Бұланды ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № а-06/197 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 шілдеде № 6015 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № А-11/412 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 07.12.2021 № А-11/412 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұланды ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау сол сұрақты жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Испергенов

Об установлении квоты для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда по Буландынскому району

Постановление акимата Буландынского района Акмолинской области от 15 июня 2017 года № а-06/197. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 13 июля 2017 года № 6015. Утратило силу постановлением акимата Буландынского района Акмолинской области от 7 декабря 2021 года № А-11/412

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Буландынского района Акмолинской области от 07.12.2021 № А-11/412 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14010), акимат Буландынского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда по Буландынскому району, организациям со списочной численностью работников:

      от пятидесяти до ста человек - в размере двух процентов списочной численности работников;

      от ста одного до двухсот пятидесяти человек - в размере трех процентов списочной численности работников;

      свыше двухсот пятидесяти одного человека - в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима, курирующего данный вопрос.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким района К.Испергенов