Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қазандағы № 307 "2010-2011 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 178 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 143 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 мамырда № 5508 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қазандағы № 307 "2010-2011 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 178 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3347 тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашада "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады