Байланыс формасы

2018 жылға арналған Көкшетау қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № А-10/3924 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қарашада № 6169 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, 2018 жылға арналған Көкшетау қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, 2018 жылға арналған Көкшетау қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, 2018 жылға арналған Көкшетау қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е.Маржықпаев

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "30" қазандағы
№ А-10/3924 қаулысына
1 қосымша

2018 жылға арналған Көкшетау қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдар атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Ақмола облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

843

0,1

2

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Ақмола облысы балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

430

0,2

3

"Орталық базар" акционерлiк қоғамы

230

0,4

4

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

263

0,4


  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "30" қазандағы
№ А-10/3924 қаулысына
2 қосымша

2018 жылға арналған Көкшетау қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдар атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

"Тыныс" акционерлiк қоғамы

711

0,1

2

"Швейная фабрика ДИАС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

1,4

3

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы "Көкшетау Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

648

0,2


  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "30" қазандағы
№ А-10/3924 қаулысына
3 қосымша

2018 жылға арналған Көкшетау қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдар атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізуге құқылы "Көкшетау Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

329

0,3

2

"Швейная фабрика ДИАС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

1,4

3

"Кокшетауавтодор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

83

1,2

4

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы "Көкшетау Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

648

0,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады