери, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене шынықтыру, білім деңгейі бойынша оларға жүктелген қызметік міндеттерді орындай алатын Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

      ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға "Құқық" мамандықтар тобы бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда Қазақстан Республикасының жоғары білімі бар азаматтары қабылданады.

      38. ІІМ арнаулы оқу орындары осы Қағидаларға 1-1-қосымшада көрсетілген Мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады.

      39. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар арнаулы оқу орындарының немесе тұрғылықты жері бойынша аумақтық, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – АОО, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД) кадр қызметтеріне өтініш (еркін нысанда, емтихан тапсыру тілін міндетті түрде көрсетумен) береді.

      Өтінішке:

      1) жеке куәлігінің көшірмесі;

      2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см. алты фотосурет, өлшемі 10х12 см. бір фотосурет);

      3) өз қолымен толтырылған өмірбаян (түпнұсқа);

      4) білімі туралы аттестаты немесе дипломының көшірмесі;

      5) "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Аумақтық ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД кадр қызметтері кандидаттардың оқуға қалыптастырылған жеке істерін оқуға түсетін жылдың 1 шілдесіне дейін ІІМ арнаулы оқу орындарына жолдайды.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІМ арнаулы оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша орта, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қабылданады.

      ІІМ арнаулы оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша оқуға түсетін қызметкерлерге кадр қызметтері оқу ісін жолдайды, ол:

      1) қызметкердің емтиханды тапсыру тілі көрсетілген баянатын;

      2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағын;

      3) оқуға жіберу туралы ұсынымы бар қызметтік мінездемені;

      4) жеке куәлігінің көшірмесін (нотариалды расталған);

      5) білімі туралы құжаттың көшірмесін (нотариалды расталған);

      6) өлшемі 3х4 см. алты фотосуретті;

      7) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес 086-У медициналық анықтаманы қамтиды.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІМ-нің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдауды ұйымдастыруды арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясы (бұдан әрі - қабылдау комиссиясы) жүзеге асырады.

      Қабылдау комиссиясының құрамы арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және арнаулы оқу орындарының қызметкерлері мен ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД өкілдері қайтарылады қалыптастырылады.

      Қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы ІІМ арнаулы оқу орнының бастығы болып табылады.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық етеді, оның мүшелерінің өкілеттігін белгілейді және осы комиссиясының жұмыс жоспарын бекітеді.

      Қабылдау комиссиясының хатшысы арнаулы оқу орнының құрылымдық бөліністерінің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, оған қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, отырыстарға материалдарды, сондай-ақ олардың жұмысы туралы есеп жобасын әзірлеу жүктеледі. Қабылдау комиссиясы хатшысының орынбасары және техникалық топтың техникалық хатшылары оқуға түсетін кандидаттардың жеке және оқу істерін ресімдеу және өңдеу үшін тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Қабылдау комиссиясы:

      1) кандидаттардың жеке істерін қарауды жүзеге асырады;

      2) түпкілікті медициналық куәландыруды жүргізеді, дене шынықтыру даярлығын тексереді;

      3) конкурстық тізімдерді және комиссияның кандидаттарды курсанттар қатарына тіркеу туралы хаттамасын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды;

      4) кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді;

      5) конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша курсанттар қатарына қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      6) кандидаттарды қабылдау қорытындыларына талдау жасауды және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлеуді жүргізеді;

      7) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды.

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға кандидаттармен медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығын және ішкі істер органдары қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін тексеруден тұратын кәсіптік іріктеу жүргізіледі.

      Ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманы білуін тексеру әңгімелесу нысанында өткізіледі.

      ІІО қызметкерлері санынан оқуға кандидаттар медициналық куәландырудан және дене шынықтыру дайындығын тексеруден босатылады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелерін бағалау осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ІІМ арнаулы оқу орындарына түсушілерге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шынықтыру даярлығы нормативтері) сәйкес жүргізіледі.

      "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық біліктілігі бар және ІІМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына оны растайтын құжаттар ұсынған кандидаттар дене шынықтыру бойынша іріктеуден босатылады.

      Кандидаттардың дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу кезінде кандидаттарды старттық нөмірлерді беру жолымен шифрлеу қолданылады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Спорттық жаттығуларды орындау шарттары:

      100, 1000 және 3000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез-келген тегіс жерде өткізіледі;

      Биік белтемірге тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпы жоғарыдан ұстап (бас бармақ астыңғы жақта) жерге аяғын тигізбей орындалады. Иегі бел темірден асырып, әрбір орындау кезінде қозғалмайтын қалыпта, тартылған қалпы қолдары түзу, аяқтарын жұлқынбай және серіппей орындаған кезінде жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылып тұру қалпында орнынан 5 секундтан артық тоқтауға және тартылуды шайқалудан бастауға жол берілмейді;

      кешенді күш жаттығулары бір минут ішінде орындалады: алғашқы 30 секундта арқамен жатып, қол ұштарын иыққа қойып, аяқтарды қосып (аяқтарды сәл бүгуге болады), кеуде тізеге тигенше барынша тартылуды орындайды, бастапқы қалыпқа келу кезінде жауырынды жерге тигізу керек; содан кейін қалған 30 секунд ішінде жатқан қалпында қолдарды созу, бүгу жаттығуын жасауды орындайды (денені тік ұстап, қолдарды кеудесі тірекке тигенше бүгу).";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері әрбір спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелерін жеке ведомосте белгілейді және кандидаттың назарына қол қойғыза отырып, жеткізіледі. Жаттығуларды орындау нәтижелері белгіленгеннен кейін қайта тапсыруға жол берілмейді.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Кандидаттың өтінішін қарау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда бір дене шынықтыру жаттығуын қайта тапсыруға жол беріледі.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсың:

      "66. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткiштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ немесе КТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.

      Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша кандидатты курсант қатарына қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді кандидатқа қабылдау комиссиясының отырысында жариялайды.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті балдардың саны № 58 қаулымен белгіленеді.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде:

      1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;

      2) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. ҰБТ немесе КТ сертификаттарының балдары бiрдей болған жағдайда оқуға қабылдауға мыналардың:

      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдар;

      ішкі істер органдарының қызметкерлері, егер олар жоғары білімді алғаш рет алатын болса басым құқыққа ие болады.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орта балдары жоғары адамдарға беріледі.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болған жағдайда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Курсанттар қатарына қабылданбаған ішкі істер органдары қызметкерлерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің қатарынан кандидаттар ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің қарамағына жіберіледі, олардың жеке (оқу) істері оқуға қабылданбау себептерін көрсете отырып, қайтарылады.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсың.

      2. Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басыламдарына ресми жариялауға жолдау;

      4) осы бұйрықты ресми жарялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция полковнигі Ж.Қ. Сүлейменовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 845 бұйрығына
1-қосымша
  Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау
қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

      1. Өтініш (Ұлттық ұлан мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының атына);

      2. Жеке куәліктің, туу туралы куәліктің, әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркеу куәлігінің, оқуға түсетін кандидаттың білім туралы құжатының көшірмелері.

      3. Үлгерімдік табельдің көшірмесі немесе сынақ кітапшасының көшірмесін (білім беру ұйымдарындағы білім алушылар үшін);

      4. Сауалнамалық мәліметтер - 2 дана;

      5. Өмірбаян (басып шығарылған және өз қолымен жазылған) - 2 дана;

      6. Оқу (қызмет, жұмыс) орнынан мінездеме;

      7. Тұрғылықты жерінен анықтамасы;

      8. Салық органының жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны қабылдағаны туралы анықтамасы;

      9. Сотталғандығы және сотталмағандығы туралы анықтама;

      10. Жеке куәлігінің және жақын туыстарының туу туралы куәліктерінің көшірмелері (ата-аналар, асырап алушылар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-қарындастар);

      11. 3х4 см өлшемдегі фотосурет - 6 дана;

      12. Әскери қызметті атқаруы туралы келісімшартты жасауға заңды өкілдерінің нотариалды куәландырылған келісімі (кәмелетке толмаған кандидаттар үшін).

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 845 бұйрығына
2-қосымша
  Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау
қағидаларына
1-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының мамандықтар тізбесі

Коды және бакалавриат мамандығы

Күндізгі оқыту

Жеделдете оқыту мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсу үшін кешенді тестілеу (сырттай оқыту)

Бейіндік пәндер комбинациясы


1 бейіндік пән

2 бейіндік пән


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына

5B100501-Ұлттық ұланның командалық тактикалық

Математика

Физика


Математика

География


Тарих

Адам, қоғам, құқық


Тарих

География


Шетел тілі

Тарих


5B100502-Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар командалық тактикалық

Математика

Физика


Математика

География


Тарих

Адам, қоғам, құқық


Тарих

География


Шетел тілі

Тарих


5B100503-Әскери инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің командалық тактикалық

Математика

Физика


Математика

География


Тарих

Адам, қоғам, құқық


Тарих

География


Шетел тілі

Тарих


5В100504-Әскерді зымыран-артиллериялық қамтамасыз етудің командалық тактикалық

Математика

География


Тарих

Адам, қоғам, құқық


Тарих

География


Шетел тілі

Тарих


Математика

Физика


5В100505-Ұлттық ұланды автомобильдік қамтамасыз етудің командалық тактикалық

Математика

География


Тарих

Адам, қоғам, құқық


Тарих

География


Шетел тілі

Тарих


Математика

Физика


5В100506-Ұлттық ұланды тылмен қамтамасыз етудің командалық тактикалық

Математика

География


Тарих

Адам, қоғам, құқық


Тарих

География


Шетел тілі

Тарих


Математика

Физика


5В10050-Байланыс әскерінің командалық тактикалық

Математика

География


Тарих

Адам, қоғам, құқық


Тарих

География


Шетел тілі

Тарих


Математика

Физика


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына

5В030300
Құқық қорғау қызметі *

Тарих

Адам, Қоғам, Құқық

Мемлекет және құқық теориясының негіздері + Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы

5В010300
Педагогика және психология

Биология

География


5В090500
Әлеуметтік жұмыс

География

Шетел тілі


5В070300
Ақпараттық жүйелер

Математика

Физика


5В071900
Радиотехника, электроника және телекоммуникация

Математика

Физика


5В100100
Өрт қауіпсіздігі **

Математика

Физика

Математика
+
Физика

5В103100
Төтенше жағдайлардан қорғау

Математика

Физика


5В103200
Азаматтық қорғаныс күшінің командалық тактикалық

Математика

Физика


5B103300
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі

Математика

Физика


      * "Құқық қорғау қызметі" және "Заңтану" мамандықтары бойынша жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына сырттай оқыту нысаны бойынша қабылданбайды.

      ** Жалпы орта білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша сырттай оқыту нысаны бойынша Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына қабылданбайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады