Атбасар ауданы Сепе ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылы әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 6294 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтын пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Сепе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сепе ауылының көшелері қайта аталсын:

      № 5 көшесі - Болашақ көшесіне;

      № 13 көшесі - Бірлік көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сепе ауылының әкімі Е.Молдабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады