Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылдық округінің Күншалған ауылында көшелерді қайта атау туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 6290 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде Күншалған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылдық округінің Күншалған ауылында көшелер қайта аталсын:

      1) 30 лет Победы көшесі Азаттық көшесіне;

      2) В. И. Ленин көшесі Атамұра көшесіне;

      3) Дружба көшесі Сарыарқа көшесіне;

      4) Новая көшесі Жібек жолы көшесіне;

      5) Энергетиков көшесі Береке көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Күншалған ауылдық
округінің әкімі
Т.Айланыш

О переименовании улиц в селе Куншалган Куншалганского сельского округа Ерейментауского района Акмолинской области

Решение акима Куншалганского сельского округа Ерейментауского района Акмолинской области от 20 декабря 2017 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 8 января 2018 года № 6290

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения населения и на основании заключения заседания Акмолинской областной ономастической комиссии от 24 октября 2017 года, аким Куншалганского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Переименовать улицы в селе Куншалган Куншалганского сельского округа Ерейментауского района Акмолинской области:

      1) улицу 30 лет Победы на улицу Азаттык;

      2) улицу В. И. Ленин на улицу Атамура;

      3) улицу Дружба на улицу Сарыарка;

      4) улицу Новая на улицу Жибек жолы;

      5) улицу Энергетиков на улицу Береке.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Куншалганского
сельского округа
Т.Айланыш