Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 ақпанда № 1091 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Әкiм Ә. Исекешев

  Астана қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 158-158 қаулысына
қосымша

Астана қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 қаңтарда "Астана ақшамы" газетінде, 2004 жылғы 27 наурызда "Вечерняя Астана" газетінде жарияланған).
      2. "Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 3-1-323қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 389 болып тіркелген, 2005 жылғы 4 маусымда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      3. "Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы № 23-10-205қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 436 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 сәуірде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      4. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 23-502қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 581 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      5. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 23-2қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 619 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      6. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 23-754қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 648 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 қыркүйекте "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      7. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 158-336қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 722 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 мамырда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      8. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 158-279қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 803 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 наурызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      9. "2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 158-826 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 916 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады