Біржан сал ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № С-10/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 5871 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 29.03.2018 № С-22/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 29.03.2018 № С-22/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі айқындалсын:

      1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

      2) шығындарды өндіріп алу білдірген айдан бастап "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген      мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

      3) шығындарды өндіріп алу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш мөлшері айқындалсын.

      3. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № С-32/4 "Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4447 тіркелген, 2014 жылдың 27 қарашасында аудандық "Жаңа дәуір" - "Сельская новь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
О.Ганеева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының әкімі
А.Қиықов

      "13" наурыз 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады