Байланыс формасы

"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 763 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 қаңтарда № 16250 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:

      24-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджет қаражатының үнемделуіне:

      мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу;

      еңбекақы төлеу қоры (бұдан әрі – ЕТҚ) бойынша үнемдеу: бос лауазымдардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдер, банк қызметтеріне ақы төлеу, демалысқа шығу кестесінің өзгеруі есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу;

      бюджет қаражатын өзге де үнемдеу: бағамдық айырма, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесінің өзгеруі, инфляция индексінің өзгеруі, бағаның және табиғи тұтыну көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы, іссапар шығыстары бойынша үнемдеу, жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі көлемінің азаюы, іс-шараларға шығу және өткізу мерзімінің көшірілуіне байланысты ағымдағы шығындар бойынша іс-шаралар жоспарының өзгеруі, өкілдік шығындар мен шетелдік іссапарларды қоса алғанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей, ал республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес 1-МББӘ нысаны бойынша АЖ-да қалыптастырылған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті ұсынады. Аталған есепте әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау себептері және қаржыландыру жоспарларының орындалмауына әкеп соқтырған факторларды көрсете отырып, міндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес міндеттемелерді уақтылы қабылдамау себептері егжей-тегжей толтырылады.

      Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес 1-МУО нысаны бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есептіден кейінгі айдың 7-сі күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес 1-МУО нысаны бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес 1- МУО нысаны бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.

      27. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсету саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есепті айдан кейінгі айдың 12-сі күніне кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға талдау жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттің атқарылуын талдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады.";

      42-тармақтың екінші бөлігінің жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) 21-24-бағандарда Нұсқаулықтың 29-тармағында айтылған себептер бойынша қалыптасқан сомалар көрсетіледі;";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті осы Нұсқаулықтың 21-қосымшасына сәйкес 4-ББІА нысаны бойынша жасайды.

      Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін әрбір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) бөлінісінде қағаз және электрондық тасығыштарда оған түсіндірме жазбамен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға (аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппаратына) беріледі.";

      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және ұсыну тәртібі

      53. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Нұсқаулыққа 22-қосымшаға сәйкес 5-НТ нысаны бойынша бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп жасайды.

      Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жылдың қорытындылары бойынша бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті есептiден кейiнгi жылдың 25 қаңтарына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсынады.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жылдың қорытындылары бойынша бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті есептiден кейiнгi жылдың 28 қаңтарына дейін облыстың тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсынады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жылдың қорытындылары бойынша бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті есептiден кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейін республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне ұсынады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есептiден кейiнгi жылдың 10 ақпанына дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы жиынтық есепті ұсынады.

      Тікелей және түпкілікті нәтижелердің әрбір көрсеткіші бойынша нәтижелерге қол жеткізу өңірлер мен іс шаралар бөлінісінде көрсетіледі.

      54. Бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп мынадай тәртіппен жасалады:

      "Есепті кезең" деген жолда есепті қаржы жылы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік органның атауы" деген жолда төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі көрсетіледі, жиынтық есепте жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі көрсетіледі;

      "Жоғары тұрған бюджеттен берілген нысаналы трансферттер қаражатының сомасы" деген жолда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;

      "(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы)" және "(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)" деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттің есебінен нысаналы трансферттер іске асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атаулары мен коды толтырылады;

      "Тікелей нәтиже" деген жол бойынша:

      "Көрсеткіштер атауы (жоспарланатын іс-шаралар)" деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуі тиіс бюджеттік бағдарламаларда (кіші бағдарламаларда) көзделген жоспарланатын (орындалатын) іс-шаралар көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша бұл бағанда іс-шаралар әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша көрсетіледі;

      "Көрсеткіштердің жоспарлы мәндері" деген бағанда бір жылға жоспарланған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы көрсетіледі;

      "Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы" деген бағанда іс-шаралардың нақты орындалуы, яғни жылдың қорытындысы бойынша орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы көрсетіледі, есепті жылдағы жұмыстар мен қызметтердің орындалу (тауарларды сатып алу) сатысы сипатталады. Нысаналы даму трансферттері бойынша тікелей нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;

      "Жоспар, мың теңге" және "Іс жүзіндегі атқару, мың теңге" деген бағандарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарына жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы және ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша олардың іс жүзіндегі атқарылуы көрсетіледі;

      "Атқарылмауы, мың теңге" деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы мен олардың ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетіледі;

      "Бюджет қаражатын үнемдеу" деген бағанда бюджет қаражатын жалпы үнемдеу сомасы көрсетіледі;

      "Игерілмеу, мың теңге" деген бағанда бюджет қаражатын үнемдеуді қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша атқарылмау сомасы ретінде айқындалатын игерілмеу сомасы көрсетіледі;

      "Нәтижелерге қол жеткізбеу (асыра орындау) себептері" деген бағанда нысаналы трансферттер қаражатын толық игерген кезде игерілмеу немесе асыра орындау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу (асыра орындау) себептері толық сипатталады. Жоспарланған іс-шаралар кестесінен қалып қойған жағдайда қалып қою себептері көрсетіледі;

      "Түпкілікті нәтиже" деген жол бойынша:

      "Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар)" деген бағанда бюджеттік бағдарламада (кіші бағдарламада) көзделген түпкілікті нәтижелер, яғни қол жеткізілген тікелей нәтиженің мақсаттарға қол жеткізуге күтілетін әсері көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша түпкілікті нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;

      "Нәтижелерге нақты қол жеткізу" деген бағанда түпкілікті нәтижелердің нақты орындалуы, яғни қол жеткізілген тікелей нәтиженің салаға қандай әсер көрсеткені, ондағы проблеманың қаншалықты шешілгені көрсетіледі. Нысаналы даму трансферттері бойынша түпкілікті нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;

      "Нәтижелерге қол жеткізбеу (асыра орындау) себептері" деген бағанда түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу немесе асыра орындау себептері толық сипатталады.";

      55. Бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепке еркін нысанда толтырылатын нысаналы трансферттер есебінен саладағы (қызмет аясындағы) проблемалардың шешілуі, қол жеткізілген мақсаттар, нәтижелердің көрсеткіштері туралы түсіндірмелерді қамтитын түсіндірме жазба қоса беріледі.

      Түсіндірме жазба жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерінің жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы ақпаратты қамтиды, олардың есепті кезеңдегі жұмсалуының негізгі бағыттарын, қол жеткізілген мақсаттар мен нәтижелер көрсеткіштерінің талдауын, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу немесе асыра орындау негіздемелерімен және себептерімен бірге нысаналы трансферттердің игерілген немесе игерілмеген сомаларының сипаттамасын қамтиды. Нысаналы даму трансферттері бойынша қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар сомасын объектілер арасында қайта бөлген жағдайда талдамалы жазбада оларды қайта бөлу себептері көрсетіледі.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 8, 9 және 22-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 3 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 763 бұйрығына
1-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
8-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) іске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есеп
Есепті кезең ________________жылдарға

      Индекс: 1-МАБП нысаны

      Ұсынатын тұлғалар тобы: бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi

      Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға

      Мерзімділігі: ай сайын, жылдық

      Ұсынылу мерзімі:

      - жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін - есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей;

      - республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін - есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей.

      Бюджеттің түрі_________________

      мың теңге

Код

Атауы

Бір жылға арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

Есепті кезеңге жиынтық қаржыландыру жоспары

Қабылданғанған міндеттемелер

Қабылданбаған міндеттемелер сомасы (8-бағ. - 6-бағ.)

Төленген міндеттемелер

Атқарылу % (10 -бағ./7-бағ.х 100)

Бір жылға арналған күтілетін атқарылу *

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

міндеттемелер бойынша

Төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12




Барлығы












оның ішінде:












Ағымдағы бағдарламалар












...












Даму бағдарламалары












...









      кестенің жалғасы

Күтілетін атқарылу % (12-бағ./5 - бағ. х 100)

Бір жылға күтілетін атқарылмау сомасы (12-бағ. - 5-бағ.)

Төлемдер бойынша жоспарды орындамау (10-бағ. -7-бағ.)

Есепті кезеңге бюджет қаражатын үнемдеу, барлығы (17-бағ. +18- бағ.+19-бағ.)

Оның ішінде

Үкіметтің немесе ЖАО резервтерінің бөлінбеген қалдығы

Есепті кезеңге игерілмеу (15- бағ.-16- бағ.-20-бағ.)

мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу

ЕТҚ бойынша үнемдеу

өзге де үнемдеу

13

14

15

16

17

18

19

20

21




























      кестенің жалғасы

оның ішінде игерілмеу себептері

Ескертпе (ББӘ есепті кезеңге игерілмеу себептеріне негіздемесі)

Ескерту (ББӘ міндеттемелердің уақтылы қабылданбауы не қабылданбауы себептеріне негіздемесі)

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілердің орындалмаған шарттық міндеттемелері

өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар

ББӘ бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) басқару

өзге де себептері

22

23

24

25

26

27



















      Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы

      (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган

      жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген

      лауазымды тұлға) немесе мемлекеттік мекеме

      басшысы _________ ___________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Қаржы қызметі басшысы _________ ___________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе:

      * 12-баған ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысынан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейін толтырылады;

      нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Нұсқаулықтың 30-тармағында келтірілген

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 763 бұйрығына
2-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
9-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
20 ____ жылғы _________________ жағдай бойынша
_______________ бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп

      Индекс: 1-МУО нысаны

      Ұсынатын тұлғалар тобы: бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аппараттары

      Қайда ұсынылады: жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға

      Мерзімділігі: ай сайын, тоқсан сайын*, жылдық

      Ұсыну мерзімі:

      - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары үшін есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей;

      - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары үшін есептіден кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей;

      - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары үшін есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей.

      Бюджеттің түрі_________________

      мың теңге

Код

Атауы

Бір жылға арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

Есепті кезеңге жиынтық қаржыландыру жоспары

Қабылданғанған міндеттемелер

Қабылданбаған міндеттемелер сомасы (8-бағ. - 6-бағ.)

Төленген міндеттемелер

Атқарылу % (10 -бағ./7-бағ.х 100)

Бір жылға арналған күтілетін атқарылу**

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

міндеттемелер бойынша

Төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12




Барлығы












оның ішінде:












Ағымдағы бағдарламалар












...












Даму бағдарламалары












...









      кестенің жалғасы

Күтілетін атқары­лу % (12-бағ./5-бағ.х 100)

Бір жылға күтілетін атқарылмау сомасы (12-бағ. - 5-бағ.)

Төлемдер бойынша жоспарды орындамау(10-бағ. -7-бағ.)

Есепті кезеңге бюджет қаражатын үнемдеу, барлығы (17-бағ. +18-бағ.+19-бағ.)

оның ішінде

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ЖАО резервтерінің бөлінбеген қалдығы

Есепті кезеңге игерілмеу (15-бағ. - 16-бағ. - 20-бағ.)

мемлекеттік сатып алу нәтижлері бойынша қаражатты үнемдеу

ЕТҚ бойынша үнемдеу

өзге де үнемдеу

13

14

15

16

17

18

19

20

21




























      кестенің жалғасы

оның ішінде игерілмеу себептері

Ескерту (ББӘ есепті кезең үшін игерілмеу себептеріне негіздемесі)

Ескерту (ББӘ міндеттемелерді уақтылы қабылдамауы не қабылдамауы себептерінің негіздемесі)

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілердің орындалмаған шарттық міндеттемелері

өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар

ББӘ бюджеттік бағдарламаны басқаруы

өзге де себептер

22

23

24

25

26

27



















      Бюджетті атқару жөнінде уәкілетті органның немесе

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық

      округ әкімі аппаратының басшысы

      _________ _________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескерту:

      * осы Нұсқаулықтың 26 және 28-тармақтарына сәйкес;

      ** 12-баған ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысынан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейін толтырылады;

      нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Нұсқаулықтың 30-тармағында келтірілген

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 763 бұйрығына
3-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
22-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп
Есепті кезең _________ қаржы жылы

      Индекс: нысан: 5-НТ

      Ұсынатын тұлғалар тобы:

      ______________________________________ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері

      Қайда ұсынылады: жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне,

      бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға

      Мерзімділігі: жылдық

      Ұсыну мерзімі:

      - аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін есептi жылдан кейiнгi жылдың 28 қаңтарына дейін;

      - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін – есептi жылдан кейiнгi жылдың 28 қаңтарына дейін;

      - облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін – есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейін;

      - республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін - есептiден кейiнгi жылдың 10 ақпанына дейін.

      Мемлекеттік органның атауы

      ____________________________________________________________________________ Жоғары тұрған бюджеттен берілген нысаналы трансферттер қаражатының сомасы __________

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы)

      ______________________________________________________________

            (бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)

Р/с №

Тікелей нәтиже

Көрсеткіштердің атауы (жоспарланып отырған іс-шаралар)

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштердің жоспарлы мәндері

Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы

Нәтижелерге қол жеткізу %

Жоспар мың теңге

Іс жүзіндегі атқару, мың теңге

Атқарылу %

Атқарылмауы, мың теңге

Бюджет қаражатын үнемдеу, мың теңге

Игерілмеу, мың теңге

Нәтижелерге қол жеткізбеу (асыра орындау) себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13




























Р/с

Түпкілікті нәтиже

Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар)

Нәтижелерге нақты қол жеткізу

Нәтижелерге қол жеткізбеу (асыра орындау) себептері

1

2

3

4









      Бюджеттік бюджеттік бағдарлама әкімшісінің басшысы

      ______________ ____________________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      М.О.

      Ескерту:

      нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Нұсқаулықтың 54-тармағында келтірілген

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады