"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 13-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 16237 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 13-НҚ нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 желтоқсанда № 12476 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесінде:

      26-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) стратегиялық жоспарда және аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, сондай-ақ мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктерге сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі шығыстарының бағыттары бойынша жүзеге асырылады.";

      30, 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Бюджеттік бағдарламаларды стратегиялық жоспарда және аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, сондай-ақ мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктерге сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі шығыстарының бағыттары бойынша топтауды жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

      31. Стратегиялық жоспарда және аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, сондай-ақ мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктерге сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі шығыстарының бағыттары бойынша топталған бюджеттік бағдарламалар бойынша тәуекелдерді бағалаудың жиынтық мәні (Rbp) бюджет қаражатының жұмсалуының тиісті функционалдық бағыты бойынша мемлекеттік органда мемлекеттік аудит жүргізудің қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін сыртқы мемлекеттік аудит органының мүшелеріне жіберіледі.

      32. Бюджеттің кіріс бөлігі саласындағы тәуекелдерді бағалау:

      1) салықтық түсімдер бойынша:

      республикалық деңгейде – республикалық бюджетке түсетін түсімдерді және басқа да төлемдерді алуға жауапты уәкілетті органдар және олардың аумақтық (облыстық) бөлімшелері бойынша;

      жергілікті деңгейде – жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді және басқа да төлемдерді алуға жауапты уәкілетті органдар және олардың аумақтық (аудандық) бөлімшелері бойынша;

      2) салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша түсімдер сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      34-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) түсімдердің сыныптамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдерді (салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер);";

      36-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) түсімдердің сыныптамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдерді (салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер);";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік аудиттің объектілері мен нысандары тәуекелдің үш тобының біріне:

      1) тәуекелдің жоғары деңгейіне;

      2) тәуекелдің орта деңгейіне;

      3) тәуекелдің барынша аз деңгейіне жатқызылады.";

      1-қосымша осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      2-қосымша осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы нормативтік қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы нормативтік қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы нормативтік қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      9-қосымша осы нормативтік қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      10-қосымша осы нормативтік қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      11-қосымша осы нормативтік қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      12-қосымша осы нормативтік қаулыға 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      14-қосымша осы нормативтік қаулыға 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитеті Төрағасының
міндетін атқарушы
К. Плотников

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 1-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 1-қосымша

Мемлекеттік аудит объектілері мен нысандары бойынша тәуекелдерді бағалау
өлшемшарттарын есептеу әдістемесі
1. Өлшемшарттардың шекті деңгейлерін есептеу

      1. Шекті деңгейлер екі санатқа бөлінеді:

      1) объективті шекті деңгей (Po) [1], екі есе стандарттық ауытқу формуласы бойынша өлшемшарттар жөніндегі тарихи деректер (серпінді қатар) негізінде есептеледі [2]:



      мұнда:


– стандарттық ауытқу;

      Xi – ауыспалының мәні (өлшемшарттың мәні);

      Хср – ауыспалының (өлшемшарттың) орташа мәні;

      i – жыл;

      n – жылдың саны.

      2) нормативтік (сараптамалық) шекті деңгей (Pe), нормативтік талаптардың және/немесе сараптамалық пікірдің негізінде айқындалады. Нормативтік (сараптамалық) шекті мәндердің мәні аудит объектілерінің тізбелерінде келтірілген.

2. Өлшемшарттардың тәуекел деңгейіне тигізетін ықпалын есептеу

      2. Тәуекелдер деңгейіне өлшемшарттардың тигізетін ықпалын айқындау кезінде Монте-Карло стохастикалық модельдеу әдісімен "тәуекелге тәуелді" көрсеткіш есептеледі. Тәуекелге тәуелді көрсеткішті есептеу үшін кіріс деректерге мынадай мәндер қабылданады: µ – көрсеткіштің орташа мәні (нұқсан), s – көрсеткіштің стандарттық ауытқуы (нұқсан).

      1)

– көрсеткіштің орташа мәні (нұқсан) мынадай формула бойынша есептеледі [3]:


      мұнда:

      (Xi: Xi-1) – өлшемшарттың соңғы мәнін ескермей, өлшемшарт бойынша ауыспалылар мәнінің (серпінді қатар) ауқымы.

      2) – көрсеткіштің стандарттық ауытқуы (нұқсан) осы Әдістеменің 1-тармағына сай формула бойынша есептеледі. Бұл ретте көрсеткіштің стандарттық ауытқуы (нұқсан) алынған мәнді 100-ге көбейту арқылы пайызбен айқындалады.

      3. Келесі кезең Монте-Карло стохастикалық модельдеу әдісімен "тәуекелге тәуелді" көрсеткішті (Rar) есептеу болып табылады, ол MS Excel персентиль функциясын қолдана отырып, мынадай формула бойынша есептеледі [4]:



      мұнда:

      Si: Sn – нұқсанды симуляциялау көрсеткіштерінің ауқымы;

      k – (95%) сенімді интервал, ол өлшемшарт мәнінің тәуекелге тәуелді есептік көрсеткіштен аспайтынының 95 %-ға ықтималдығын білдіреді;

      S – нұқсан көрсеткіштерінің симуляциясы, мынадай формула бойынша [5]:



      мұнда:

      стандартты кері мәннің нормасы – MS Excel функциясы, стандарттық қалыпты бөлудің кері мәнін қайтарады. Бұл бөлу орташа, нөлге тең және бірлікке тең стандарттық ауытқуды қамтиды;

      F – кездейсоқ сандар функциясы бойынша есептелетін серпінді қатардың белгіленген кезеңінің кездейсоқ шамасы (кездейсоқ сандар);

      кездейсоқ сандар – MS Excel функциясы, тепе-тең бөлінген кездейсоқ заттай санды қайтарады, ол 0-ден артық немесе тең және 1-ден кем. Жаңа кездейсоқ заттай сан әрбір парақты есептеу кезінде қайтарылады.

3. Тәуекелдердің туындау ықтималдығын есептеу

      4. Шекті деңгейді және қадағалаулар санын ескере отырып, тәуекелдердің туындау ықтималдығын есептеу жүзеге асырылады (V), ол мынадай формула бойынша есептеледі [6]:

      V = серпінді қатарда объективті шекті деңгейден (Po) шығыс көрсеткіштерінің асып кету жағдайларының саны * 100 / серпінді қатар жылының саны [6], мұнда:

      Pо – серпінді қатардың соңғы кезеңінің объективті шекті деңгейі.

4. Өлшемшарттарды есептеу нәтижелерін бағалау

      5. Өлшемшарттарды есептеу нәтижелері (R) мынадай формула бойынша айқындалады [7]:



      мұнда:

      P% – объективті шекті деңгейден ауытқу пайызы (Po) мынадай формула бойынша есептеледі [8]:



      мұнда:

      Vo – тәуекелдердің туындау ықтималдығын (Vr) тәуекелге бағынысты көрсеткішке (СFaR) көбейту жолымен айқындалатын күтілетін ықпал.

     

 – аудит объектілерінің (нысандарының) белгіленген топтары бойынша өлшемшарттардың жалпы тізбесінің ішінен таңдалған өлшемшарттың маңыздылығының үлес салмағы пайыздық арақатынаста сараптамалық әдіспен айқындалады, бұл ретте аудит объектілерінің (нысандарының) топтары бойынша маңыздылықтың үлес салмақтары 100%-ға тең болуы тиіс.

      6. Қандайда бір өлшемшарттардың ішінен шығыс деректер болмаған жағдайда, аталған өлшемшарттың үлес салмағы тең үлестердегі басқа өлшемшарттар бойынша бөлінеді.

      7. Мемлекеттік аудиттің объектісі (нысаны) бойынша тәуекелдерді (Ri) есептеудің қорытынды нәтижесі мынадай формула бойынша:



      Өлшемшарттарды есептеу нәтижелерін қосу арқылы айқындалады [9].

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 2-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 2-қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша
ӨЛШЕМШАРТТАР ТІЗБЕСІ

Р/с

Өлшемшарттың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті деңгейлер

Өлшемшарт-тың үлес салмағы (%)

Объективті

нормативтік (сараптамалық)

1

Соңғы мемлекеттік аудит жүргізу кезінен басталатын мерзім

жыл




2

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда қаржылық бұзушылықтардың үлесі

%




3

Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтиже көрсеткіштерінің жалпы санына шаққанда тікелей нәтиженің қол жеткізілмеген көрсеткіштерінің үлесі

%




4

Бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің жалпы санына шаққанда түпкілікті нәтиженің қол жеткізілмеген көрсеткіштерінің үлесі

%




5

Бастапқыда бекітілген бюджеттік бағдарламаларда көзделген мәндерге қол жеткізбеген бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесінің жалпы санына шаққанда олардың қол жеткізілмеген көрсеткіштерінің үлесі

%




6

Бастапқыда бекітілген бюджеттік бағдарламаларда көзделген мәндерге қол жеткізбеген бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижесінің жалпы санына шаққанда олардың қол жеткізілмеген көрсеткіштерінің үлесі

%




7

Бюджеттің атқарылуы барысында бастапқыда бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтиже көрсеткіштерінің жалпы санына шаққанда түзетуге ұшыраған тікелей нәтиже көрсеткіштерінің үлесі

%




8

Бюджеттің атқарылуы барысында бастапқыда бекітілген бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің жалпы санына шаққанда түзетуге ұшыраған түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің үлесі

%




9

Бюджеттің атқарылуы барысында қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жиілігі (саны)

бірлік




10

Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі

коэффиценті




  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 3-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 3-қосымша

Бағдарламалық құжаттар (мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары) бойынша
ӨЛШЕМШАРТТАР ТІЗБЕСІ

Р/с

Өлшемшарттың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті деңгейлер

Өлшемшарт-тың үлес салмағы (%)

Объективті

нормативтік (сараптамалық)

1

Соңғы мемлекеттік аудит жүргізу кезінен басталатын мерзім

жыл




2

Аталған бағдарламалық құжат шеңберінде іске асырылатын бюджеттік бағдарламаларды іріктеу өлшемшарттары мәндерінің ауытқу дәрежесінің орташа есептелген көрсеткіші

%




3

Бағдарламалық құжаттың нысаналы индикаторларына қол жеткізбеу үлесі

%




4

Бастапқыда бекітілген бағдарламалық құжатта көзделген мәндерге қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлардың жалпы санына шаққандағы үлесі

%




5

Бастапқыда бекітілген нысаналы индикаторлардың жалпы санына шаққанда бағдарламалық құжатты іске асыру барсында өзгеріске ұшыраған нысаналы индикаторлардың үлесі

%




6

Бағдарламалық құжаттың Іс-шаралар жоспарындағы орындалмаған іс-шаралардың үлесі

%




7

Бағдарламалық құжат шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалардың жалпы санына шаққанда уақтылы іске асырылмаған бюджеттік инвестициялық жобалардың үлесі

%




8

Бағдарламалық құжатты іске асыру кезеңі ішінде оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жиілігі (саны)

бірлік




  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 4-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 4-қосымша

Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты мекемелері
бойынша (шығыс бөлік)
ӨЛШЕМШАРТТАР ТІЗБЕСІ

Р/с №

Өлшемшарттың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті деңгейлер

Өлшемшарт-тың үлес салмағы (%)

Объективті

нормативтік (сараптамалық)

1

Тексерілген кезеңге мемлекеттік аудит объектісіне бөлінген бюджет қаражатының жалпы көлеміне шаққанда мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының үлесі

%




2

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда қаржылық бұзушылықтардың үлесі

%




3

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасына шаққанда бюджетке өтеуге жататын анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы

%




4

Тапсырмалардың жалпы көлеміне шаққанда мемлекеттік аудит органының орындалмаған тапсырмаларының үлесі

%




5

Республикалық бюджеттің жалпы көлеміне шаққанда мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жылдық көлемі

%




6

Республикалық бюджеттің нысаналы даму трансферттерінің жалпы көлеміне шаққанда нысаналы даму трансферттерінің жылдық көлемі

%




7

Республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерінің жалпы көлеміне шаққанда ағымдағы нысаналы трансферттердің жылдық көлемі

%




8

Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемдерінің өсуі/төмендеуі

%




9

Жыл соңына бюджет қаражатының игерілуі





10

Бюджеттің атқарылуы барысында шығыстардың бекітілген жалпы көлеміне шаққанда бюджеттік бағдарлама әкімшісі қайта бөлген (түзеткен) қаражаттың үлесі

%




11

Өткен кезеңмен салыстырғанда дебиторлық берешек көлемінің өсуі/төмендеуі

%




12

Өткен кезеңмен салыстырғанда кредиторлық берешек көлемінің өсуі/төмендеуі

%




13

Аталған мемлекеттік органның есепті кезеңде іске асыратын бюджеттік инвестициялық жобаларының жалпы бекітілген санына шаққанда уақтылы іске асырылмайтын бюджеттік инвестициялық жобалардың үлесі

%




14

Аталған мемлекеттік органның есепті кезеңде іске асыратын бюджеттік инвестициялық жобаларының жалпы бекітілген санына шаққанда бюджеттің атқарылуы барысында қайта бөлуге (түзетуге) ұшыраған бюджеттік инвестициялық жобалардың үлесі

%





  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 5-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 5-қосымша

Бюджетке түсетін түсімдердің (салықтық түсімдер) толықтығын және уақтылылығын
қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
ӨЛШЕМШАРТТАР ТІЗБЕСІ

Р/с №

Өлшемшарттың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті деңгейлер

Өлшемшарт-тың үлес салмағы (%)

Объективті

нормативтік (сараптамалық)

1

Соңғы мемлекеттік аудит жүргізу кезінен басталатын мерзім

жыл




2

Тапсырмалардың жалпы көлеміне шаққанда мемлекеттік аудит органының орындалмаған тапсырмаларының үлесі

%




3

Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда түсімдердің жалпы көлеміне шаққанда республикалық бюджет берешегі үлесінің өсуі

%




4

Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда салықтар, кедендік төлемдер бойынша бересінің өсу қарқыны

%




5

Түсімдердің жалпы сомасына шаққанда бересінің үлес салмағы

%




6

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке кірістер бойынша түсімдердің өсуі/төмендеуі

%




7

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда салықтық тексеру актілері бойынша жете есептелген сомаларды өндіріп алулардың өсуі/төмендеуі

%




8

Республикалық бюджетке салықтық емес түсімдердің өсуі/төмендеуі

%




  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 6-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 6-қосымша

Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің
(салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер)
толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету жөніндегі
ӨЛШЕМШАРТТАР ТІЗБЕСІ

Р/с №

Өлшемшарттың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті деңгейлер

Өлшемшарт-тың үлес салмағы (%)

Объективті

нормативтік (сараптамалық)

1

Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда республикалық бюджетке жекелеген түсімдердің төмендеуі

%




2

Түсімдер бойынша жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу үлесі

%




3

Түзетілген бюджетке шаққанда бекітілген бюджеттің кіріс бөлігі көрсеткіштерінің ауытқуы

%




  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 7-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 9-қосымша

Өңірлер (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша
ӨЛШЕМШАРТТАР ТІЗБЕСІ

Р/с №

Өлшемшарттың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті деңгейлер

Өлшемшарт-тың үлес салмағы (%)

Объективті

нормативтік (сараптамалық)

1

Соңғы мемлекеттік аудит жүргізу кезінен басталатын мерзім

жыл




2

Соңғы екі жылда бөлінген республикалық бюджеттің бюджет қаражатының жалпы көлеміне шаққанда мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының үлесі

%




3

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда қаржылық бұзушылықтардың үлесі

%




4

Даму бюджеттік бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілмеген үлесі

%




5

Даму бюджеттік бағдарламасының орындалуының тиімділігі (жергілікті атқарушы органдар үшін)

коэффициент




6

Жергілікті бюджеттің дамуға арналған шығыстарының жалпы көлеміне шаққанда республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің жылдық көлемі

%




7

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету үлесі

%




8

Нысаналы даму трансферттері есебінен жергілікті атқарушы орган іске асыратын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың жалпы бекітілген санына шаққанда бюджеттің атқарылуы барысында қайта бөлуге (түзетуге) ұшыраған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың үлесі

%




  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 8-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 10-қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша
ӨЛШЕМШАРТТАР ТІЗБЕСІ

Р/с №

Өлшемшарттың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті деңгейлер

Өлшемшарт-тың үлес салмағы (%)

Объективті

нормативтік (сараптамалық)

1

Соңғы мемлекеттік аудит жүргізу кезінен басталатын мерзім

жыл




2

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда қаржылық бұзушылықтардың үлесі

%




3

Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтиже көрсеткіштерінің жалпы санына шаққанда тікелей нәтиженің қол жеткізілмеген көрсеткіштерінің үлесі

%




4

Бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің жалпы санына шаққанда түпкілікті нәтиженің қол жеткізілмеген көрсеткіштерінің үлесі

%




5

Бастапқыда бекітілген бюджеттік бағдарламаларда көзделген мәндерге қол жеткізбеген бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесінің жалпы санына шаққанда олардың қол жеткізілмеген көрсеткіштерінің үлесі

%




6

Бастапқыда бекітілген бюджеттік бағдарламаларда көзделген мәндерге қол жеткізбеген бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижесінің жалпы санына шаққанда олардың қол жеткізілмеген көрсеткіштерінің үлесі

%




7

Бюджеттің атқарылуы барысында бастапқыда бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтиже көрсеткіштерінің жалпы санына шаққандағы түзетуге ұшыраған тікелей нәтиже көрсеткіштерінің үлесі

%




8

Бюджеттің атқарылуы барысында бастапқыда бекітілген бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің жалпы санына шаққандағы түзетуге ұшыраған түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің үлесі

%




9

Бюджеттің атқарылуы барысында қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жиілігі (саны)

бірлік




10

Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі

коэффицент




  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 9-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 11-қосымша

Аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша
ӨЛШЕМШАРТТАР ТІЗБЕСІ

Р/с №

Өлшемшарттың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті деңгейлер

Өлшемшарт-тың үлес салмағы
(%)

Объективті

нормативтік (сараптамалық)

1

Соңғы мемлекеттік аудит жүргізу кезінен басталатын мерзім

жыл




2

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда қаржылық бұзушылықтардың үлесі

%




3

Бағдарламалық құжаттың нысаналы индикаторларына қол жеткізбеу үлесі

%




4

Жалпы санға шаққанда бастапқыда бекітілген бағдарламалық құжатта көзделген мәндерге қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлардың үлесі

%




5

Бастапқыда бекітілген нысаналы индикаторлардың жалпы санына шаққанда бағдарламалық құжатты іске асыру барысында өзгеріске ұшыраған нысаналы индикаторлардың үлесі

%




6

Бағдарламалық құжаттың
Іс-шаралар жоспарындағы орындалмаған іс-шаралардың үлесі

%




7

Бағдарламалық құжат шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалардың жалпы санына шаққанда уақтылы іске асырылмаған бюджеттік инвестициялық жобалардың үлесі

%




8

Бағдарламалық құжатты іске асыру кезеңі ішінде оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жиілігі (саны)

бірлік




  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 10-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 12-қосымша

Мемлекеттік органдар (мекемелер), олардың ведомстволық
бағынысты мекемелері бойынша (шығыс бөлік)
ӨЛШЕМШАРТТАР ТІЗБЕСІ

Р/с №

Өлшемшарттың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті деңгейлер

Өлшемшарт-тың үлес салмағы (%)

Объективті

нормативтік (сараптамалық)

1

Тексерілген кезеңге мемлекеттік аудит объектісіне бөлінген бюджет қаражатының жалпы көлеміне шаққанда мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының үлесі





2

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда қаржылық бұзушылықтардың үлесі

%




3

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасына шаққанда бюджетке өтеуге жататын анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы

%




4

Тапсырмалардың жалпы көлеміне шаққанда мемлекеттік аудит органының орындалмаған тапсырмаларының үлесі

%




5

Тиісті бюджеттің жалпы көлеміне шаққанда мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жылдық көлемі

%




6

Республикалық бюджеттің нысаналы даму трансферттерінің жалпы көлеміне шаққанда нысаналы даму трансферттерінің жылдық көлемі

%




7

Республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттерінің жалпы көлеміне шаққанда ағымдағы нысаналы трансферттердің жылдық көлемі

%




8

Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемінің өсуі/төмендеуі

%




9

Жыл соңына бюджет қаражатының игерілуі

%




10

Шығыстардың жалпы бекітілген көлеміне шаққанда бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарлама әкімшісі қайта бөлген (түзеткен) қаражаттың үлесі

%




11

Өткен кезеңмен салыстырғанда дебиторлық берешек көлемінің өсуі/төмендеуі

%




12

Өткен кезеңмен салыстырғанда кредиторлық берешек көлемінің өсуі/төмендеуі

%




13

Аталған жергілікті атқарушы органның есепті кезеңде іске асыратын бастапқыда бекітілген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың жалпы санына шаққанда қайта бөлуге (түзетуге) ұшыраған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың үлесі

%




14

Даму бюджеттік бағдарламасының орындалу тиімділігі (жергілікті атқарушы органдар үшін)

коэффициент




  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысына 11-қосымша
  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыру
және сыртқы мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгілік
жүйесіне 14-қосымша

Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің
(салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер)
толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету жөніндегі
ӨЛШЕМШАРТТАР ТІЗБЕСІ

Р/с №

Өлшемшарттың атауы

Өлшем бірлігі

Шекті деңгейлер

Өлшемшарт-тың үлес салмағы (%)

Объективті

нормативтік (сараптамалық)

1

Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда жергілікті бюджетке жекелеген түсімдердің төмендеуі

%




2

Түсімдер бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үлесі

%




3

Түзетілген бюджетке шаққанда бекітілген бюджеттің кіріс бөлігі көрсеткіштерінің ауытқуы

%





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады