"Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалдау төлемақысының мөлшерлемесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 113-1099 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 206-1011 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 маусымда № 1106 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 960 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 95783 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұттық экономика министрінің "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалдау төлемақысының мөлшерлемесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 113-1099 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 830 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 тамыздағы № 91 (3148) "Астана ақшамы", 2014 жылғы 16 тамыздағы № 90 (3166) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады