Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қаңтарда № 1149 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 84/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабы 3) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11, 12, 13-баптарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 12.04.2023 № 16/2-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім әділет орғандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
В. Досаев
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Астана қаласының Білім

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ББ) басшысы                                          Ә. Жангозин

      "Астана қаласының Денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ДСБ) басшысы                                    Қ. Надыров

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту,

      еңбек және әлеуметтік қорғау

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ЖҚЕӘҚБ) басшысы                                    Е. Оспанов

  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 221/25-VI шешіміне
1-қосымша

      Ескерту. Қағиданың атауында және бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабы 3) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11, 12, 13-баптарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Астана қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар);

      4) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      5) әлеуметтік көмек – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидада белгіленген тәртіпте атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      6) Әлеуметтік төлемдер орталығы – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы;

      7) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында аталған адамдар;

      8) ең төмен күнкөріс деңгейі – Астана қаласының статистика органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      9) еңбек ардагерлері – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында аталған адамдар;

      10) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында аталған адамдар;

      11) жетім бала (жетім балалар) – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар);

      12) көп балалы аналар – "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

      13) көп балалы отбасылар – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар;

      14) мерекелік күндер – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері, сондай-ақ БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдармен құрылтайшылық етілген халықаралық мерекелер және күндер;

      15) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балалар) – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;

      16) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      17) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      18) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Астана қаласында белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);

      19) учаскелік комиссия – белгіленген шегінен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысының болуы негізі бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Астана қаласы аудандары әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      20) Ұлы Отан соғысының ардагерлері – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында аталған адамдар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi, мөлшерi және түрлерi, сондай-ақ алушылар санаттарының тізбесі осы Қағидамен белгiленедi.

      3. Әлеуметтiк көмек Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Астана қаласының бюджетi әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.

      Әлеуметтiк көмек "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша әкімшісі "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – әкімші) болып табылатын тиiстi қаржы жылына Астана қаласының бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы алушылардың шоттарына ақшалай қаражат аудару жолымен көрсетіледі.

      6. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеткізушілерді (бұдан әрі – жеткізушілер) әкімші анықтайтын қызмет көрсету арқылы ұсынылады.

      7. Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары туралы мәліметтерді әкімшімен Әлеуметтік төлемдер орталығында, сондай-ақ осындай мәліметтерге ие қаланың басқа да ұйымдарында сұралады.

      8. Өтініш беруші толық емес және (немесе) дәйексіз мәліметтерді ұсынған, сондай-ақ өтініш беруші арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдарда тұратын жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Астана қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Азаматтардың дәйексіз мәлiмет беру салдарынан артық және (немесе) заңсыз төленген сомасын өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

      11. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды әкімші "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек қорын пайдалана отырып жүргізеді.

      12. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсыну әкімшіде қолжетімділік бар ақпараттық жүйелерден ақпаратты алу мүмкіндігі болғанда талап етілмейді.

2-бөлiм. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттары

      13. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттарына:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      4) еңбек ардагерлері;

      5) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында аталған адамдар (бұдан әрі – басқа да адамдар);

      6) зейнеткерлік жастағы адамдар, оның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер, зейнеткерлік жасқа жеткен жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

      7) мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      8) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар;

      9) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;

      10) көп балалы отбасылар, көп балалы аналар;

      11) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлерінің түлектері;

      12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз адамдар (бұдан әрі – табысы аз азаматтар);

      13) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдар;

      14) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;

      15) пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;

      16) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар жатады;

      17) зейнеткерлер және аймақтар бойынша ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы өтемақы алушылар ішінен Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер азаматтар.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 24.11.2021 № 105/15-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

3-бөлім. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек 2,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлеміндегі ақшалай төлемдер түрінде азаматтардың мына санаттарына беріледі:

      4 ақпанда (Бүкіләлемдік қатерлі ісікке қарсы күн) – қатерлі ісіктері бар балалар ішінен әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға;

      8 наурызда (Халықаралық әйелдер күні) – оның ішінде табысы аз азаматтар болып табылатын, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға;

      21-23 наурызда (Наурыз мейрамы) – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      7 мамырда (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға;

      31 мамырда (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға;

      1 маусымда (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға;

      30 тамыз (Қазақстан Республикасының Конституциясы күні) – зейнеткерлер және аймақтар бойынша ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы өтемақы алушылар ішінен Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер азаматтарға;

      1 қазанда (Қарттар күні) – жасы бойынша зейнеткерлерге және ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға;

      қазан айының екінші жексенбісінде "(Мүгедектігі бар адамдар күні) – мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      1 желтоқсан (Бүкіләлемдік ЖҚТБ-мен күрес күні) – адамның иммун тапшылығы вирусы туғызатын ауруынан зардап шеккен адамдар, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушылар ішінен әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға;

      16 желтоқсан (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) – Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 24.11.2021 № 105/15-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      15. 45 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек:

      15 ақпанда (Ауғанстаннан Кеңестің шектеулі әскери контингентін шығару күні) – Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;";

      26 сәуірде (Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні) – Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа да адамдарға беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 12.04.2023 № 16/2-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 09.08.2023 № 65/7-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. 9 мамырға (Жеңіс күні) әлеуметтік көмек мына санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 67 АЕК;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) – 35 АЕК;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) – 35 АЕК;

      басқа адамдарға, еңбек ардагерлеріне – 11 АЕК.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 25.05.2022 № 178/25-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      17. 25 қазан (Республика күні) күніне табысы аз азаматтарға 4,5 АЕК мөлшерінде ұсынылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 12.04.2023 № 16/2-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Әкімші әлеуметтік көмек алушылардан өтініштерді талап етпей, көрсетілген санаттарға жататын адамдардың тізімін қалыптастырады:

      тиісті негіздер азаматтардың Әлеуметтік төлемдер орталығының зейнетақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуы туралы мәліметтері, "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтері, "Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы) әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар туралы мәліметтері, сондай-ақ табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өздерінің мәліметтері негізінде осы Қағиданың 14, 15, 16-тармақтарында;

      Астана қаласы әкімдігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" МКҚК), Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері негізінде осы Қағиданың 50, 50-1 –тармақтарында.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Осы Қағиданың 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 28.04.2020 № 485/63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4-бөлім. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі 1-тарау. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша жалпы ережелер

      20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санаттарына жатқызу үшін мыналар:

      1) осы Қағиданың 33-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіруі;

      3) әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      4) белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      21. Әлеуметтік көмек осы Қағиданың 20-тармағында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің барлық кезеңіне бір рет тағайындалады.

      22. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауапты болады.

      23. Өтініші берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, әкімші тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      24. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек тек осыған ұқсас ақшалай төлемдерді ұсыну, қызметтерді немесе өзге де өтеулерді көрсету үшін негіздер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте болмаған жағдайда ұсынылады.

      25. Осы Қағиданың 20-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде әкімші өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.

      26. Учаскелік комиссия өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және әкімшіге жолдайды.

      27. Әкімші адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және қарауға құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      28. Арнайы комиссия көлемін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі жөнінде қорытынды шығарады.

      29. Осы Қағиданың 20-тармағында көзделген барлық негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде әкімші өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағиданың 23-тармағында көрсетілген жағдайда әкімші өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      30. Әкімші шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      31. Осы Қағиданың 20-тармағында көрсетілген өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 28.04.2020 № 485/63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      32. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту өтініш беруші ұсынған мәліметтердің толық емес, дәйексіздігі анықталған жағдайда жүзеге асырылады, ал Қағиданың 20-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде:

      өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек

      33. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар деп "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес:

      жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж азаматтар);

      дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі бар (осы Қағиданың 13-тармағы 13) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған (осы Қағиданың 13-тармағы 14) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      пробация қызметінің есебінде тұрған (осы Қағиданың 13-тармағы 15) тармақшасында көрсетілген азаматтар) азаматтар танылады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 24.11.2021 № 105/15-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      34. Осы тараудың шеңберінде әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде ұсынылады және медициналық көрсеткіштерге сәйкес медициналық қызметтерді алу, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрілік заттарды жедел сатып алу үшін қаржылық қаражаттың аса қажеттілігін жоюға арналған.

      35. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан әкімшіге мына құжаттарды қоса отырып өтініш береді:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;
      2) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға байланысты адамның болған шығындарын растайтын құжаттар (бақылау-касса машинасының чектердің көшірмелері, рецептер, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт және тағы басқа);
      3) екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.05.2021 № 36/5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 24.11.2021 № 105/15-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      36. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      37. Әлеуметтік көмектің көлемі 20 АЕК аспайтын өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 12.04.2023 № 16/2-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      38. Әлеуметтік көмекті тағайындауға хабарласқан азаматтардың өтініштерін әкімші көрсетілген өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қарастырады.

3-тарау. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру негіздері бойынша әлеуметтік көмек

      39. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде:

      жалғыз болып табылатын тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК;

      отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 150 АЕК мөлшерінде ұсынылады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 25.05.2022 № 178/25-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      40. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан әкімшіге мына құжаттарды қоса отырып өтініш береді:
      1) жеке басты куәландыратын құжат;
      2) табиғи зілзала немесе өрт фактісі мен келтірілген зиянның дәрежесін растайтын құжаттар;
      3) өтініш берушіге жоғалған, бүлінген тұрғын үйдің тиесілігін растайтын құжаттар:
      жеке меншiк құқығында тиесiлiге - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарының болмауы (болуы) жөніндегі анықтама және құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      өзге де заңды негіздерде тұрып жатқандар үшін - тұрғын үйді ұстау бойынша меншік иесі белгіленген міндеттемемен тұру құқығына құжаттың көшірмесі;
      4) қаза болған жағдайда – отбасы мүшесінің қайтыс болу фактісін және оған қатысты туыстығын растайтын құжаттар;
      5) екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.05.2021 № 36/5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімдерімен.

      41. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      42. Әкімші табиғи зілзала немесе өрт жағдайы пайда болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әлеуметтік көмек алуға келіп түскен өтініштерді қарайды.

4-тарау.
Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы негізінде және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 25.05.2022 № 178/25-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      43. Әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек белсендi туберкулезбен ауыратын азаматтарға Астана қаласы әкімдігінің "Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансерi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрi – Туберкулезге қарсы диспансер) диспансерлiк есепте тұрған және амбулаторлық емделудегi азаматтарға 10 АЕК ай сайынғы ақша төлемдері түрінде ұсынылады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      44. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме төмендегi құжаттарды қоса отыра ай сайын Туберкулезге қарсы диспансері ұсынатын, осы Қағиданың 43-тармағында көрсетілген азаматтардың тiзiмi (бұдан әрi – тiзiм) болып табылады:
      1) осы Қағиданың 43-тармағында көрсетілген азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      45. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      46. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      47. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      48. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      49. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      50. 25 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша:

      адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы – "ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" МКҚК диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

      қатерлі ісіктер – қаланың медициналық ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балаларға тиісті ауруы бойынша ұсынылады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 26.08.2020 № 530/71-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      50-1. 5 АЕК мөлшеріндегі тоқсан сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы – "ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" МКҚК диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа толған адамдарға.

      Ескерту. Қағида 50-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 26.08.2020 № 530/71-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      50-2. Әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсына отырып, өтініш бойынша босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей, бір рет 15 АЕК мөлшерінде көрсетіледі және қайта ұсынылмайды.

      Ескерту. Қағида 50-2-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 25.05.2022 № 178/25-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      51. Осы Қағиданың 43, 50, 50-1-тармақтарына сәйкес ұсынылатын әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар және 50-2-тармағында көрсетілген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы мәліметтер әкімшінің қызметкерлерінің жариялауына жатпайды.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 25.05.2022 № 178/25-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

5-тарау. Белгіленген шегінен аспайтын жан басына шаққандағы табысының болуы негізі бойынша әлеуметтік көмек §1. Табысты есепке алусыз әлеуметтік көмек

      52. Әлеуметтік көмек мына тегін қызметтер және ақшалай төлемдер түрінде табысын есепке алусыз азаматтардың мына жекелеген санаттарына:

      1) тісті протездеу:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      мүгедектігі бар адамдарға;

      жасы бойынша зейнеткерлерге;

      табысы аз азаматтардың ішінен көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға (аналарға);

      мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасыларға (ата-аналардың біреуіне);

      2) шипажайлық-курорттық емделу:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы

      1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте ақталған қатысушылар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;

      жолдама құнының 25%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге;

      жолдама құнының 18%-ын төлеумен еңбек ардагерлеріне, ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге;

      2-1) санаторлық-курорттық емдеу шығындарының орнын толтыру:

      абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) алып жүруші адамдарға;
      3) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету:
      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      4) коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді күтіп ұстауға, телефонға абоненттік төлемдерді төлеуге:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, теңестірілген ардагерлерге, басқа да адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;

      5) астананың ресми мерзiмдi баспасөз басылымдарына жазылуға, моншаларға, шаштараздарға, мәдени ойын-сауық, спорттық іс-шараларға баруға арналған ақшалай төлемдер:
      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ұсынылады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.05.2021 № 36/5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 24.11.2021 № 105/15-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 198/27-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Астана қаласы мәслихатының 12.04.2023 № 16/2-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      53. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге өтінішке қоса мына құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;
      2) тісті протездеу түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін уәкілетті медициналық ұйым берген тісті протездеу, ауыз қуысын тазалау қажеттілігі жөнінде медициналық қорытынды;
      3) шипажайлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін шипажайлық-курорттық карта;
      4) дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін уәкілетті медициналық ұйым берген дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, гигиена және күтім көрсету заттарына рецепт;

      5) коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді күтіп ұстауға, телефонға абоненттік төлемдерді төлеуге ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек үшін тұрып жатқан тұрғын үйдің шаршы метрін растайтын (техникалық паспортпен құқық белгілейтін құжат) құжаттың көшірмесі (Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін);
      6) екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.05.2021 № 36/5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 24.11.2021 № 105/15-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      53-1. Осы Қағидалардың 52-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші санаторлық-курорттық емдеуден кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей келесі құжаттарды қоса бере отырып, әкімшіге өтініш ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;

      2) шот-фактура немесе фискалды чек;

      3) атқарылған жұмыстар актісі;

      4) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.

      Ескерту. 53-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.05.2021 № 36/5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      54. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      55. Тiсті протездеуге (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтiк көмек екi жылда бiр рет осы Қағиданың 52-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарынан азаматтарға ұсынылады.

      56. Тіс протездеуге әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда тіс шектерін, пародонт ауруларын емдеуді, медициналық манипуляция жүргізумен (инъекция, рентгенге түсіру және т.б.) тісті жұлуды қамтитын ауыз қуысын протез алды тазалау жүзеге асырылады.

      57. Әкiмшi тіс протездеу бойынша қызмет жеткізушілерімен шарт жасасқан кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тiстерiн протездеуге тiркеу жүргiзетiн орындар мен мерзiмдерi туралы хабардар етедi.

      58. Шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек осы Қағиданың 52-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген санаттары ішінен азаматтарға жеткізушілер базасында шипажайлық-курорттық емделуден өту үшін бағыттама-жолдамаларды ұсыну арқылы берiледi.

      Әкімші осы Қағиданың 52-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген санаттары ішінен сексен жасқа толған азаматтарды шипажайлық емделуден өту кезінде ерітіп жүретін адамның тұруына және тамақтануына төлем жүргізеді.

      Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 26.08.2020 № 530/71-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      58-1. Санаторлық-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу түріндегі әлеуметтік көмек осы Қағиданың 52-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген азаматтардың қатарынан бір адамға, олар санаторлық-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезеңге нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 35 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі.

      Әкімші өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде өтініш қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмекті ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушінің жеке шоттарына есептеуді жүргізеді.

      Ескерту. 58-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.05.2021 № 36/5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 24.11.2021 № 105/15-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      59. Шипажайлық-курорттық емделу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады.

      Санаторий-курорттық емдеуден өту мерзімі күнтізбелік он төрт күнді құрайды.

      Шипажайлық-курорттық емделу құқығы күнтiзбелiк жылға бір реттен артық емес ұсынылады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 28.12.2022 № 298/37-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 09.08.2023 № 65/7-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      60. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құны шипажайлық-курорттық емделушінің жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      61. Әкiмшi келiп түскен өтiнiштерге сәйкес жеткiзушi ұсынған келу кестесiне сәйкес өтініштердің келіп түсуі кезегі тәртiбiмен әлеуметтік көмекті алуға азаматтардың тiзiмiн жасайды.

      Шипажайлық-курорттық емделуден өтiнiш берушi өз талабы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама әкiмшiге қайтарылуы және кезекке сәйкес басқа өтiнiш берушiге берiлуi тиiс.

      62. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, шипажайлық-курорттық емделуге құқығы мүмкіндігінше келу кестесіне сәйкес басқа кезеңнің жолдамасына, бірақ ауыстырылуға тиіс жолдамада көрсетілген келу басталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.

      63. Жолдаманы алуға келу қажеттiлiгi жөнiнде өтiнiш берушiге әкiмшiнiң екi рет поштамен жолданған жазбаша хабарламалары бойынша хабарласпаған жағдайда, берiлген өтiнiш бойынша шипажайлық-курорттық емделу ұсынылмайды.

      64. Әкiмшiнiң бiрiншi басшысы (немесе оның орынбасары) қол қойған және мөрмен бекiтiлiп берiлген жолдамада шипажайлық-курорттық емделуге құқылы тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiледi.

      65. Амбулаторлық емделуде дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге әлеуметтiк көмек дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, гигиена және күтім көрсету заттарын (бұдан әрі – дәрілік заттар) тегін беруден тұрады және осы Қағиданың 52-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарынан азаматтарға көрсетіледі.

      66. Әкiмшi осы Қағида шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн уәкілетті медициналық ұйымға жыл сайын 3 қаңтарға дейiн ұсынады және қажет болған жағдайда оны жаңартады.

      67. Осы Қағиданың 52-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген санаттарға жататын дәрiлік заттарға мұқтаж азаматтар уәкілетті медициналық ұйымға дәрiлік заттарға белгiленген үлгiдегi рецептi алуға хабарласады.

      68. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      69. Уәкілетті медициналық ұйым берген дәрiлік заттардың рецептері негізінде дәрiлік заттарды беру жеткізушілердің дәрiханалық мекемелерiнде жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынған жағдайда жiберiледi.

      70. Коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшайлай төлемдер осы Қағиданың 52-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарындағы азаматтарға тағайындалады.

      71. Тұрғылықты орны немесе пайдаланатын тұрғын үйдің алаңы өзгерген жағдайда, әлеуметтік көмек алушы ол жөнінде әкімшіні өзгерген кезден бастап он күн ішінде хабардар етуі тиіс. Ақшалай төлемдерді қайта есептеу хабардар етілген айдан бастап жүргізіледі.

      72. Ақшалай төлемдер ай сайын мына мөлшерлерде беріледі:
      1) абаттандырылған пәтерлерде тiркелген және тұратын, пайдаланатын тұрғын үйдің алаңына байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне:
      35 ш.м-ге дейiн – 1 АЕК;
      35 ш.м-ден 50 ш.м-ге дейiн – 6 АЕК;
      50 ш.м-ден 80 ш.м-ге дейiн – 7 АЕК;
      80 ш.м-ден бастап және одан жоғары – 8 АЕК;
      2) жеке тұрғын үйлерде тiркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 5 АЕК;

      3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 4,5 АЕК;
      4) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi қатарынан басқа да адамдарға – 4,4 АЕК.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 24.11.2021 № 105/15-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Астана қаласы мәслихатының 09.08.2023 № 65/7-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      73. Көрсетілген ақшалай төлемге құқығы бар бiрнеше адам бiр тұрғылықты мекенжай бойынша тiркелген жағдайда, төлем тек қана бiреуiне жүргiзiледi.

      74. Осы Қағиданың 52-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарынан Астана қаласының ресми мерзiмдi баспасөз басылымдарына жазылуға, моншаларға, шаштараздарға, мәдени ойын-сауық, спорттық іс-шараларға баруға жылына бір рет 6,5 АЕК көлемінде ақшалай төлем жүзеге асырылады.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

§2. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      75. Төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі нысанында оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтік көмек қаланың жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерi қатарынан:

      жетiм балаларға;

      балалар үйлерiнiң түлектерiне;

      бала жасынан мүгедектігі бар адамдарға;

      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      көп балалы отбасының балаларына беріледі (оның ішінде, білім ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін ағымдағы жылы үлкен баланың кәмелетке толуына байланысты).

      Ескерту. 75-тармаққа өзгерістер енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 361/45-VI  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.05.2019 № 385/50-VI  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      76. Әлеуметтік көмек қаланың тиiстi жоғары оқу орнында оқудың нақты құны мөлшерiнде және тиiстi қаржы жылына қала бюджетiнде осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегiнде көрсетіледі.

      77. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге төмендегі құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      3) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);

      4) көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжаттың көшірмесі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшiн);

      5) туу туралы куәліктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);

      6) Астана қаласының орта мектебін бітіргені туралы аттестат;

      7) Ұлттық бiрыңғай тестiлеу немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеу (бұдан әрi – тестiлеу) нәтижелерi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификат;

      8) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.05.2021 № 36/5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      78. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      79. Әкімші әлеуметтік көмек алуға үміткерлерден құжаттарды қабылдауы жыл сайын 1 шілдеден 21 тамызға дейін (қоса алғанда) өтеді.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 24.11.2021 № 105/15-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      80. Бiлiм басқармасы 1 мамырға осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан ағымдағы жылы жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiнiң тiзiмдерiн әкімшіге ұсынады.

      81. Әлеуметтік көмек алуға үмiткерлердi iрiктеу Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі нысанда оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде Астана қаласы әкімдігінің жанында арнайы құрылған комиссиямен тестiлеу кезiнде ең жоғары алған ұпай саны бойынша осы Қағиданың 75-тармағында көрсетілген санаттардан жүргiзiледi.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      82. Iрiктеу осы Қағиданың 75-тармағында келтiрiлген ретімен көрсетілген санаттардың әрқайсысының шегiнде жүргiзiледi.

      83. Тестiлеу кезiнде қажеттi ең төменгi баллды жинай алмаған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

      83-1. Астана қаласы әкімдігінің жанынан арнайы құрылған Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу түріне ақы төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі Комиссия алдағы әрбір оқу жылына арналған мамандықтар тізбесін бекітеді.

      Ескерту. 5-тарау 83-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 28.12.2022 № 298/37-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      84. Әкiмші әлеуметтік көмекті тағайындалғаннан кейін қаланың жоғарғы оқу орындарымен және әлеуметтік көмек алушылармен бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге шарттар (бұдан әрi – шарт) жасасады.

      85. Әкiмші шартқа қол қойылғаннан кейiн он банктік күн ішінде оқуға әлеуметтік көмек алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен алғашқы оқу жылына төлемақы жүргiзедi.

      Оқуға әлеуметтік көмек алушы ақшалай қаражаттар түскеннен кейін үш банктік күн ішінде оқуға төлемақы жүргізеді және әкімшіге төлеу туралы түбіртекті ұсынады.

      86. Келесi оқу жылдарына әлеуметтік көмек жыл сайын оқу жылының басында жүргiзiледi.

      87. Әкiмші жоғарғы оқу орнымен бiрiгiп, әлеуметтік көмек алушының оқуға қабылданған кезiнен бастап оның оқуын бақылауды жүзеге асырады.

      88. Жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi үлгерiмi төмен болғаны, себепсiз үнемi оқуға қатыспағаны немесе әлеуметтік көмек төлем есептеу және/немесе тоқтату үшiн негiз болып табылатын оқу орнының Жарғысына сәйкес басқа да оқу тәртiбiн бұзғаны жөнінде әкiмшіні уақтылы хабардар етуге тиіс.

      89. Егер әлеуметтік көмек алушы оқудан шығарылса, жоғарғы оқу орны бес күн iшiнде бұйрықтың көшiрмесiн ұсынып, әкiмшіні хабардар етедi.

      90. Әлеуметтік көмек алушы жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда әкімші әлеуметтік көмек тағайындау үшін көзделген тәртіпте жоғарғы оқу орны әкiмшiлiгiнiң ұсынысы бойынша оқудан шығарылған студенттің орнына осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан бейiндi мамандық бойынша осындай жоғарғы оқу орнының басқа студентiмен ауыстырады.

      Бейiндi мамандық шегiнде ауыстыру үшiн үмiткер болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi басқа мамандық бойынша студенттi ұсынады, осындай үмiткерлер болмаған жағдайда, басқа жоғарғы оқу орнының осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан студентіне ауысады.

      Аталған жоғарғы оқу орнында үміткер болмаған жағдайда әкiмші қаланың басқа жоғары оқу орындарынан ауыстыру үшiн үмiткердi сұрастырады.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 361/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      91. Оқудан шығарылған студенттiң орнын ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орны оқу шығындарын шегеру есебiмен Астана қаласының бюджетiне төленген қаражатты қайтаруды жүргiзедi.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      92. Жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда оқуға төленген сомалар әлеуметтік көмек алушыдан өндiрiлмейдi.

      93. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шыққан әлеуметтік көмек алушы қайтадан оралғаннан кейiн одан әрi әлеуметтік көмек алуына болады.

      94. Жоғарғы оқу орнын бiтiрген соң және тиiстi үлгiдегi дипломды алғаннан кейiн оқуға әлеуметтік көмек алушы он күн мерзiм iшiнде ол туралы әкiмшіні хабардар етедi.

"§ 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына қатты отынды сатып алуға және тұрғын үйді газдандыруға әлеуметтік көмек

      Ескерту. 3 параграфтың атауы жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 26.08.2020 № 530/71-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      95. Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне жүргізіледі.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 28.12.2022 № 298/37-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      96. Өтемақы жылыту маусымына 16 АЕК көлемінде жүргiзiледi.

      Ескерту. 96-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      97. Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек бiреуiне ғана берiледi.

      98. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде әкiмшiге мына құжаттарды қосып өтініш ұсынады:
      1) жеке басты куәландыратын құжат;
      2) газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт және т.б.);
      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
      4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері, жергілікті атқарушы органның қаулысы не бұйрығы);
      5) жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама.
      6) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат – жалға алушылар үшін;
      7) екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.05.2021 № 36/5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 28.12.2022 № 298/37-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      99. Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      99-1. Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Астана қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне жүргізіледі.

      Ескерту. Қағида 99-1-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 26.08.2020 № 530/71-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 28.12.2022 № 298/37-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      99-2. Әлеуметтік көмектің көлемі 130 АЕК аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

      Ескерту. Қағида 99-2-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 26.08.2020 № 530/71-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 16.03.2022 № 145/22-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      99-3. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге Қағиданың 98-тармағында көзделген құжаттарды қосып өтініш ұсынады.

      Ескерту. Қағида 99-3-тармақпен толықтырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 26.08.2020 № 530/71-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Астана қаласының
әлеуметтiк көмек көрсету,
оның мөлшерлерiн белгiлеу
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидаларына
1-қосымша

Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 10.03.2021 № 13/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.04.2023 № 16/2-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      20 жылғы " " ____________________________________________________________________
(елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________
____________________________________________________________________
      2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
____________________________________________________________________
      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш
берген өмірдегі қиын жағдай __________________________________________
____________________________________________________________________.

            4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

































      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________.
      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
____________________________________________________________________.

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6







      6. Мыналардың:
      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:
____________________________________________________________________
      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:
___________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
__________________________ ____________________________________
      Комиссия мүшелері:
__________________________ ____________________________________
__________________________ ____________________________________
__________________________ ____________________________________
      (қолдары)                   (тегі, аты, әкесінің аты)
      Жасалған актімен таныстым: _______________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
___________________________________________________________________
      Тексеру жүргізілуден бас тартқан ______________________
      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
      Күні _______

  Астана қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
2-қосымша

Учаскелiк комиссияның № ____ қорытындысы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2022 № 268/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.04.2023 № 16/2-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      20____ жылғы "__" _________

      Учаскелiк комиссия Астана қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)

      ________________________________________________________________________________

      (өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)

      өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде

      ________________________________________________________________________________

      (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы) адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы:

      __________________ _______________________

      Комиссия мүшелерi:

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      (қолдары)            (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берiлген құжаттармен ___ данада 20__ жылғы "___" ____ қабылданды

      ________________________________________________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған уәкілетті органның Т.А.Ә., лауазымы, қолы

  Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
3-қосымша

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 12.04.2023 № 16/2-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
4-қосымша

Амбулаторлық емделу кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, гигиена және күтім көрсету заттарының тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№221/25-VI шешіміне
2-қосымша

Астана қаласы мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 822 болып тіркелді, 2014 жылғы 23 шілдеде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      2. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 290/41-V "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 845 болып тіркелді, 2014 жылғы 25 қазанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      3. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 399/55-V "Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 933-1 болып тіркелді, 2015 жылғы 29 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      4. Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 34/7-VI "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1039 болып тіркелді, 2016 жылғы 23 шілдеде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      5. Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 85/13-VI "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1086 болып тіркелді, 2016 жылғы 29 желтоқсанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады