Бұланды ауданы бойынша 2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қазандағы № А-10/346 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қазанда № 6134 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұланды ауданы бойынша 2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бұланды ауданы бойынша 2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Бұланды ауданы бойынша 2018 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының
әкімі
Қ.Испергенов

  Бұланды ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 17 қазандағы
№ А-10/346 қаулысына
1 қосымша

Бұланды ауданы бойынша 2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері (%)

1

"Даниловское и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49

2

2

"Бұланды ауданы, Купчановка ауылы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

145

0,7


  Бұланды ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 17 қазандағы
№ А-10/346 қаулысына
2 қосымша

Бұланды ауданы бойынша 2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері (%)

1

"Бұланды ауданы, Купчановка ауылы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

145

0,7

2

"Бұланды-Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

47

2,1

3

"Даниловское и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49

2


  Бұланды ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 17 қазандағы
№ А-10/346 қаулысына
3 қосымша

Бұланды ауданы бойынша 2018 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері (%)

1

"Бұланды ауданы, Купчановка ауылы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

145

0,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады