Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № А-1/66 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 5776 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Целиноград ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.Н.Әбуталиповке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттік тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі М.Тәткеев

  Целиноград ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "17" ақпан
№ А-1/66 қаулысына
қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар

№ р/т
Өлшемшарттар атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион нысанындағы жекешелендіру
2
Сату шартын белгілеу арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса
Тендер нысанындағы жекешелендіру

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады