Ақмола облысы Жақсы ауданы Белағаш ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы Белағаш ауыл әкімінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 наурызда № 5822 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Белағаш ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Белағаш ауылының көшелері қайта аталсын:
      Ленин көшесін Береке көшесіне;
      Советская көшесін Сарыарқа көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Белағаш ауылының әкімі А.Сыздықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады