Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 6С-7/4 "Степногорск қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № 6С-19/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қыркүйекте № 6087 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 6С-55/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 30.06.2020 № 6С-55/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 6С-7/4 "Степногорск қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5514 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      қосымшадағы 1-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2) Тәуелсіздік даңғылы Демалу аймағының сквері;";

      қосымшадағы 2-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1) Поколений скверінен бастап Республика даңғылы бойымен Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Мирас" Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның алдындағы алаңына дейін;

      2) Құрылысшылар айналмалы жолынан бастап Тәуелсіздік даңғылы бойымен Демалу аймағы скверіне дейін;".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
О.Джагпаров
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының
әкімі
Ә.Күмпекеев

      22.08.2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады