"Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке беру кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № А-3/123 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 6С-9-13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 5936 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелерін жеке меншікке беру кезінде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2015 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасында:
      "Воздвиженка ауылы" сөздері "Нұресіл ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Т.Болатов
      Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады