Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4 "Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 қазандағы № 13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қазанда № 6118 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Еркіншілік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4 "Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4899 тіркелді, 2015 жылғы 8 тамызда "Ереймен", "Ерейментау" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еркіншілік ауылдық
округінің әкімі
Ж.Амангелдінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады