Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 922 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 16820 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      Е. Сағадиев

      2018 жылғы 22 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 11 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 1 ақпан


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 28 желтоқсан
№ 922 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11728 тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу Қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда МЭТ субъектілері жыл сайын бірінші сәуірге дейінгі мерзімде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Ұлттық даму институтына есептік кезең ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мынадай ақпаратты:

      1) 1-нысан бойынша МЭТ субъектілерінің атауы, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпаратты;

      2) 2-нысан бойынша күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдері туралы ақпаратты;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10958 болып тіркелген) сәйкес энергия аудитінің қорытындысы бойынша МЭТ субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтырулар және (немесе) өзгерістерді;

      4) 3-нысан бойынша есептік кезең ішінде энергия аудитінің қорытындысы бойынша МЭТ субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері туралы ақпаратты;

      5) 4-нысан бойынша өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, ғимараттар, құрылыстар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығыны туралы ақпаратты;

      6) энергия аудиті бойыншақорытындының көшірмесін;

      7) 5-нысан бойынша энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты ұсынады.

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Мемлекеттік мекемелер болып саналатын МЭТ субъектілері жыл сайын бірінші сәуірге дейінгі мерзімде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Ұлттық даму институтына есептік кезең ішінде осы Қағидаларға 1-1 қосымшаға сәйкес мынадай ақпаратты:

      1) 1-нысан бойынша мемлекеттік мекемелер болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпаратты;

      2) 2-нысан бойынша күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай мәнде энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемдері туралы ақпаратты;

      3) 3-нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты;

      4) 4-нысан бойынша күнтізбелік жыл ішінде үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың алаңы бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығыстары туралы ақпаратты, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты;

      5) 5-нысан бойынша энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты;

      7) энергия аудиті бойынша қорытындының көшірмесін ұсынады.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұсынылған ақпараттың толық емес екендігі анықталған жағдайда, Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімде МЭТ субъектiсiнен, энергия-аудиторлық ұйымдардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан жетіспейтін ақпаратты сұратады.

      МЭТ субъектісі жетіспейтін ақпаратты Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтынан сұратуды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 1-1 қосымшамен толықтырылсын;

      2. "Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11365 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқу орталықтарының қызмет қағидаларын бекіту туралы";

      1 тармақтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы оқу орталықтарының қызмет қағидалары "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-13) тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу орталықтарының қызмет тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу орталықтары қызметінің қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқу орталықтарының қызмет қағидалары";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Энергия аудиті, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы және энергия менеджменті бағыттары бойынша кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды оқу орталықтары жүзеге асырады.";

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) оқу орталығы - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      3. "Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11312 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қолданыстағы үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері энергия тиімділігі сыныптарын айқындау үшін "Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) сәйкес энергия аудиторлық ұйымдарғаэнергия аудитін жүргізу үшін жүгінеді.

      Энергия аудиті нәтижелері бойынша үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпаратты қамтитын қорытынды беріледі.";

      4. "Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 407 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11663 тіркелген, 2015 жылғы24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) айналу жылдамдығын реттеу үшін жиілік түрлендіргіші – қоректену желісінде ауыспалы токтың жиілігін өзгерту жолымен жүктеменің айналу сәтінің белгіленген жылдамдық сипаттамасына сәйкес оны механикалық түрге түрлендіру мақсатында электр қозғалтқышқа берілетін электр энергиясын үздіксіз бақылауға электр энергиясы түрлендіргіші;

      2) қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқыш (бұдан әрі – электр қозғалтқыштар) – роторға жалғанған жылжымалы түйіспелерінсіз, коллекторларынсыз, түйіспелі сақиналарсыз немесе электр түйіспелерінсіз электр қозғалтқышы;

      3) декарбонизатор - суды ауамен үрлеу арқылы судан бос көмір қышқылын жоюға арналған аппарат;

      4) жүктеме - уақыттың осы сәтінде электр желісімен немесе онымен біріктірілген тетікпен айналмалы электр машинасынан талап етілетін электрлік және механикалық шамалардың барлық сандық мәндерi;

      5) жылу алмастырғыш - жылуды қызғаннан (сұйық немесе газ түріндегі) анағұрлым суық жылу тасымалдағышқа жеткізіп беруге арналған құрылғы;

      6) қайталанатын - қысқа уақыттық кезеңдік режим - жылудың тепе-теңдігіне қол жеткізу үшін жүктемемен жұмыс істеу ұзақтығы жеткіліксіз болғанда қозғалтқыш жұмысының біркелкі циклдерінің бірізділігі;

      7) номиналды қуат – номиналды деректерге қосылған шығу қуатының сандық мәнi;

      8) режим - егер бұл қажет болса, іске қосу кезеңдерін, электрлік тоқтатуды, бос жүрісті, ажырату және тыныштық күйін, сондай-ақ олардың ұзақтығы мен уақыттағы бірізділігін қоса алғанда, машина арналған жүктеменiң (жүктемелердің) өзгеру сипаты;

      9) технологиялық процесс - бастапқы материалды керекті тауарға түрлендіретін біртұтас процесті құрайтын тізбектік орындалатын операциялар жиынтығы;

      10) цемент өндіру – пайдаланылатын өндіру тәсіліне тәуелді энергияны қажетсінетін технологиялық процесс;

      11) цемент өндірудің сулы тәсілі - шикізат материалдарын (көбінесе жоғары ылғалдылықпен) судың әсерімен шикізат шөгіндісін түзе отырып ұнтақтайтын цемент өндіру тәсілі;

      12) цемент өндірудің құрғақ тәсілі - шикізат материалдарын ұнтақ түрінде шикізат диірменінде ұнтақтайтын және кептіретін цемент өндіру тәсілі;

      13) электр қозғалтқыш - электр энергиясын айналмалы не үдемелі қозғалыстың механикалық энергиясына түрлендіруге арналған электр-механикалық құрылғы;

      14) электр қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициентi (бұдан әрi - ПӘК) - пайызбен көрсетілген электр қозғалтқышының білігіндегі пайдалы қуаттың электр қозғалтқыштың желіден тұтынатын активті қуатының киловатпен көрсетілген қатынастарына тең коэффициент;

      15) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (энергия менеджменті) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын, іс-шаралар жоспарын, мониторинг рәсімдері мен әдістемелерін, энергия тұтынуды бағалауды әзірлеу мен іске асыруды және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да іс-қимылдарды қамтитын, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге және басқару объектісінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені;

      16) энергетикалық тиімділік - өнім бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Талаптар:

      1) үздіксіз режимде жұмыс істеуге есептелген 0,75-тен 375 киловатты (бұдан әрi – кВт) қоса алғанға дейін қуатпен;

      2) 2, 4, 6 полюс сандарымен;

      3) номиналды жиілігі 50 - 60 Герц, номиналды кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі;

      4) қосудың номиналды ұзақтығы 80% және одан жоғары жұмыс режимі үшін S1 (ұзаққа созылған режимі) немесе S3 (қайталама-қысқа мерзімді режим) жалпы мақсаттағы үш фазалық электр қозғалтқыштарда қолданылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Электр қозғалтқыштарға ПӘК мәндері бойынша талаптар қойылады, олар осы Талаптардың 1-қосымшасында көрсетілген айналу жылдамдықтарын реттеудiң жиiлiк түрлендiргiштерімен жабдықталған барлық қозғалтқыштар үшiн орнатылған мәндерден кем емес номинал қуаты үшін 0,75-тен 375-ке кВт-ға дейiнгі барлық қозғалтқыштармен болуы тиіс.";

      мынадай редакциядағы 7-1 және 7-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "7-1. Шығарылу жылдарына қарай электр қозғалтқыштарға ПӘК-ті азайту жағына түзету коэффиценттерін қолдану: 5 – 8 жыл - 5%, 8 жылдан жоғары - 15%;

      7-2. Жөндеуден өткен электр қозғалтқыштарға ПӘК-ті азайту жағына қарай түзету коэффиценттерін белгілеу: 1-ші жөндеу - 5%, 2-ші жөндеу - 10%.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      9. Ішкі жарықтандыру үшін қолданылатын жарық беру көздері үшін осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес жарықдиодты жарық көздері бар шамдардың ең аз жарық беруге және түс беру индексіне қойылатын талаптары белгіленеді.

      мынадай редакциядағы 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "15-1. Осы Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес шағын люминесцентті шамы, бір цокольдық, екі цокольдық сызықтық және индукциялық люминесцентті шамдары бар шырақтардың жарық беруінің ең аз нормаланған мәндерін білгілейді.

      15-2. Осы Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес жоғары қысымды натрий шамы бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндерін белгілейді.";

      осы Тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға 3 және 4 қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Тізбеге 5 және 6 қосымшаларға сәйкес Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 15.09.2023 № 8 (10.06.2024 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. "Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12587 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) оқу орталығы - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;".

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгертулер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік энергетикалық
тізілімді калыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  1-нысан

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы, мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъек
тісінің толық атауы

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъек
тісінің заңды мекенжайы

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъек
тісінің бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (толықтай)

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъек
тісінің бірінші басшысының лауазымы

Квазимемлекеттік сектор мекемесі (Иә/Жоқ)

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъктісінің негізгі қызмет түрлері*

1

2

3

4

5

6

7

1







      * Ескертпе:

      1) Егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі бірнеше қызмет түрлерін жүзеге

      асырған жағдайда барлық қызмет түрін көрсету.

      2) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің қызмет түрлерін экономикалық

      қызмет түрлерінің жалпы жіктеушіне сәйкес көрсету керек.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  2-нысан

Күнтізбелік ____ жыл ішінде энергетикалық ресурстарды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалтудың заттай және ақшалай көріністегі көлемдері туралы ақпарат

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толық жазу):_______________


Р/с №

Энергетикалық ресурстардың атауы

Өлшем бірлігі

Өндірілген/шығарыл
ған отын-энергетика ресурсы көлемі

Меншікті емес көздерден алынған энергетикалық ресурстарды тұтыну*

оның ішінде:

Меншікті көздерден алынған энергетикалық ресурстарды тұтыну

Басқа заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға берілген (өткізілген) энергетикалық ресурстар

Энергетикалық ресурстарды са
тып алуға жұм
салған шығындар (5а+6 бағаналар сомасы), мың. теңге (қосымша құн салығы есебімен)

Ескертпе

Отын-энергетика ресурсы тасымалдау кезіндегі кемулер*

1

2

3

4

6

7

8

9

1

Электр энергиясы

Киловатт-час




Гидро-электр станциясы**




2

Жылу энергиясы

Гигакал
лория








3

Сүрек

тонна








4

Мотор бензині

литр







Маркасын көрсету

5

Керосин

литр








6

Дизель отыны (Газойлдер)

литр







Маркасын көрсету

7

Жағатын мазут

тонна








8

Тұрмыстық отын пеші

тонна








9

Табиғи газ

метр куб







Кен орынын көрсету

10

Тас көмір

тонна







Кен орынын көрсету

11

Сұйытылған газ (пропан және бутан)

тонна








12

Текшелер, тас көмірдің түйіршігі

тонна








13

Лигнит (қоңыр тас көмір)

тонна







Кен орынын көрсету

14

Шикі мұнай

тонна








15

Газ конденсаты

тонна








16

Бензин типіндегі реактивті отын

литр








17

Ілеспе мұнай газы

метр куб








18

Кокс және көмірдің жартылай коксы

тонна








19

Ағаш үгінділері және қалдықтары

тонна








20

Авиациялық бензин

литр








21

Тазартылған газдар, этилен, пропилен, бутилен, бутадиен және басқа мұнай газдарын қоса алғанда

тонна








22

Бензиннен ажыратылған газ

метр куб








23

Мұнай коксы және тақтатас

тонна








24

Мұнай битумы және тақтатас

тонна








25

Доменді газ

метр куб








26

Коксты газ

метр куб








27

Мұнай өңдеу зауыттарында айыру арқылы алынған газ

метр куб








28

Антрацит

тонна








      Бөлінген ұяшықтарды қоспағанда, нысанның барлық ұяшықтарының толтырылуы

      міндетті

      * Ескертпе

      1) Мұнай, газ және көмір өндіруші зауыттарға қайта өндеуге арналған шикізат ретінде

      келіп түсетін энергия ресурстарының бөлігі (үлесі) "5а", "5б" және "6" бағаналарда

      көрсетілмейді;

      2) егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі энергия ресурстарын тасымалдау

      бойынша қызметтерді басқа заңды тұлғаларға көрсететін болса, "5б" бағанасында

      сондай-ақ тасымалдау бойынша осы қызметтерді көрсеткен кезде туындайтын энергия

      ресурстарының барлық кемулері көрсетіледі, ("5б") бағанасының мәндері "5а"

      бағанасы мәндерінің құрауыш бөлігі болып табылады)

      3) "7" бағанада тек қана заңды тұлғаның өзі өндірген электр және жылу энергиясы

      көрсетіледі.

      4) бір энергия ресурсының бірнеше түрі қолданылатын жағдайда, "9" бағанада,

      сонымен қатар санын көрсету қажет.

      Гидро-электр станциясы** - егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің

      құрамында болатын болса, аталған ұяшықта гидро-электро станцияның өз

      қажеттіліктеріне тұтылған электр энергиясы көрсетеледі.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

Күнтізбелік _____ жыл ішінде заттай және ақшалай мәндегі суды тұтыну және жоғалту туралы ақпарат*

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толықтай): _______________


Р/с №

Энергия ресурсының түрі

Өлшем бірлігі

Суды тұтыну*

Тасымалдау кезіндегі судың кемуі*

1

2

3

4

5

1

Суық су

метр куб



теңге (қосымша құн салығы ескере отырып)



2

Ыстық су

метр куб



теңге (қосымша құн салығы ескере отырып)



3

Техникалық су

метр куб



теңге (қосымша құн салығы ескере отырып)



      Нысанның барлық ұяшықтары міндетті түрде толырылуы тиіс

      * Ескертпе:

      1) Суды есептеу аспабы болмаған жағдайда тиісті бағанға "есеп жүргізілмейді" деп

      жазу;

      2) "4" бағанда заттай мәндегі тұтынылған су көлемі және ақшалай мәндегі оның

      эквиваленті көрсетіледі;

      3) "5" бағанды су тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялар толтырады.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  3-нысан

Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының есеп беру кезеңінде орындалу нәтижелері туралы ақпарат

Таяқшаны қою: Х

Таяқшаны қою: Х



- энергия аудиті жүргізілді – нысан одан әрі толтырылады


- энергия менеджменті жүйесі енгізілді


- энергия аудиті жүргізілген жоқ – кесте толтырылмайды


- энергия менеджменті жүйесі енгізілді

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толықтай жазу):____________


Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі
(айы, жылы)

Есептік кезең ішіндегі нақты инвестициялар (қосымша құн салығы ескере отырып), теңге

Есептеу кезеңдегі іс-шараларды жүзеге асырудан алынатын үнемдеудің нақты әсері*

Энергетикалық ресурстың атауы

заттай
түрде

ақшалай түрде (қосымша құн салығы ескере отырып), теңге

1

2

3

4

5

6

7

1







2







      * Ескертпе:

      1) 2-нысандағы энергетикалық ресурстардың атаулары және өлшем бірліктері

      қолданылады;

      2) өткізілген энергия аудитінің қорытындысы болмаған жағдайда толтырылмайды;

      3) Нысанға энерия аудиті қорытындысының көшірмесі, энергия аудитің

      қорытындылары бойынша әзірленген іс-шаралар жоспары, сондай-ақ ISO 50001

      халықаралық стандартына сәйкестік серитификаты қоса беріледі. Қажет болған

      жағдайда жолдарды қосыңыз.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  4-нысан

Күнтізбелік ____ жыл ішінде өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстардың шығыны туралы ақпарат

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толық жазу):_______________


Р/с №

Энергия тиімділігі көрсеткішінің атауы (мысалы: алюминий өндірісіндегі электр энергиясының меншікті шығысы; 1 шаршы метр меншікті жылу тұтыну)

Өнім бірлігіне шаққанда регламенттел
ген норматив
тік көрсет
кіштер *

Ұйымның пайдаланатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі (киловатт-сағат/тонна,гигакалорий/шаршы метр,шартты отын граммы/киловатт-сағат, шартты отын киллограммы /гигакалория)

Энергия тиімділігі
нің көрсет
кіштерін есептеу формуласы*

Энергия тиімділігі көр
сеткіші
нің мәні

1

2

3

4

5

6

1

жылу өндірісіне отын энергия ресурсты тұтынуы


шартты отын киллограммы /гигакалория



2

электр энергиясы өндірісіне отын энергия ресурсты тұтынуы


шартты отын граммы /киловатт-сағат



3

меншікті жылу тұтыну


гигакалорий/шаршы метр



4

өнім өндіруге жұмсалатын электр энергия шығысы


киловатт-сағат/тонна



5

жылытуға жұмсалатын энергетикалық ресурстар шығысы


шартты отын тоннасы/шаршы метр



      *Әр кәсіпорынның немесе сала ерекшелігі ескеріле отырып толтырылады.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  5-нысан

Энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыру туралы ақпарат

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толық жазу): _______________


Р/с №

Ескерілетін энергетикалық ресурсы
(электр, газ, жылу)

Аспаптар саны,
дана

Есепке алу аспаптарымен жарақталуының жалпы %

1

2

3

4

1




2




3




4




5




6




7




  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгертулер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Мемлекеттік энергетикалық
тізілімді калыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-1 қосымша
  1-нысан

Мемлекеттік мекеме болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы, мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі мен олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік энергетика
лық тізілім субъектісінің толық атауы

Мемлекеттік энергетика
лық тізілім субъектісінің заңды мекенжайы

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі бірінші басшысының Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(толық жазу)

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші басшысының лауазымы

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субък
тісінің негізгі қызмет түр
лері

1

2

3

4

5

6

1






2






      * Ескертпе:

      Егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі екі немесе одан көп қызмет түрлерін

      жүзеге асыратын болса, барлық қызмет түрін көрсету.

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің қызмет түрлерін экономикалық

      қызметінің жалпы классификаторы экономикалық қызмет түрлерінің жалпы

      жіктеушіне сәйкес көрсету керек.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  2-нысан

Күнтізбелік ____ жыл ішінде заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну және олардың шығындарының көлемдері туралы ақпарат



- штаттық кесте бойынша қызметкерлер саны
(жұмысшылар)


- оқитындар саны
(тәрбиеленушілер)


- төсек-орын саны (бару)

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы (толық жазу): _____________

Р/с №

Энергетикалық ресурстар атауы

Аспаптар саны, дана

Есепке алу аспаптарымен жарақталғандығының жалпы %

1

2

3

4

1




2




  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  3-нысан

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат

Х белгілеу



Х белгілеу



- энергия аудиті жүргізілді


- Энергия менеджменті жүйесі енгізілді


Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі (айы, жылы)

Есептік кезең ішінде
гі нақты ин
вестициялар (қосымша құн салығын есепке ала отырп), теңге

Есепті кезеңде іс-шараларды іске асырудан нақты үнемдеу әсері*

Энергетика
лық ресурс
тың атауы

заттай мәнде

ақшалай мәнде (қосымша құн салығын есепке ала отырып), теңге

1

2

3

4

5

6

7

1







2







      * Ескертпе:

      2-нысандағы энергетикалық ресурстардың атаулары және өлшем бірліктерін ұстану;

      Нысанға энерия аудиті қорытындысының көшірмесі және энергия аудиті

      қорытындылары бойынша әзірленген іс-шаралар жоспары, сондай-ақ ISO 50001

      халықаралық стандартына сәйкестік серитификаты қоса беріледі.

      Қажет болған жағдайда жолдарды қосыңыз.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  4-нысан

Күнтізбелік ____ жыл ішінде өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың алаңы бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстардың шығыны туралы ақпарат



- салынған жылы*





- Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің жалпы аумағы, шаршы метр










- Автоматтандырылған жылыту пунктінің болуы





- Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің жылыту көлемі, шаршы метр








Жылыту түрі (таяқшаны қою Х)









- орталық жылыту
















- дербес жылыту







      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толық жазу):_______________


Р/с №

Энергия тиімділігі көрсеткішінің
атауы

Ұйымның пайдаланылған энергия тиімділігі көрсеткішінің өлшем бірлігі

Энергия тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу формуласы*

Энергия тиімділігі көрсеткішінің мәні

1

2

3

4

5

1

меншікті жылу тұтыну

гигакаллория/
шаршы метр



2

жылытуға жұмсалатын электр энергия шығыны

Киловат-сағат/шаршы метр



3

жылытуға жұмсалатын дизель отынның шығыны

литр/шаршы метр



4

жылытуға жұмсалатын мазут шығыны

тонна/шаршы метр



5

жылытуға жұмсалатын тұрмыстық пеш отынның шығыны

тонна/шаршы метр



6

жылытуға жұмсалатын тас көмір шығыны

тонна/шаршы метр



      *барлық үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың салынған жылын көрсету

  5-нысан

Энергетикалық ресурстардың есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпарат

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толық жазу): _______________


№ п/п

Энергетикалық ресурс атауы (электр, газ, жылу және басқасы)

Аспаптар саны, дана

Есепке алу аспаптарымен жарақталуының жалпы %

1

2

3

4

1




2




3




  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгертулер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарына
1-қосымша

Электр қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенттері (%) (IE1)

Р/с №

Номиналды қуаты,
киловатт

Полюстер саны

2р = 2

2р = 4

2р = 6

1

0,75

72,1

72,1

70,0

2

1,1

75,0

75,0

72,9

3

1,5

77,2

77,2

75,2

4

2,2

79,7

79,7

77,7

5

3

81,5

81,5

79,7

6

4

83,1

83,1

81,4

7

5,5

84,7

84,7

83,1

8

7,5

86,0

86,0

84,7

9

11

87,6

87,6

86,4

10

15

88,7

88,7

87,7

11

18,5

89,3

89,3

88,6

12

22

89,9

89,9

89,2

13

30

90,7

90,7

90,2

14

37

91,2

91,2

90,8

15

45

91,7

91,7

91,4

16

55

92,1

92,1

91,9

17

75

92,7

92,7

92,6

18

90

93,0

93,0

92,9

19

110

93,3

93,3

93,3

20

132

93,5

93,5

93,5

21

160

93,8

93,8

93,8

22

200-ден 375-ке дейін

94,0

94,0

94,0

Электр қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенттері (%) (IE2)*

Р/с №

Номиналды қуаты, киловатт

Полюс саны

2р = 2

2р = 4

2р = 6

1

0,75

77,4

79,6

75,9

2

1,1

79,6

81,4

78,1

3

1,5

81,3

84,3

79,8

4

2,2

83,2

85,5

81,8

5

3

84,6

84,6

83,3

6

4

85,8

86,6

84,6

7

5,5

87,0

86,7

86,0

8

7,5

88,1

88,7

87,2

9

11

89,4

89,8

88,7

10

15

90,3

90,6

89,7

11

18,5

90,9

91,2

90,4

12

22

91,3

91,6

90,9

13

30

92,0

92,3

91,7

14

37

92,5

92,7

92,2

15

45

92,9

93,1

92,7

16

55

93,2

93,5

93,1

17

75

93,8

94,0

93,7

18

90

94,1

94,2

94,0

19

110

94,3

94,5

94,3

20

132

94,6

94,7

94,6

21

160

94,8

94,9

94,8

22

200-ден 375-тен жоғары

95,0

95,1

95,0

23

200-ден 375-тен жоғары

95,8

96,0

95,8

      *2020 жылы 0,75-тен 375-ке дейінгі барлық номиналды қуаты бар қозғалтқыштар IЕ2

      класынан төмен болмауы тиіс

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгертулер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі
талаптарына
2-қосымша

Жарықдиодты жарық көзі шамдарына түс беру индексі мен барынша аз жарық беруге қойылатын талаптар

Коррельді түсті температура, Кельвин

Жарық беру люмен/Ватт,
кемінде

Түс беру индексі,
кемінде

2700

90

80

3000

3500

100

4000

75

4500

5000

110

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгертулер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
  Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарына
5-қосымша

Шағын люминесцентті шамдар, шамшырақтар, бір цокольді, екі цокольді, сызықтық және индукциялық люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері

Шырақтың қолдану мақсаты

Конструктивті орындау

Шағын люминесцентті шамдар

Бір цоколді люминесцентті шамдар

Люминесцентті шамдар Т8

Люминесцентті шамдар Т5 (НЕ***)

Люминесцентті шамдар Т5(НО ***)

Индукциялық люминесцентті шам

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері,Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері,Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері/Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері,Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері,Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Қоғамдық үй-жайларға арналған шырақ

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

7÷24

30

5÷7

30

18

45

14

50

*

*

7
0

4
5

9÷26

35

21

50

100

50

32÷60

40

36

50

28

55

150

50

26÷45

35

80÷120

45

58

50

35

55

250

50

Айналы шағылдырғыш және призматикалық шашыратқыш

7÷24

35

5÷7

35

18

50

14

55

*

*

70

50

9÷26

40

21

55

100

55

32÷60

45

36

55

28

60

150

55

26÷45

40

80÷120

45

58

55

35

60

250

55

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу саңылауы

7÷24

40

5÷7

40

18

55

14

60

24

55

70

55

9÷26

45

36

60

21

60

39

60

100

60

32÷60

50

28

65

49

60

150

60

26÷45

45

80÷120

55

58

60

35

65

54

60

250

60

80

60

Өндірістік үй-жайларға арналған шырақтар

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

**

**

**

**

18

45

14

50

*

*

70

45

36

50

21

50

100

50

58

50

28

55

150

50

35

55

250

50

Айналы шағылдырғыш және призмалық шашыратқыш

**

**

**

**

18

50

14

55

*

*

70

50

36

55

21

55

100

55

58

55

28

60

150

55

35

60

250

55

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу саңылауы

**

**

**

**

18

55

14

60

24

55

70

55

36

60

21

60

39

60

100

60
60

49

60

58

60

28

70

54

60

150

60

35

70

80

60

250


Сыртқы жарық беру шырақтары

Айналы шағылдырғыш және мөлдір шашыратқыш (қорғанысшыны)

**

**

**

**

**

**

**

**

*

*

70

50

100

55

150

55

250

55

* Шырақтың номиналды жарық беру - шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормасы
**ЛШ (люминесцентті шамдар) Т5 шырақтың конструктивтік орындаудың осы түрінде пайдаланылмайды
*** Т5 шамдары 0,22 ÷ 0,26 Ватт/сантиметр, ал Т5 шамдары – 0,31 ÷ 0,55 Ватт/сантиметр құты ұзындығы бірлігіне шаққанда жүктемесі жоқ

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгертулер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі алаптарына
6-қосымша

Мөлдір құтыдағы жоғары қысымды натрий шамы бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері

Шырақтың қолдану мақсаты

Конструктивті орындау

Жарық көзі шырақтарында пайдаланылатын номиналды, Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз норма, Ватт

Өндірістік ғимараттардағы шамшырақтар

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

70

65

100

65

150

65

250

70

400

75

Айналы шағылдырғыш және призматикалық шашыратқыш

70

75

100

75

150

75

250

80

400

85

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу саңылауы

70

85

100

85

150

85

250

90

400

100

Сыртқы бағыты айқындалмаған жарық беру шырақтары

Айналы шағылдырғыш және мөлдір шашыратқыш
(қорғаныс шыны)

70

75

100

75

150

75

250

85

400

95

600

100

Мөлдір құтыда металлгаллогенді шамдары бар, шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері

Жарық беру аспабының қолдану мақсаты

Конструктивті орындау

Жарық көзі шырақтарында пайдаланылатын номиналды,Ватт

Шырақтардың жарық беруі
нің барынша аз норма,Ватт

Қоғамдық үй-жайларға арналған шырақтар

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

70

55

100

55

150

60

250

65

400

65

Айналы шағылдырғыш және призматикалық шашыратқыш

70

65

100

65

150

65

250

70

400

70

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу саңылауы

70

70

100

70

150

70

250

75

400

75

Өндірістік үй-жайларға арналған
шырақтар

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

70

50

100

50

150

50

250

55

400

55

Айналы шағылдырғыш және призматикалық шашыратқыш

70

60

100

60

150

60

250

65

400

65

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу саңылауы

70

65

100

65

150

65

250

70

400

70

Сыртқы бағыты айқындалмаған жарық беру шырақтары

Айналы шағылдырғыш және мөлдіршашыратқыш
(қорғаныс шыны)

70

60

100

60

150

60

250

65

400

65

Жоғары қысымды сынап шамдары бар шырақтардың жарық беруінің аз нормаланған мәндері

Шырақтың қолдану мақсаты

Конструктивті орындау

Жарық көзі шырақтарында пайдаланылатын номиналды,
Ватт

Шырақтардың жарық беруі
нің барынша аз норма,
Ватт

Өндірістік үй-жайларға арналған шырақтар

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

125

35

250

35

400

35

Айналы шағылдырғыш және призматикалық шашыратқыш

125

40

250

40

400

40

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу тесігі

125

45

250

45

400

45

Сыртқы бағыты айқындалмаған шырақтары

Айналы шағылдырғыш және мөлдір ыдырату
(қорғаныс шыны)

125

40

250

40

400

40

Жарықдиодты шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері

Шырақтың қолдану мақсаты

Конструктивті орындау

Қисық жарық күшінің типі

Жарық көзі шырақ
тарында пайдаланылатын но
миналды, Ватт

Шырақ
тардың жарық беруі
нің барынша аз нор
ма, Ватт

Қоғамдық үй-жайларға арналған
шырақтар

Диффузиялық шашыратқыш

Косинусты (Д), терең (Г)

≤25

75

>25

85

Мөлдір призматикалық шашыратқыш

Косинусты (Д), терең (Г)

≤25

80

>25

85

Ашық шығу саңылауы бар

Косинусты (Д), терең (Г)

≤25

80

>25

90

Өндірістік үй-жайларға арналған
шырақтар

Диффузиялық шашыратқыш

Косинусты (Д), терең (Г), жартылай кең (Л)

≤25

70

>25

75

Кең (Ш)

≤25

65

>25

70

Мөлдір (призматикалық) шашыратқыш

Косинусты (Д), терең (Г), жартылай кең (Л)

≤25

75

>25

80

Кең (Ш)

≤25

70

>25

75

Ашық шығу саңылауы бар

Косинусты (Д), терең (Г), жартылай кең (Л)

≤25

80

>25

90

Кең (Ш)

≤25

75

>25

85

Сыртқы бағыты айқындалмаған жарық беру шырақтары

Мөлдір шашыратқыш (қорғаныс шыны)

Жартылай кең (Л),
кең (Ш)

>50

90

Жарық ағынын шашудың орта (30° ˂ 2g ≤ 80°) және кең (2g> 80 °) типті прожекторларының жарық беруінің hmin барынша аз нормаланған мәндері

Жарық беру аспабының жарық көздерінің типі

Жарық көзі шырақтарында пайдаланылатын номиналды/Ватт

Шырақтардың жарық беруі
нің барынша аз норма/Ватт

Жоғарғы қуатты натрий шамы

50 ÷ 100

65

150

75

250

85

400

95

600

100

Металдыгалогенды шамы

> 50

65

Жарықдиоды

> 25

85

Шырақтардың қуаты коэффициенттерінің мәндері

Жарық беру аспаптары

Қуат коэффициенті,
кемінде

сызықтық бір цоколды және екі цоколды люминесцентті шамы

0,90

Жоғарғы қуатты натрий шамы, металдыгалогенды шамы

0,85

5 Ваттан аспайтын қуатты тұтынатын жарықдиоды бар

0,5

5-тен 25 Ватті қоса алғандағы қуатты тұтынатын жарықдиоды бар

0,7

25 Ваттан астам қуатты тұтынатын жарықдиоды бар

0,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады