Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы

Жаңартылған

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 тамызда № 1124 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 267/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 86/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 267/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 251/36-V "Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі әлеуметтiк көмек көрсету тәртібі туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 824 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдедегі "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
М. Тулеутаев
      Астана қаласы мәслихаты
хатшысының міндетін
атқарушысы
С. Жүнісов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Астана қаласының Жолаушылар

      көлігі басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ЖКБ) басшысы                                    Б. Игенбердинов

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту,

      еңбек және әлеуметтік қорғау

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ЖҚЕӘҚБ) басшысы                                    Е. Оспанов

  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы "20" шілдедегі
№ 167/21-VI шішіміне
қосымша

Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 267/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3-тармақшасына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімші) әкімшісі болып табылатын "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі – бағдарлама) сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде ұсынылады.

      3. Бағдарламаны іске асыру мақсатында әкімшісінің, "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) және астананың көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияның арасындағы осы міндеттемелерді орындау талаптары мен тараптардың міндеттері ескертілген шарт жасалады.

      4. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажет болған жағдайда, сондай-ақ тоқсан сайын бір рет:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлық қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментімен – тәртіптің 5-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар туралы;

      әкімшімен – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасылар бойынша мәліметтер (электрондық және қағаз жеткізгіштерде) Басқармаға ұсынылады.

2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      5. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      2) жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлерге, сонымен қатар жасына байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;

      3) көп балалы аналарға;

      4) көп балалы отбасыларға;

      5) мүгедектігі бар адамдарға;

      6) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балаларға, оның ішінде ата-анасының (заңды өкiлдерінің) біреуіне;

      7) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына ұсынылады.

      6. Қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату үшін электрондық атаулы картасының түпнұсқасы негіз болып табылады.

      7. Басқарма:

      1) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде қызмет көрсететін тасымалдаушыларды (бұдан әрі – тасымалдаушылар) анықтайды;

      2) Астана қаласының аумағында қалалық жолаушылар көлігінің бағдарлары бойынша тасымалдауды ұйымдастырады;

      3) қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінің қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады;

      4) ай сайын осы тәртіптің 5-тармағында көрсетілген тасымалдаушылармен жүзеге асырылған азаматтарды тасымалдау бойынша атқарылған жұмыстардың актісін дайындау жолымен атқарылған жұмыстарды есепке алуды қамтамасыз етеді және келесі айдың 10-на дейін оларды әкімшіге ұсынады;

      5) осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражатты бөлуді тасымалдаушылар арасында қамтамасыз етеді.

      8. Әкімші:

      Басқарма арқылы, орындалған жұмыстардың актілері негізінде, көрсетілген қызметтер санына қарамастан және толық көлемде қаржыландырудың бекітілген жоспарына сәйкес осы тәртіптің 5-тармағында көрсетілген азаматтардың санаттарына тегін жол жүруге байланысты тасымалдаушылардың шығынын ішінара орнын толтыруды жүргізеді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады