2018 жылға арналған Ерейментау ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № а-10/361 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қарашада № 6163 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, 2018 жылға арналған Ерейментау ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, 2018 жылға арналған Ерейментау ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының
әкімі
Е.Нұғыманов

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 30 қазандағы
№ а-10/361 қаулысына
1-қосымша

2018 жылға арналған Ерейментау ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдар атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

"Аккорд-НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6

50

2

"Мандаев" жеке кәсіпкер

9

11,1


  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 30 қазандағы
№ а-10/361 қаулысына
2-қосымша

2018 жылға арналған Ерейментау ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 02.10.2018 № а-10/347 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымдар атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

"Мандаев" жеке кәсіпкер

9

11,1

2

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Ерейментау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

450

0,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады